Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B07314 Қала құрылысын жоспарлау және кадастр в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Кадастр негіздері
    Несиелер: 5

    Қала құрылысы объектілерінің жүйесі, негізгі ұғымдар. Қала құрылысы объектілерінің түрлері мен типтері. Аумақты кешенді талдау, қаланың перспективалық дамуы. Құрылысты оңтайландыру. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу. Инженерлік экономикалық және жобалық қызмет. Қала аумағын кадастрлық суретке түсіру. Қалаларды және басқа да елді мекендерді, әкімшілік аудандардың, республика облыстарының аумақтарын дамытуды мемлекеттік басқаруға арналған Экономикалық ақпараттық жүйелерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қала құрылыс негіздері
    Несиелер: 5

    Қала құрылысы білімінің құрылымы негізгі ұғымдар. Қала құрылысы нысандарының типологиясы. Қала құрылысы объектілерінің бағдарламалары мен мақсаттары. Аумақтың қала құрылысын ұйымдастыру. Қала құрылысы жүйелерін жоспарлау. Қоныстану. Аймақтық қоныстандыру негіздері. Қаланы жоспарлаудың жалпы мәселелері. Қаланың жоспарлау құрылымы және дамуы. Көлік және көлік инфрақұрылымы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математика
    Несиелер: 5

    Пән математикалық аппараттарды меңгеру және қолданбалы есептерді шешу үшін қажет болады. Оқытылатын тақырыптар келесідей: сызықтық алгебра, аналитикалық геометрия, функция, функцияның шегі, бір айнымалы функциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Бұл курс математикалық талдаудың теориясы мен математиканың есептеу аспектілерін қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Геодезия
    Несиелер: 5

    Бұл пән жердің бетіндегі жер қыртысын, жер бетінің бейнесін, жоспарлар, карталар мен профильдер түрін зерттеу, сондай-ақ түрлі қолданбалы мәселелерді шешу мақсатында жүргізілген геодезиялық әдістерді, жер бетіндегі өлшеу әдістерін меңгеруге арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Картография
    Несиелер: 5

    Бұл пән жер бетінің немесе оның бөліктерінің картографиялық әдістерін, әртүрлі проекциялардағы картографиялық жұмыстар түрінде, геоақпаратты көрсетудің әртүрлі картографиялық тәсілдерімен таныстырады. Картографияда технологиялық басылымдарды, картографиялық өнімдердің сапасын бақылауды зерттеу мәселелерімен айналысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік жер кадастры
    Несиелер: 5

    Жер кадастрының жалпы түсінігі және мазмұны. Жер меншігінің нысандары және жер қатынастарын дамыту. ҚР жер қатынастарын және кадастрды дамыту. Қазіргі кадастр мазмұны. Кадастрдың түрлері мен принциптері. ҚР және басқа елдердегі Жер кадастры жүйесі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Аумақтық жоспарлау
    Несиелер: 7

    Пән шеңберінде аумақтарды дамытуға қатысты мәселелер шеңбері оқытылады. Стратегиялық және аумақтық жоспарлаудың қолданыстағы құжаттары қаралады, аумақтарды дамыту мен құрылыс салуды мемлекеттік жоспарлау мен қала құрылысын жоспарлаудың өзара іс-қимыл жасау нысандары айқындалады. Пәннің негізін Стратегиялық жоспарлау және аумақтарды жоспарлау тәжірибесін, олардың шешімдері мен құжаттарын келісу құрайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жобалаудағы компьютерлік технологиялар
    Несиелер: 6

    Бұл пән информатика, компьютерлік және мультимедиялық технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютерлік желілерде жұмыс істеу әдістері бойынша білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді, суреттерді картаға түсіру, алу және өңдеу мақсатында Интернет-ресурстарын пайдалана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Компьютерлік графика негіздері
    Несиелер: 6

    Жобалаудың автоматтандырылған жүйелерімен танысу (AutoCAD, Civil 3D). Жерді сандық модельдеу, рельефтің сандық үлгілерін құру, деректер банктерін жобалау, сандық жерүсті моделін бейнелеу және топографиялық жоспарларды автоматтандыруда есептік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Топырақты бонитеттеу
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты-қоғамның табиғи-тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму процесінде топырақ алған қасиеттер мен белгілер негізінде құнарлылығы бар табиғи тарихи дене ретінде «топырақты бағалауды» жүргізу туралы идеяны қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша ҚР «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің цифрлық платформаларын, әртүрлі кәсіби салалар бойынша цифрлық технологияларды ендіру, қолдану жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Геология геоморфология негіздерімен
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты геологиямен және геоморфологиямен ғылым ретінде, зерттеу әдістерімен, Жердің құрылысы мен жасы, оның Күн жүйесінің басқа планеталарындағы жағдайы туралы бастапқы мәліметтермен; экзогендік және эндогендік процестермен; жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтерімен және олардың даму заңдылықтарымен; қазіргі тектоникалық ұғымдармен танысу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қала құрылысын жоспарлау
    Несиелер: 5

    «Қала құрылысын жоспарлау» студентте қала құрылысы қызметінің ауқымы, қала құрылысын болжау, бағдарламалау, жоспарлау, жобалау және басқару әдістемесі туралы түсініктен тұратын жалпы мәдени, жалпы кәсіптік, кәсіби құзыреттерді қалыптастыру болып табылады. Пәнді игеру қала құрылысын жоспарлау, аймақтарға бөлу, Аумақты жоспарлау және салу саласында Құзыретті, Шығармашылық, сыни тұрғыдан ойлайтын зерттеушілер мен жобалаушыларды қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қала құрылысы қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
    Несиелер: 5

    Пән картаның мақсаты, оның тақырыбы, карталанған аумақтың ерекшелігі, цифрлы картаны әрі қарай пайдалану әдістерін ескере отырып, геоақпараттық технологиялардың техникалық құралдары мен бағдарламалық жасақтамаларын пайдалана отырып картографиялық бейне құру әдісіне бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
    Несиелер: 5

    Access деректер базасының компоненттері. Мәліметтер базасын құру. "Жер кадастры"деректер базасында кестелер құру. Кестелер арасындағы байланысты анықтау. Кестелерге деректерді жазу. Көп кестелік мәліметтер базасын жобалау. Сұраныстарды құру. Сұраулардағы іріктеу шарттары. Сұраулардағы есептеулер. "Жер кадастры" деректер базасынан сұраулар нысандар мен есептерді жобалау. Пішіндер мен есептердің конструкторлары. Құқықтық кадастрды жүргізу. Жылжымайтын мүлікті тіркеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Іскери риторика
    Несиелер: 5

    Курс кәсіби-тәжірибелік бағытта құрастырылған. Оны оқу арқылы кәсіби маңызды жағдайларда риторикалық іс-әрекет технологиясын игеру көзделген. Білім алушылардың сөздік білімділігін арттыру, тиімді іскерлік қарым-қатынас қағидалары, жұрт алдында сөйлеудің ұтымды ықпал етуін қамтитын негізгі факторлар мен үдерістері, шешен мен аудитория ынтымақтасуының формалары мен құралдары туралы білім алу курстың міндеттеріне кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықытық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелрін шешудің ғылыми – перактикалық ойлау жүйесін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Оқу пәні адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әсер тәсілдерін, қоршаған ортадағы ғаламдық өзгерістерді және адамның тіршілігінің стратегияларын зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар, ТЖ шаруашылық обьектілерінің тұрақты қызметі, техногенді және табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жою, алдын ала ескерту, өнеркәсіптер мен ұйымдарда қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    Бұл пән «Инжиниринг, өндіріс және құрылыс салалары» бағытында жемқорлыққа қарсы нормаларды қарастырады. Техникалық ғылымдар мен технологиялар, инжиниринг, өндіріс және құрылыс салалары, автоматтандыру және басқару, инжиниринг, көлік техникасы және технология саласындағы заңдарды талдауды қамтиды. Курстың мақсаты - осы мамандықтың ерекшеліктеріне байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы нақты дағдыларды дамыту болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кадастрдағы математикалық әдістер
    Несиелер: 5

    Қалалық кадастрдың экономикалық міндеттері әдетте бірнеше шешімдерге ие. Оңтайлы шешімді таңдау үшін есептің математикалық моделі жасалады – зерттелетін мәселенің негізгі ерекшеліктерін көрсететін формулалар, теңдеулер және теңсіздіктер жүйесі. Оңтайландыру әдістерін әзірлеу арнайы математикалық пән – математикалық бағдарламалау пәні болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жер ресурстарын басқару
    Несиелер: 5

    Пән жерлерді тиімді пайдалану мен қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және елдің экономикалық дамуына септігін тигізетін геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етуге жағдай жасау. Қазақстан Республикасының жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану және экономиканың сапалы геодезиялық және картографиялық өнімдер қажеттілігін толық қанағаттандырды зеріттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Аумақтарды инженерлік орналастыру
    Несиелер: 5

    Пән болашақ мамандардың қалыптасуы бойынша күрделі табиғи жағдайларды бағалауға мүмкіндік беретін тиімді шешімді негіздей отырып, қала аумақтарының учаскелеріне осы аумақтарды жайластыру, құрылыс кезіндегі инженерлік проблемалар және инфрақұрылым элементтерін ұтымды елді мекендер аумағын көркейту және көгалдандыруды қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кадастрлық жұмыстардың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізудің теориялық негіздерін, жерді межелеудің, сондай-ақ жер-кадастрлық жұмыстардың нормативтік базасын және құжаттамалық ресімдеуді, жер және жылжымайтын мүлік мониторингінің қазіргі заманғы әдістемелері мен технологияларын, жұмыс өндірісінің жаңа технологияларын енгізудің негізгі қағидаттары мен әдістерін білу және түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сәулеттік жобалау негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу жоспарлық шешімнің функционалдығы, пішіннің конструктивтілігі және сәулеттік композицияның мәнерлілігі сияқты сәулеттік дизайн негіздері саласындағы білімдерді меңгеруді көздейді. Ол дұрыс жобалық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға, сәулет графикасы мен макетінің құралдарымен танысуға, құрылыс сызбаларын салу ережелері мен дағдылары туралы білімдерін бекітуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қала құрылысын жоспарлау теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Пән қоныстандыру жүйелерінен бастап аумақты абаттандыру және құрылыс салу учаскелеріне дейін әртүрлі ауқымдағы және күрделі деңгейдегі қала құрылысы объектілерін зерттеуді және жобалауды, жобалардың іске асырылуын бақылауды; қала құрылысы қызметін басқаруды және ұйымдастыруды, жергілікті және өңірлік деңгейлерде қала құрылысы саясатын әзірлеуге қатысуды; қала құрылысы қызметі туралы білім жүйесін дамытуды зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Аумақтық-кеңістіктік жоспарлау теориясы
    Несиелер: 5

    Пән аумақты неғұрлым оңтайлы ұйымдастырудың және оның шегінде өнеркәсіптік кәсіпорындарды, коммуникацияларды және қоныстандыру орындарын орналастырудың теориясы мен практикасын, сондай-ақ оның географиялық, экономикалық, сәулет-құрылыс және инженерлік-құрылыс факторлары мен жағдайларын кешенді есепке алуды зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қалалық инженерлік инфрақұрылым жүйелері
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру инженерлік-қала құрылысы инфрақұрылымдарын кешенді жобалау, орнату және пайдалану, инженерлік-қала құрылысы инфрақұрылымдары, инженерлік желілерді орналастыру, жұмыс істеу және жобалау негіздері, тұру жайлылығы мен урбандалған аумақтарды тұрақты дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ететін жабдықтар туралы қажетті білім мен дағдыларды алуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сәулет және қала құрылысын жобалау
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу, зерттеу сәулет, ландшафт және қала құрылысының синтезінен тұратын сәулет-қала құрылысы саласындағы білімдерді меңгеруді қарастырады. Ол жоба алдындағы жан-жақты талдауды және шығармашылық дизайн шешімін іздеуді жүзеге асыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлы кадастрлық негізінің қалыптасуы
    Несиелер: 6

    Бұл пән республикалық аумақтық деңгейде республика бойынша кадастрлық деректерді қорыту мен талдау, мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құрудың және жүргізудің ғылыми-әдістемелік және нормативтік-құқықтық базасын, оның бағдарламалық-техникалық құралдарын әзірлеу жүзеге асырылады қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жерге орналастыру мен кадастр жұмыстарының менеджменті
    Несиелер: 5

    Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды басқару дағдылары бар маман даярлау және осы дағдыларды кәсіби қызметте қолдану. Ресурстарды операциялар арасында бөлу, өндірістік бөлімшелерге тапсырмаларды нақтылау, өндіріс процесін желілік модельдеу әдістерімен құрастырылған жұмыс өндірісінің оңтайлы мерзімдерін анықтау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жер мониторингі
    Несиелер: 7

    Өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, болжау, жағымсыз процестердің алдын алу және олардың салдарын жою үшін жер қорының жай-күйіне бақылау жүргізуге қабілетті маман даярлау; жер мониторингі мақсаттары үшін кадастрлық ақпарат жинауды жүргізу; жер мониторингі жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны пайдалану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Аумақтарды қала құрылыстық аймақтандыру
    Несиелер: 6

    Қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде қала немесе басқа да жылжымайтын мүлік объектілері аумағының бөліктерін белгілі бір түрлермен және оларды пайдалану шектеулерімен, функционалдық мақсаттарымен, пайдалану параметрлерімен және жер учаскелерін өзгертумен бөлу процесі және нәтижесі ретінде қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Табиғи ресурстар кадастры
    Несиелер: 6

    Пәннің бұл курсы аймақтың негізгі табиғи ресурстарының кадастрлық көрсеткіштерін игеруге; табиғи ресурстарды жіктеуге, кадастрлық ақпарат берудің көлемі мен нысандарына қойылатын талаптарды әзірлеуге, Табиғи ресурстар туралы мәліметтерді жинақтауға және мемлекеттік тіркеуге мүмкіндік береді. Жерге орналастырудың, жұмыс жобалаудың құқықтық, теориялық және практикалық негіздерін, осы әдістерді қолданудың практикалық дағдыларын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрында ГАЖ қолданылуы
    Несиелер: 5

    Пәннің бұл курсы қала құрылысы кадастрындағы кәсіби және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін заманауи ақпараттық технологияларды, заманауи ақпараттық технологиялар мен Интернет ресурстарды пайдалана отырып, географиялық ақпаратты іздеу, өңдеу және талдау әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аудандық және стратегиялық жоспарлау
    Несиелер: 7

    «Аудандық және стратегиялық жоспарлау» пәні мемлекеттік және муниципалды басқару теориясымен және басқа ғылымдармен тікелей байланысты, аймақтың стратегиялық жоспарлау саласындағы студенттердің білімін кеңейтуге және тереңдетуге, аумақтарды дамыту тұжырымдамалары мен бағдарламаларын болжау, құрастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жер құқығы және құқықтық реттеу
    Несиелер: 5

    Пән жер – мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды қолданудың негізгі түрлерімен, нысандарымен және әдістерімен, басқару органдарының жүйесімен және олардың өкілеттіктерімен, жерге жасалған мәмілелермен, жер қатынастарының туындау, өзгеру және тоқтатылу туындауымен, жерге құқықтық қатынастар, меншік құқықтары және өзге де құқықтар, жер құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікпен таныстырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кадастрды ақпараттық қамтамасыз ету
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру жер-кадастрлық жұмыстарды жүргізуді оңтайландыру үшін теориялық білім мен практикалық дағдыларды алуға бағытталған, оның сапасы жүріп жатқан процестердің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Жер-кадастрлық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және беруді қамтамасыз ету үшін.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • 3D модельдеу негіздері
    Несиелер: 8

    Пәнді игеру объектінің үш өлшемді моделін құрудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын алуға бағытталған. Қалаған объектінің көрнекі көлемді бейнесін жасау. Нақты тақырыптың нақты көшірмесін жасау және үш өлшемді графика көмегімен жаңасын жасау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Елді-мекен аумақтарын жоспарлау және дамыту
    Несиелер: 7

    Елді-мекен аумақтарын жоспарлау және дамыту ауылдық елді мекендер аумақтары мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді орналастырудың ғылыми негіздерін, жобалар мен жоспарларды жасаудың ережелері мен нормаларының жиынтығын, ауылдық елді мекеннің жер-шаруашылық орналастыру жоспарын жасау тәртібін көрсететін оқу пәні болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қала құрылысы және кадастрдың ғылыми негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің қала құрылысы және кадастр мәселелерін ғылыми шешудегі дағдылары мен дағдыларын дамытуға бағытталған. Студенттер ғылыми ізденіс бағытын негіздеп, нәтижеге қол жеткізе алады және заманауи ғылыми әдістерді қолдана отырып, кәсіби мәселелерді шешуде алған білімдерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.

  • Код ON2

    Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.

  • Код ON3

    Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.

  • Код ON4

    Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу.

  • Код ON5

    Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.

  • Код ON6

    Жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру, жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеу жөніндегі жобаларды, инженерлік-кадастрлық іздестірулердің жобаларын, жергілікті жердің цифрлық моделін құруда және бас жоспарларды жобалау.

  • Код ON7

    Әр түрлі көздерден және дерекқорлардан кадастрлық ақпаратты іздеуді, сақтауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асырады, оны ақпараттық, компьютерлік және желілік технологияларды қолдана отырып, қажетті форматта ұсынуға қабілетті.

  • Код ON8

    Жер-кадастрлық және цифрлық карталарды жасау және жүргізу кезінде мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректерін қолдану және пайдалану, оларды экономикалық бағалауды және жер мониторингін жүргізуді қамтитын жер сапасының есебін айқындау.

  • Код ON9

    Мемлекеттік жер кадастрын, жерді және жылжымайтын мүлікті есепке алуды, тіркеуді және бағалауды жүргізуді жетілдіру, жерге орналастыру жұмыстарын және қала аумақтарының кадастрлық түсірілімдерін жүргізе білу, елді мекендерде жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, қала жерлерінің мониторингін, жермен және жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыру.

  • Код ON10

    Жергілікті жердің цифрлық модельдерін және қала құрылысы инфрақұрылымының элементтерін жасау, оның ішінде жерді тіркеу мен есепке алу, жер учаскелерін бөлу және құқықты куәландыратын құжаттарды ресімдеу, елді мекендер жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау жүргізу.

  • Код ON11

    Жобалау-өндірістік қызметті жүзеге асыру, бағдарламалық мақсаттағы материалдар бойынша қала құрылысын жоспарлау және кадастр объектілерін жұмыс барысында жобалауда жаңа және цифрлық технологиялардың нормативтік базасын қолдану, жер-кадастр жұмыстарын жүргізу кезінде жер заңнамасын қолдану, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Top