Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05105 Биотехнология (1ж. бейіндік) в Қазақ ұлттық аграрлық университеті

  • Менеджмент
    Несиелер: 2

    Әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың жалпы теориялық ережелерін; басқару мәселелерін практикалық шешу дағдылары меңгеру

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тағам өнеркәсібіндегі биотехнология
    Несиелер: 5

    Магистранттарға Қазақстандағы биотехнологияның дамуы мен өзектілігін, ашыту технологиясында ашытқыны қолдану мен тағам азық-түлігінің өндірісіндегі биотехнологиялық сақталу, технологиялық процесстер және наубайханалық өндіріс, спирт пен қант өндірістерінің биотехнологиясы, сонымен қатар шарап, сыра және сүт өндірістерінің биотехнологиясын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Гендік түрленген тағамдар биотехнологиясы
    Несиелер: 6

    Өнім мен генетикалық түрлендірілген ағза. Биотехнологиялық және микробиологиялық өндіріс салаларында биологиялық қауіпсіздікті ұйымдастыру және негіздері. Микробиологиялық және биотехнологиялық өндірістер мен өнімдердің қауіпсіздігін бақылау жүйесі. Зертханаларда биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері. Профилактикалық іс-шаралар жүйесі. Нарықтағы гендік түрлендірілген өнімдерді құру принциптері. Гендік түрлендiрiлген өнімдердің нормативтік-құқықтық база айналымы. Зертханалық база және гендік түрлендірілген өнімдерді анықтау әдістері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Биотехнологияның заманауи әдістері
    Несиелер: 4

    Пән биотехнологиядағы мембраналық құрылымдарды зерттеу мен ондағы қолданылатын физикалық және био-физикалық, протеомдық талдаулар, нуклеин қышқылда-рын бөліп алу және талдау, генетикалық инженерия, им-мунологиялық, иммунобиотехнология мен бағана клетка-ларының биотехнологиясын және оларды қолдану техно-логияларын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өсімдіктер биотехнологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты өсімдіктер биотехнологиясы саласында жоғары білікті мамандарды дайындау жасушалық технология саласында тереңдетілген дайындықты қарастырады: жасушалар мен ұлпаларды өсіру, биологиялық белсенді заттардың өнімдері; фауна мен флораның экологиялық және патологиялық сипаттамасы: өсімдіктер мен жануарларды жүйелеу, физиология, биохимия, қорғау; отырғызу материалын алудың заманауи әдістері; саңырауқұлақтарды өсіру; микроорганизмдер биотехнологиясы; ДНК-диагностика және ДНК-паспорттау; тағам өнімдерінің химиясы; штаммдар, сорттар, тұқымдар мен гибридтердің селекциясы: микроорганизмдер, өсімдіктер, жануарлар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты - магистранттарда белгіленген бюджет, уақыт және сапа шеңберінде жаңа өнім/қызмет жасау бойынша мақсатты іс-шаралар кешенін жүзеге асырумен байланысты кәсіби қызмет ретінде жобаларды басқару саласында тұрақты білімді қалыптастыру; болашақ мамандардың нақты экономикалық жағдайларда әртүрлі қызмет салаларында жобаларды басқару бойынша теориялық және практикалық мәселелерді шешу үшін қажетті методология мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 2

    Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өндірістік биотехнология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - магистранттарды дақылдау принциптерінің заманауи әдістері мен теориялық материалдарын және биологиялық объектілерді қолдану, өндірісте биологиялық активті заттар мен биомасса алудың теориялық негіздерін жүйелейді. Бұл бағдарламаның негізін заманауи өндірістік биотехнологияның бөлімдерін қамтитын ғылым салалары құрайды. Курста тірі немесе инактивтендірілген микроорганизмдер биомассасын, микробтық синтез өнімдерін пайдалануға негізделген процесстер мен оның ерекшеліктері қарастырылады. Курстың арнайы бөлімінде өндірістік дайындық сатысы, ферментацияны өткізу, бөліп алу және мақсатты өнімдерді тазалаудың инженерлік рәсімделуінің ғылыми негізд��рі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 2

    Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың дағдыларын дамытудағы негізгі принциптер: - ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; - Аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; - магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бизнес шешімдерді модельдеу
    Несиелер: 3

    Шешім қабылдау процесінің, математикалық моделін құру, шешу, сонымен қатар шешім нәтжелерін компьютер көмегімен талдау жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Шешімдер қабылдауда өндірістік, транспорттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабылдау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді компьютерде шешу алгоритмдерді шығару қабілеттілігі қалыптастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Салалық биотехнология мен селекцияның қазіргі мәселелері
    Несиелер: 4

    Пәнді оқытудың мақсаты магистранттарды ашыту өндірістері саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен таныстыру, субстратты таңдау мәселесі және технологиялық процестің негізгі кезеңдері, оларды оңтайландыру тәсілдері болып табылады. Пәнді оқытудың міндеттері спирт, сыра қайнату және шарап жасау өндірісінде қолданылатын микроорганизмдер мен ашытқылар болып табылады. Ақуыз препараттарын, биологиялық белсенді қоспаларды және функционалдық азық-түлік өнімдерін өндіру. Жеке органикалық қышқылдардың микробиологиялық өндірісі (лимон, алма, аспарагин қышқылы). Мутагенез, микроорганизмдер селекциясындағы жасушалық және генети��алық инженерия.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Биотехнологиядағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
    Несиелер: 3

    Магистранттардың табысты педагогикалық қызметтегі білімі мен дағдыларын қалыптастыру, биотехнологиядағы жалпы ғылыми әдістер мен білімдерін, дағдыларын қалыптастыру, жасушалық биологияның әдістемелік негіздері мен олар жұмыс істеу тәртіптері: микронысаналарды (визуализациялау), микроскоптау, зерттеуге әзірленген заттарды бояу (препарат), жасушалар мен органеллаларды фракциялау, аэробты және анаэробты микроорганизмдердің таза мәдениетін егу, өсіру және оқшаулау әдістемесі мен микроорганизмдердің морфологиялық және культуралдық әдістерін зерттеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON7

    Қазіргі заманғы биотехнологияның түрлі салаларынан нақты міндеттерді шешу қабілеті, соның ішінде өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тотипотенттік қабілетін пайдалана отырып, микроклондық көбейту әдістерін пайдалану

  • Код ON8

    Жаңа штаммдарды бөлу және сәйкестендіру үшін негізгі биотехнологиялық дағдыларды көрсету, жасушаларды өсіру, өсімдік және жануар тектес биологиялық белсенді заттарды бөліп алу, генотиптеу, сақтау әдістерін әзірлеу, препараттар мен тағам өнімдерінің жаңа түрлерін әзірлеу үшін, ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді, дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу

  • Код ON1

    Шет тілі мен психология мәселелерінде дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу, әртүрлі жағдайларда оңтайлы нұсқаларды табу және басқарушылық шешімдер қабылдау

  • Код ON5

    Биотехнологиялық әдістермен алынған материалдарды зерттеу үшін кариологиялық, цитологиялық, цитоэмбриологиялық зерттеулерді кәсіби деңгейде қолдану; митоз, мейоз, микроспорогенез, макроспорогенез, гистогенез, гаметогенез, эмбриогенез және эндоспермогенез процестерін зерттеу үшін препараттарды дайындауға қабілетті болу

  • Код ON3

    Тағам биотехнологиясы, жасыл биотехнология және тағам қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің заманауи бағыттарын білу, мәселелерді зерттеу және шешу бойынша дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу

  • Код ON2

    Өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде ғылыми жұмыста биоинформатиканың негізгі әдістерін қолдану; ғылымға және практикаға енгізу үшін теориялық білім, микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар эксперименттерін сауатты жоспарлау; этикалық нормалар бойынша; алынған мәліметтер негізінде биометриялық талдау жүргізу

  • Код ON6

    Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, рекомбинантты ДНҚ алудың негізгі принциптерін және гендік-инженерлік жұмыстардың негізгі заманауи әдістерін қолдана отырып жоспарлау

  • Код ON4

    Теориялық дайындық деңгейін одан әрі арттыру үшін, сондай-ақ практикалық қызметте өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде қолдангу, негізгі биотехнологиялық процестерді зерттеу бойынша эксперименттер жүргізу дағдыларын меңгеру

  • Код ON9

    Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, кәсіпорындарда биотехнологиялық орталықтарда басшы немесе маман ретінде, өндірістік кәсіпорындарда, мемлекеттік органдарда сарапшы ретінде, сондай-ақ ғылыми қызметкер ретінде жұмысты жүзеге асыру

Top