7M04119 Іскерлік әкімшілік жүргізу в Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Экономика, менеджмент және бизнес саласында қазіргі заманғы білім мен дағдылар кешенін меңгерген, аналитикалық және стратегиялық ойлауға ие, кәсіпкерлік саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару
-
Стратегиялық менеджмент
Несиелер: 3Курсқа магистранттар оқу барысында стратегиялық мақсат және компанияны дамытуда балама таңдау жасау туралы концептуалды пікір қалыптастыруға дағдыланады. Пәнді меңгеру барысында магистранттар фирмаға іштей және сырттай сараптама жасау туралы білімдерін жетілдіріп, оның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі, табысқа жетуге жетелейтін факторлар, стратегиялық ұсыныстар дамытып, жүзеге асыру стратегияларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Бизнес- зерттеу
Несиелер: 3Бизнестің тиімді әрекет етуі үшін оның барлық құрамдас бөліктеріне зерттеулер жүргізу қажет. Бұл курс магистранттарда ғылыми зерттеулер мен негізгі экономикалық процестердің мәні туралы тұтастай ұғым қалыптастырады, экономика мен бизнестің әр түрлі сфераларында ғылыми зерттеулер жүргізудің практикалық дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Басқарушылық шешімдерді оңтайландыру
Несиелер: 4Аталған курсты оқыту барысында магистранттар оңтайлы шешім қабылдауда теориялық және практикалық ортақ әрекеттерді кеңінен меңгеріп, кейін ұйымдарды басқару кезінде соны кәдеге жаратуы тиіс. Курстың мазмұны, сонымен қатар, басқару шешімдерін оңтайландыруда ойын әдістерін, басқа да жоспарланбаған тәсілдерді қолдану арқылы қабылдауды үйретуге негізделген.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Операционды басқару
Несиелер: 5Берілген курсты меңгеру барысында магистранттарда кәсіпорынның операциялық қызметін ғылыми-негізделген басқаруды жүзеге асыруға ықпал ететін тереңдетілген білімдер кешені қалыптасады. Пәннің мазмұны магистранттарда ұйымдағы операциялық қызметті басқару саласында талдау мен синтездің әдістерін қолдану дағдыларын, сонымен бірге олармен байланысты оперативті, стратегиялық, тактикалық шешімдерді қабылдау әдістерін игеруді қамтиды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Бизнес процестерді басқару
Несиелер: 5Бұл курс кәсіпорында процестік бағыттың әдістері мен тәсілдерін қолданудың, бизнес-процестерді моделдеудің әдістемесі мен инструменталдық құралдарын пайдаланудың дағыдылары мен қабілеттерінің кешенін қалыптастырады. Сонымен қатар, бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін шараларды жасақтаудағы бизнес-процестерді жеке талдау, бизнес-процестерді оңтайландыру, реинжиниринг, автоматтандыру мен бақылау дағдыларын қалыптастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Басқарушылық талдау
Несиелер: 4Курсты оқу барысында магистранттар стратегиялық басқару сараптамасының заманауи әдіс-тәсілдерін, кәсіпорынның жұмысын бағалау және дамуына болжам жасауды үйренеді. Сондай-ақ, пәнді меңгеру арқылы өз бетінше экономикалық сараптама, экономикалық модельді жасау, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелі жұмыс істеу тетіктерін табуды үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жобалық менеджмент
Несиелер: 5Курс магистранттардың бойында басқару туралы түсінікті қалыптастыру, жобаларды басқаруда ғылыми әдіс-тәсілдерге сүйенуді үйретеді. Пәнді меңгеру барысында жобалауды ұйымдастыру кезінде практикалық әдіс-тәсілдерді, сонымен қатар, жобаның әр кезеңінде басқару тұрғысынан тиімді әрекет етуді үйрету көзделген.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Дағдарысқа қарсы басқару
Несиелер: 5Пәннің мақсаты магистранттарға экономикалық дағдарыс, дағдарысқа қарсы менеджмент, кәсіпорынды қаржылық тұрғыдан оңалту туралы түсінік қалыптастыру және компанияның дағдарысқа қарсы саясатын жасауды меңгерту. Болашағы айқындалмаған кәсіпорынға экономикалық талдау жасау тәсілдері, дағдарысқа қарсы стратегиялық балама ұсыну және кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудағы тәсілдерді меңгертуді көздейді
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Код ON5
Жобалаудың заманауи әдіснамасын, жобалық менеджменттің негізгі міндеттерін шешу үшін бағдарламалық құралдарды қолдану, жобаларды басқарудың қолданыстағы жүйелерінің тәуекелдері мен тиімділігін бағалау дағдыларын меңгерген
-
Код ON6
Банкроттықты болжау, дағдарысқа қарсы басқару және компанияны қаржылық сауықтыру бойынша жиналған ақпаратты түсіндіреді; дағдарысқа қарсы стратегиялар мен тактикаларды, кәсіпорындарды санациялау бағдарламаларын әзірлеуде, дағдарысқа қарсы шаралардың тиімділігін бағалауда дағдарысқа қарсы басқару құралдары мен әдістерін қолдану дағдысы бар
-
Код ON2
Экономика, бизнес және басқарудың түрлі салаларында зерттеулер жүргізу, бизнесті талдау әдістерін, бизнесті зерттеу құралдарын қолдану дағдылары бар
-
Код ON3
Ұйымның сыртқы және ішкі ортасына стратегиялық талдау жүргізуге қабілетті; басқарушылық талдау, мониторинг, кәсіпорын қызметін бағалау және компания қызметінің дамуын болжау дағдыларын меңгерген
-
Код ON1
Жүйелі және сыни ойлау негізінде өзекті ақпаратты талдау, басқару және бизнес саласындағы дербес эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін түсіндіру; зерттеу нәтижелерін және көпшілік алдында сөйлеу өнерін тарату қабілетін көрсетеді
-
Код ON4
Бизнес-процестерді талдау және жобалау, оларды модельдеу және оңтайландыру, бизнес-процестерді басқару әдістерін, соның ішінде бақылауды қолдану дағдыларын меңгерген; бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін іс-шараларды әзірлеуге қабілетті
-
Код ON7
Компанияның операциялық қызметін басқару саласында талдау және синтез әдістерін; басқарушылық шешімдерді қабылдау және оңтайландыру модельдері мен әдістерін қолдану дағдыларын меңгерген; операциялық стратегияның фирманың басқа функционалдық стратегияларымен өзара байланысын пайдаланады