Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05102 Биотехнология в Қазақ ұлттық аграрлық университеті

  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың дағдыларын дамытудағы негізгі принциптер: - ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; - аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; - магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 5

    Курс педагогика ғылымын және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орнын, қазіргі білім беру парадигмасы, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, маман тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру, білім берудегі менеджмент қарастырады. Педагогика ғылымының әдіснамасы, оқытудың әдістері мен формалары туралы түсінік беріледі. Оқытушының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін ашуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Білім алушылардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады. Сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімдер береді. Ғылымға және ғалымдарға қажеттілік күшейіп отырған қазіргі заманда бұл пәнді зерттеу қоғам үшін де, жас ізденуші үшін де аса маңызды. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылымның білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білім қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тағам диагностикасы
    Несиелер: 5

    Пәнде негізгі теориялық және әдістемелік аспектілер бойынша білім мен біліктілік кешенін қалыптастырады, оларды физика-химиялық, биохимиялық және органолептикалық әдістердің мәні мен оларды тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тағам өнімдеріне диагностикалық технологияларды қолданып, тағам өнімдерінің сапасын бақылауды зерттеуге қолдану ерекшеліктерімен танысады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Биотехнологияның заманауи әдістері
    Несиелер: 5

    Пән биотехнологиядағы мембраналық құрылымдарды зерттеу мен ондағы қолданылатын физикалық және био-физикалық, протеомдық талдаулар, нуклеин қышқылда-рын бөліп алу және талдау, генетикалық инженерия, им-мунологиялық, иммунобиотехнология мен бағана клет-каларының биотехнологиясын және оларды қолдану тех-нологияларын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Заманауи тағам қоспалары
    Несиелер: 5

    «Заманауи тағам қоспалары, пайдалану ерекшеліктері» пәнінің бағдарламасы магистранттарға келесі мәселелерден тереңдетілген білім беруді өзінің мақсаты ретінде қарайды: функционалды тағамдық ингредиенттер; витаминдермен және минералдық заттармен байытылған өнімдер; тағамдық өнімдерді микронутриенттермен байытудың негізгі принциптері; поливитаминді және витаминді-минералды премикстер; технологиялық өндіру үрдістерінің байытылған өнімдердің сапасына әсері және олардағы витаминдердің сақталуы; йодпен байытылған өнімдер; микробиологиялық қауіпсіздік; тағамдық талшықтардың қолданылуы; екіншілік өсімдік өнімдерімен байыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Рекомбинантты ДНК биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Пәнде нуклеаздарды шектеу арқылы ДНҚ-ның ерекше бөлінуі, тазаланған ДНҚ фрагментіндегі барлық нуклеотидтердің дәйектілігі мен нуклеин қышқылының гибридизациясы енгізілген. Курстың ерекшелігі ДНҚ-ны клондау мен гендік инженерия, бактериялық жасушалардан плазмидті ДНҚ-ны оқшаулау және талдау, бактериялар мен ашытқы жасушаларына бөгде ДНҚ-ны енгізу, прокариоттық жүйелерінде клондалған гендердің экспрессиясы (дәлділігі) мен рекомбинантты E.coli жасушаларын өсіру қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоршаған орта биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты қатты тұрмыстық қалдықтарды, сарқынды суларды тазарту және жоюдың биологиялық әдістері, биоремедиация, оның әдістері мен технологиялары, қоршаған ортаны биоремедиациялау: ауыр металдардың биодеградациясы, мұнай мен мұнай өнімдерінен тазарту, атмосфераны биоремедиациялау, биотехнология және технологияларды жасылдандыру, биопестицидтер мен бактериялық тыңайтқыштарды жасау технологиясын игері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Салалық биотехнология мен селекцияның қазіргі мәселелері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты магистранттарды ашыту өндірістері саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен таныстыру, субстратты таңдау мәселесі және технологиялық процестің негізгі кезеңдері, оларды оңтайландыру тәсілдері болып табылады. Пәнді оқытудың міндеттері спирт, сыра қайнату және шарап жасау өндірісінде қолданылатын микроорганизмдер мен ашытқылар болып табылады. Ақуыз препараттарын, биологиялық белсенді қоспаларды және функционалдық азық-түлік өнімдерін өндіру. Жеке органикалық қышқылдардың микробиологиялық өндірісі (лимон, алма, аспарагин қышқылы). Мутагенез, микроорганизмдер селекциясындағы жасушалық және генетикалық инженерия.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дәрілік өсімдіктердің биотехнологиясы
    Несиелер: 6

    өнеркәсіптік өндірісте өсімдік объектілерін пайдалану туралы түсінік қалыптастыру. Фитохимиялық құрамды зерттеу және дәрілік өсімдіктерді ветеринария мен медицинада қолдану. In vitro (жасанды қоректік ортада) дәрілік өсімдіктердің жасушалары мен тіндерінің мәдениетін зерттеу. Трансгенді дәрілік өсімдіктер туралы түсінік. Дәрілік өсімдіктер негізінде Медициналық және ветеринариялық препараттарды жасау үшін қолданылатын биотехнология әдістері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ферменттік препараттарды өндіру және оларды өнеркәсіпте қолдану
    Несиелер: 6

    Пәнді меңгеру нәтижесінде магистр өз кәсіби міндеттерін орындауды қамтамасыз ететін білім, дағдылар мен қабі-леттерге ие болады. Пән магистрлерді микробты фер-ментті препараттар өндірудің негізгі технологиялық ке-зеңдерін, культивирлеу (өсіру) үрдісінде ферменттерге биосинтездің әсер ететін факторларын, жануарлардың мүшелері мен ткандары, микроағзалар және өсімдіктер культураларынан ферменттік препараттарды алу мен ферменттік ерітінділерді тазалау әдістерін, иммоболиз-денген ферментті препараттардың қасиеттері және алы-нуын, құрғақ ферментті препараттарды алу, негізгі фер-менттер амилаза, целлюлаза, ������емицеллюлаза, пектиназа, липаза, протеаза және оксидоредуктазалардың қасиеттері мен әсер ету механизмі мен ферменттерді тағам өндірі-сінде қолданудың негiзгi бағыттарын көрсетедi.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Биотехнологиядағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Магистранттардың табысты педагогикалық қызметтегі білімі мен дағдыларын қалыптастыру, биотехнологиядағы жалпы ғылыми әдістер мен білімдерін, дағдыларын қалыптастыру, жасушалық биологияның әдістемелік негіздері мен олар жұмыс істеу тәртіптері: микронысаналарды (визуализациялау), микроскоптау, зерттеуге әзірленген заттарды бояу (препарат), жасушалар мен органеллаларды фракциялау, аэробты және анаэробты микроорганизмдер-дің таза мәдениетін егу, өсіру және оқшаулау әдістемесі мен микроорганизмдердің морфологиялық және культу-ралдық әдістерін зерттеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
    Несиелер: 7

    Курсты толық аяқтаған магистрант, кәсіпкерліктегі жобаларды басқарудың мазмұны мен әдістерін, жобаның инвестицияға дейінгі кезеңін, кәсіпкерліктегі жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын, жобаны жоспарлауды, басқаруды, хобаны бақылау және реттеуді, жоба жұмыстарын басқаруды, жоба ресурстарын басқаруды, жоба тәуекелдерін басқаруды, жобаның сапасын басқаруды, жобалық топты басқаруды, кәсіпкерлік саласындағы жобалардың коммуникациясын басқаруды үйреніп шығады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Азық-түлік өндірісінің заманауи биотехнологиясы
    Несиелер: 6

    Қазіргі заманғы биотехнологияның көмегімен жаңа тағам өнімдерін өндіру, сондай-ақ мұндай өнімдердің адам денсаулығы мен дамуы үшін маңыздылығы қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Гендік түрленген тағамдар биотехнологиясы
    Несиелер: 5

    Өнім мен генетикалық түрлендірілген ағза. Биотехноло-гиялық және микробиологиялық өндіріс салаларында биологиялық қауіпсіздікті ұйымдастыру және негіздері. Микробиологиялық және биотехнологиялық өндірістер мен өнімдердің қауіпсіздігін бақылау жүйесі. Зертхана-ларда биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері. Профилактикалық іс-шаралар жүйесі. Нарықтағы гендік түрлендірілген өнімдерді құру принциптері. Гендік түр-лендiрiлген өнімдердің нормативтік-құқықтық база айна-лымы. Зертханалық база және гендік түрлендірілген өнімдерді анықтау әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бизнес шешімдерін модельдеу
    Несиелер: 4

    Шешім қабылдау процесімен танысу, бастапқы мәселені ресімдеуден бастап, компьютердегі математикалық модельді құру және шешу арқылы шешімді талдауға және басқарушылық шешімді қалыптастыруға дейін. Математикалық модельдерді құру және шешу және осы шешімдерді компьютерде талдау дағдыларын қалыптастыру. Басқару шешімдерін таңдау үшін міндеттердің өндірістік, көліктік және қаржылық модельдерін қарау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қаптама технологиясы
    Несиелер: 6

    Магистранттарды қаптаманың негізгі рационализаторлық, мөлшерлеу, қауіпсіздік, көлік, сақтау, маркетинг, норма-тивтік-құқықтық, экологиялық, ақпараттық және эксплуа-тациялық функцияларымен және оларды дайындауға ар-налған материалдарға қойылатын талаптармен танысты-ру. Қаптаманың құрамының элементтері, олардың жалпы сипаттамасы, жіктелу ерекшеліктері, шыны, металл және ағаш тaрaлар, оларды бақылау және сынау, оның сапасын бақылау құралдары мен әдістері және оларды сынау қа-растырылады. Магистранттарға қаптаманың өндірістік және технологиялық үрдістері, оларды белгілі бір қасиет-тері бойынша жасаудың жалпы ережелері, ұйымдастыру формалары, критерийлері мен шектеулер жүйесі, қаптама үрдістерін оңтайландыруды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Конфликтология
    Несиелер: 4

    Пәнде конфликтологияның негізгі категориялары, қақтығыстық технологияларды жанжалды басқару типологиясы қарастырылады. Курста қақтығыс жағдайында адамның мінез-құлқы туралы теориялар, тиімді қарым-қатынас технологиялары және қақтығыстың ұтымды мінез-құлқы зерттеледі. Жанжалдарды шешудегі келіссөздер процесінің психологиясын, жанжалдарды шешу технологиясы ретінде медиация қолданады. Қоғамдағы қақтығыстар, ұйымдардағы қақтығыстар, жанжалдар мен стресстер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ресурсүнемдеуші биотехнология
    Несиелер: 5

    Пән бойынша магистранттарды дайындаудың негізгі мақсаты - кәсіби қызметтің түрі бойынша технологиялық мәселелерді шешу үшін қажетті білімдерін қалыптастыру. Қоршаған ортаны қорғау құралдарының технологиялық параметрлерін бақылауды және бақылауды тиімді ұйымдастыруды және тиімді іске асыруды, қоршаған ортаны қорғау құралдарын әзірлеуге, жобалау мен жетілдіруге қатысу үшін теориялық және практикалық дағдыларды қамтамасыз ету. Қоршаған ортаға әсер ету көздерінің сипаттамаларын талдау, қоршаған ортаға қорғаудың қажетті әдістері мен құралдарын пайдаланып, өндірістің қоршаған ортаға әсерін алдын-ала болжау үшін теориялық модельдерді құру туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өндірістік биотехнология
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - магистранттарды дақылдау принциптерінің заманауи әдістері мен теориялық материалдарын және биологиялық объектілерді қолдану, өндірісте биологиялық активті заттар мен биомасса алудың теориялық негіздерін жүйелейді. Бұл бағдарламаның негізін заманауи өндірістік биотехнологияның бөлімдерін қамтитын ғылым салалары құрайды. Курста тірі немесе инактивтендірілген микроорганизмдер биомассасын, микробтық синтез өнімдерін пайдалануға негізделген процесстер мен оның ерекшеліктері қарастырылады. Курстың арнайы бөлімінде өндірістік дайындық сатысы, ферментацияны өткізу, бөліп алу және мақсатты өнімдерді тазалаудың инженерлік рәсімделуінің ғылыми негіздері қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экологиялық биотехнология
    Несиелер: 6

    Пәнді оқытудың мақсаты қатты тұрмыстық қалдықтарды, сарқынды суларды тазарту және жоюдың биологиялық әдістері, биоремедиация, оның әдістері мен технологиялары, қоршаған ортаны биоремедиациялау: ауыр металдардың биодеградациясы, мұнай мен мұнай өнімдерінен тазарту, атмосфераны биоремедиациялау, биотехнология және технологияларды жасылдандыру, биопестицидтер мен бактериялық тыңайтқыштарды жасау технологиясын игері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON10

    Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, кәсіпорындар мен биотехнологиялық орталықтарда басшы немесе маман ретінде, оқу орындары мене өндірістік кәсіпорындарда, мемлекеттік органдарда сарапшы ретінде, сондай-ақ ғылыми қызметкер ретінде жүзеге асыру

  • Код ON1

    Шет тілі, ғылым тарихы мен философиясы, педагогика және психология мәселелерінде дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу, әртүрлі жағдайларда оңтайлы нұсқаларды табу және басқарушылық шешімдер қабылдау

  • Код ON9

    Жаңа штаммдарды бөлу және сәйкестендіру үшін негізгі биотехнологиялық дағдыларды көрсету, жасушаларды өсіру, өсімдік және жануар тектес биологиялық белсенді заттарды бөліп алу, генотиптеу, сақтау әдістерін әзірлеу, препараттар мен тағам өнімдерінің жаңа түрлерін әзірлеу үшін, ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді, дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу

  • Код ON2

    Өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу: биотехнологияның жаңа әдістерін; қазіргі биотехнологияда негізгі физикалық, биофизикалық, биохимиялық, молекулярлық-генетикалық, ақпараттық және биологиялық әдістерді қолдану

  • Код ON11

    Оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс жасай отырып, докторантурада өз бетінше оқуды жалғастыру үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу

  • Код ON6

    Биотехнологиялық әдістермен алынған материалдарды зерттеу үшін кариологиялық, цитологиялық, цитоэмбриологиялық зерттеулер жүргізуді; митоз, мейоз, микроспорогенез, макроспорогенез, гистогенез, гаметогенез, эмбриогенез және эндоспермогенез процестерін зерттеу үшін уақытша және тұрақты препараттар дайындауда өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу

  • Код ON8

    Қазіргі заманауи биотехнологияның түрлі салаларынан нақты міндеттерді шешу қабілеті, соның ішінде өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тотипотенттік қабілетін пайдалана отырып, клондық микроб көбейту әдістерін қолдану

  • Код ON4

    Тағамдық, экологиялық, жасыл биотехнологиялары мен тағам қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің заманауи бағыттарын білу, мәселелерді зерттеу және шешу бойынша дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу

  • Код ON7

    Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, рекомбинантты ДНҚ алудың негізгі принциптерін және гендік-инженерлік жұмыстардың негізгі заманауи әдістерін қолдана отырып, кәсіби деңгейде жоспарлау

  • Код ON3

    Өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу: ғылыми жұмыста биоинформатиканың негізгі әдістерін қолдану; ғылым мен практикаға енгізу үшін теориялық білім, микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар биотехнологиясы бойынша эксперименттерді сауатты жоспарлау; алынған мәліметтер негізінде биометриялық талдау жүргізу

  • Код ON5

    Теориялық дайындық деңгейін одан әрі арттыру үшін, сондай-ақ негізгі биотехнологиялық процестерді зерттеу бойынша эксперименттер жүргізу дағдыларын меңгеру үшін практикалық қызметте өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде қолдану

7M05102 Экобиотехнология және табиғатты пайдалану
Магистратура

Алматы технологиялық университеті (АТУ)

БББТ: M082 Биотехнология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05102 Өсімдік биотехнологиясы
Магистратура

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

БББТ: M082 Биотехнология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05102 Биотехнология
Магистратура

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

БББТ: M082 Биотехнология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M05102 Биотехнология
Магистратура

Торайгыров университеті

БББТ: M082 Биотехнология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05102 Биотехнология
Магистратура

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M082 Биотехнология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05102 Биотехнология
Магистратура

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: M082 Биотехнология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05102 Биотехнология
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M082 Биотехнология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M05102 Тағамдық Биотехнология
Магистратура

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: M082 Биотехнология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top