7M08605 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау (1ж. бейіндік) в Қазақ ұлттық аграрлық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Технологияларды, әдістер мен тәсілдерді жетілдіру, жобалаудың сапасы мен сенімділігін арттыру, инженерлік-мелиоративтік және инженерлік-экологиялық жүйелерді жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану, жерді мелиорациялаудың, баптаудың және қорғаудың жаңа жолдарын негіздеу саласында дербес кәсіби жұмысқа қабілетті, жоғары білікті мамандарды жетекші ғылыми және жоғары оқу орындарының заманауи білім беру стандарттарына сәйкес даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Қазақ ұлттық аграрлық университеті
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M137 Су ресурстары және суды пайдалану
-
Білім беру саласы 7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 7M086 Су ресурстары және суды пайдалану
-
Менеджмент
Несиелер: 2"Менеджмент" пәні басқару процесін зерттеудің ұйымдастырушылық элементтерінен, коммуникациядан және шешім қабылдаудан, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, команда жұмысы және көшбасшылық сияқты басқару функцияларынан, сондай-ақ өндіріс, маркетинг, қаржы, персоналды басқару сияқты ұйымда түрлі функционалдық бөлімдерді оқытудан тұрады
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Аймақтың экологиялық орналасуы
Несиелер: 4Табиғатты орналастыру принциптері; аумақтарды табиғатты қорғау жайластыру негіздері; экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары; экологиялық проблемаларды шешуге интеграцияланған жол; экологиялық проблемаларды шешу әдісі ретінде қазіргі заманғы аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар; қалдықтарды жою және кәдеге жарату проблемалары және оларды шешу жолдары; атмосфералық ауаны және су ресурстарын ластанудан қорғау; биоресурстарды қорғау; тұтыну және өндіріс қалдықтарын қоймалау және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау; табиғи стихиядан қорғау; топырақты ластанудан қорғау; сарқынды суларды тазарту және сарқынды сулардың тұнбаларын кәдеге жарату; жыра-Арқалық жерлердің аумақтарын эрозияға қарсы қорғау; су объектілерін табиғи қалпына келтіру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Басқару психологиясы
Несиелер: 2Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Сумен қамтамасыз ету және суды әкету
Несиелер: 6Су өткізетін құрылымдар. Бөгет құрылысында бьефтерді түйістіру. Қысылған қимада тереңдікті анықтау. Каналдармен бьефтеді түйстіру. Су энергиясын бәсеңдету. Суұрма құдықтар мен суұрма қабырғалардың есебі.. Су өткізу бөгетінен кейін бьефтерді тұйістіру. Құлама есебі. Тезағар есебі. Қақпа стынан судың өту есебі.Ғылым және ғылыми зерттеулер. Ғылыми-техникалық ақпарат. Ғылыми тақырыпты құрастыру. Зерттеу мақсаты мен есептері. Теориялық зерттеу әдісте-месі. Эксперименттік зерттеулер әдістемесі
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Бизнес шешімдерін модельдеу
Несиелер: 3Шешім қабылдау процесінің, математикалық моделін құру, шешу, сонымен қатар шешім нәтжелерін компьютер көмегімен талдау жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Шешімдер қабылдауда өндірістік, транспорттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабылдау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді компьютерде шешу алгоритмдерді шығару қабілеттілігі қалыптастырылады
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Шет тілі (кәсіби)
Несиелер: 2Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың дағдыларын дамытудағы негізгі принциптер: - ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; - Аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; - магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
Несиелер: 3Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихымен таныстырады; жобаның тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешімдер қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін зерттейді; жобаның өмірлік циклінің түрлі сатыларында жоба менеджерінің рөлін және функцияларын меңгеру; жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары және оларды әзірлеу, оңтайландыру әдістерімен таныстырады.Нарық жағдайында агро өнеркәсіптік кешеннің сферасы жүйесінде білім алушыларды даярлау. Экономикалық ойлау, кәсіпкерлік қабілетті, нарықта өзінің орнын табу, өз ісін ашу, жеке кәсіпорын ұйымдастыру және тиімді басқару іскерлігін қалыптастыру
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Инженерлік-геодезиялық және геоинформациялық бағдармалар
Несиелер: 4Аналитикалық және моделдеу операциялары. Нәтижелерді алу. Ауылшаруашылығында, су, орман шаруашылығында ГАЖ қолдану. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тұтынушыларды ақпараттық қамтамасыз ету. Мониторингті алыстан және спутник арқылы жүргізу әдістері. Заманауи ГАЖ . Су шаруашылығында ГАЖ қолдану және жерді дистанциялық зондтау. (СУБД) мәліметтер базасын басқару жүйесі. (GPS) глобалды позициялау жүйесі. Геоақпаратты сараптау әдісі және дешифрлау. Карталау жүйесі. Бейнені цифрлі өңдеу әдісі. Картографиялық графика. Заманауи ГАЖ мүмкіншілігі
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Су ресурстарын бірігіп басқару
Несиелер: 5СРББ қағидаттары. СРББ жоспарлау: СРББ ұлттық жоспары. Су ресурстарын басқару саласындағы су заңнамаларын жетілдіру және үйлестіру. СРББ экологиялық құрамдас бөлігін енгізу және су сапасын басқару. Ақпарат алмасу процестерін жетілдіру. Оқыту және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Су ресурстарын басқару және моделдеу
Несиелер: 5ҚР су заңнамасы. Су қатынастар нысандары. Су қоры, сумен қамтамасыз ету және су қорын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және реттеу. Трансшекаралық өзендер суларын пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық келісімдер. Негізгі халықаралық жаңа бағыттар. Халықаралық келісім принциптері. Трансшекаралық өзендер суларын пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық келісім механизмы. Трансшекаралық өзендер суларын пайдалану және қорғау саласындағы экономикалық негізі. Трансшекаралық өзендер сулары жөніндегі келіспеушілікті шешу
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Су және ауылшаруашылығы саласындағы жоспарлау
Несиелер: 6Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды жоспарлау алдылық мәдделері. Су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы мемелекеттік жоспарлаудың міндеттері. Қазақстан Республикасы өңірлерінің өркендеуінің экожүйелік (алаптық) ұстанымдары. Су шаруашылық теңдестік. Су ресурстарын пайдалану мен қорғау схемалары. Су шаруашылығының өркендеуінің жедел-қабыл және болашақтық жоспарлары. Су ресурстарын біріккен түрде басқару. Су саясатының басымдық бағыттары. Табиғи кешендерді қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету- су шаруашылығын жоспарлау негіздері
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Су ресурстары және суды пайдаланудағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Несиелер: 3Ғылым және ғылыми зерттеу. Ғылыми-техникалық ақпарат. Ғылыми зерттеудің тақырыбын анықтау. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерді анықтау. Теориялық зерттеулердің әдіснамасы. Эксперименталдық зерттеулердің әдіснамасы. Теориялық-эксперименталдік зерттеулерін талдау және ұсыныстар мен қорытындарды тұжырымдау
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Код ON1
Ғылым философиясы, Психология және педагогика мәселелерінде ой-өрісті көрсете білу, оқытудың қазіргі заманғы әдістемесін пайдалану
-
Код ON2
Интернационалдық ортада кәсіби әңгіме жүргізу қабілеті, кең ауқымды ғылы-ми-техникалық және педагогикалық мәселелер бойынша сұхбатты қолдана білу
-
Код ON6
Су ресурстарын басқарудың экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсіз тәсілдерін таңдау қабілеті
-
Код ON4
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде көшбасшылық қасиет-терді көрсете білу, бизнес-шешімдерді модельдеу кезінде іскерлік қасиеттерді көрсете білу, кәсіпкерлік қызметті тиімді басқара білу
-
Код ON12
Су ресурстары менеджментін жетілдіру бойынша ұзақ оқытуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары
-
Код ON8
Жеке қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін пайдалану: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша мобильді сервистер
-
Код ON9
Бағдарламалау, математикалық модельдеу, талдау және синтез саласындағы ақпаратты түсіндіру, су ресурстарын пайдалану, қорғау және басқару саласындағы теориялық білім деңгейін ұдайы жетілдіруге ұмтылу
-
Код ON10
Бекітілген магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
-
Код ON5
Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, су объектілерінің мониторингін ұйымдастыру, нәтижелерді талдау, су объектілерінің сапасын жақсарту үшін іс-шаралар дайындау қабілеті
-
Код ON7
Геоақпараттық технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау сапасының көрсеткіштерін талдау, себептер мен салдарлардың алдын алу және жою жөнінде шешімдер қабылдау қабілеті
-
Код ON11
Ғылыми кеңесшінің басшылығымен ғылыми зерттеулер нәтижелерінің зертханалық және тәжірибелік сынақтарын жүргізу
-
Код ON3
Ғылыми экспериментті ұйымдастыру, алынған нәтижелерді модельдеу және талдау саласында өз білімін, түсінігін және қабілетін кәсіби деңгейде қолдану