Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен əдебиеті в А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

  • Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика
    Несиелер: 5

    Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика пәннің негізгі мақсаты мен міндеті- тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдерін қарастырып, оның басты теориялық мәселелерін баяндап беру. Білім алушы курсты сәтті аяқтағаннан кейін білуі қажет: қазақ тілінің құрылымын, тілдік фактілерді ғылыми тұрғыдан талдау, тілдердің шығу тегін және типтік классификациясын меңгеру, тілдердің әртүрлі мағыналық элементтерін ажырата білу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 4

    Халық даналығы және халық поэзиясы ұғымдары, ауызша сөз өнері. Фольклор табиғаты мен оның өмір сүру заңдылықтары. Фольклор және ұлт тарихы. Фольклор жанрлары және оны классификациялау принциптері. Тұрмыс салт-жырлары. Лирикалық өлеңдер. Халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жас ерекшелік физиологиясы және гигиена.
    Несиелер: 4

    Пән онтогенездің әр түрлі кезеңдерінде адам ағзасының тіршілік ету ерекшеліктерін, ағзалардың, ағзалар жүйесінің және жалпы ағзаның даму және өсу шамасына қарай функцияларын, осы функциялардың әр жас кезеңінде өзіндік ерекшеліктерін зерттейді. Адам ағзасының үйлесімді дамып келе жатқан принциптері мен механизмдері. Денсаулықтың не екенін, оның компоненттері қандай екенін түсіндіреді, гомеостазды және ағзаның бейімделуін, өсіп келе жатқан ағзаның денсаулығын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістер ретінде анықтайды. Жас ерекшелік физиологиясы, Гигиена негіздері, ағзаның жас ерекшеліктері, дене дамуының заңдылықтары, денсаулықты нығайту және оқу іс-әрекетінің әр түрлі түрлерінде жоғары жұмысқа қабілеттілікті қолдау, оқу іс-әрекетінің гигиеналық нормативтері туралы замана-уи мәліметтерді ұсынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Community Service
    Несиелер: 3

    Қоғамға қызмет ететін елеулі және жеке маңызды оқиғалар. Білім беру мақсаттарына және (немесе) мазмұн стандарттарына қол жеткізу үшін қоғамға қызмет етуді оқыту стратегиясы ретінде пайдалану. Өзі туралы және өзінің қоғаммен қарым-қатынасы туралы рефлексия. Қоғамға қызмет ету процесіндегі барлық қатысушылар арасында әртүрлілік пен өзара сыйластықты түсіну. Тәлімгерлердің басшылығымен қоғамға қызмет ету тәжірибені жоспарлау, енгізу және бағалау. Қоғамдастықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша әріптестік. Іске асыру сапасын бағалау және қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі прогресс, сондай-ақ жақсарту және тұрақтылық үшін нәтижелерді пайдалану. Қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру және нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін ұзақтық пен қарқындылық мәселелері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ диалектологиясы және әдеби тіл нормалары
    Несиелер: 3

    Пәнінің негізгі нысаны-жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу және оларды әдеби тіл нормасымен салыстыра қарастыру болып табылады. Диалект пен говордың айырмашылықтары туралы түсінік беріледі. Диалектолог ғалымдардың еңбектерімен танысу, соларға сүйеніп, қазақ прозасындағы, ауызекі сөйлеу тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Сонымен бірге, әдеби тіл нормаларын меңгеру. Пән бойынша білім алушылар негізгі заманауи теориялық және әдіснамалық тәсілдерін білуі қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Нормативтік қазақ тілі
    Несиелер: 3

    Бұл пән бойынша білім алушылардың қазіргі қазақ тілінен алған теориялық ұғымы практикамен ұштастырылып талдау, қорытындылау дағдылары қалыптастырылады. Сабақтардың дені жаттығу жұмыстарынан тұрып, білім алушылардың өз беттерінше ізденіп, шығармашылықпен шұғылданып, еңбектене қайталап отырған тіл фактілері туралы тереңірек білім алуына көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Этнолингвистика және қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің негізгі мақсаты – тілдегі сөз және оның мағынасын, семасиологиялық өрісін, ұлттық танымдық ерекшеліктерін, контекстік қызметін зерттеу болып табылады. Лексикологияның этимология, ономастика, топонимика, фразеология, лексикография салаларымен толыққанды танысу. Лексиколог – ғалымдардың паремиолог-ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, лексикалық талдауды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Когнитивті лингвистика
    Несиелер: 5

    Когнитивтік лингвистиканың басты мақсаты – адамның әлемді түсінуі, қабылдау үдерісі, білімді жинақтау, қалай жүзеге асырылатындығын саралау. Бұл пән - жүйелі ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс мәселелерін, білім, таным, сана ұғымын зерделеуге, студенттердің шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыруды көздейді. Курстың теориялық бөлімінде когнитивті лингвистиканы ғылым ретінде тану, оның ғылымдар арасындағы орны, ғылымның басқа салаларымен байланысы, оны зерттеу әдістері туралы мәліметтер беріледі.Тәжірибе сабақтары теориялық материалдарды меңгертуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Салыстырмалы грамматика
    Несиелер: 6

    Білім алушылардың салғастырмалы грамматикаға қатысты түсініктерін, ғылыми- теориялық білімдерін дамыту, толықтыру. Тілдің әр саласына қатысты тәжірибелік тапсырмалар орындау арқылы, теориялық білімдерін пысықтау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы пәні негізгі әдеби-теориялық категорияларды (тақырып пен идея, мазмұн мен пішін, әдеби тек пен түр, әдеби даму, стиль т.б.) шығарманы әдеби-теориялық талдау принциптерін үйретеді. Пән әдеби бейне, көркем шығарма, әдеби жанр, көркем шығарманың тілі т.б. әдебиеттанудың басты категорияларын меңгертуді мақсат етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ахметтану
    Несиелер: 4

    Ахмет Байтұрсынұлы аса ірі әдебиет теоретигі, ғұлама түрколог, жаңа қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ақын, әрі аудармашы, шебер публицист болғандығы туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Ол ұлттық демократиялық Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі. Ұлы ғалымның қалдырған мұрасы туралы студенттердің жеткілікті дәрежеде білім алуы барынша ескерілуі керек. Өйткен, жас маманның тағдыры нұрлы болуы үшін бүгінгі студенет институт қабырғасынан өз халқының рухани мұрасының жай-күйін жете меңгеріп шығуы тиіс.Ұлттың ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбегін адамзаттың жалпыға бірдей құндылықтарының қатарына қосу-елдік парыз. Қазақ халқының ұлы ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, шығармашылық жолы, қызметі, зерттеу еңбектері жайында студенттерге толық мәлімет бере отырып, ұрпаққа қалдырған мұрасының көркемдік құндылықтарын көрсету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі филологиясы және қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 3

    Жазу таңбаларының күрделі табиғатын таныту,олардың семасиографиялық кезеңімен фонографиялық кезеңі арасындағы ерекшеліктерін түсіндіру, қазақ жерінен табылған петроглифтердің графикалық жағынан зерттелу жайын, түркілердің тұңғыш дыбыстық жазу жүйесі көне түрік руна жазуының зерттелуі мен шығу тегі жайлык өз қарастарды жүйелеп беру,көне ұйғыр,араб,латын,армян,латын,орыс жазуларының түркілер арасына таралу себептерін түсіндіру. Студенттің қазақ тілінің қалыптасу тарихымен даму жолдары туралы ақпараттарды игере білуі туралы білім жүйесін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу заңнамалық нормалардың рөлі туралы жалпы түсінік беретін құқықтың негізгі салаларының мәселелерін қарауға бағытталған, сондай-ақ білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруды зерделеуді көздейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу кезінде білім алушылар көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, кәсіпорын, аймақ және тұтастай ел деңгейінде әсер ету әдістерін қолдана отырып, адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқарудың әдістемесі мен практикасын игереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ежелгі дәуір әдебиеті және хандық дәуір әдебиеті (ІҮ-ХҮІІІ ғ.)
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиеті тарихының құрамдас бөлігі болып табылатын түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көпғасырлық тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыру қажеттігін түсіну. Түрік қағанаты дәуіріндегі Орхон жазуындағы жәдігерліктерден бастап Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетке дейін жан-жақты, толық меңгеру. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет пәні ХҮ–ХҮІІІ ғасырлардағы дала поэзиясының озық үлгілерінен мағлұмат береді. Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген ақын-жыраулар Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар, Қожаберген, Шал, Көтеш т.б. әдеби мұралары игеріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәңірлік дәуір әдебиеті және жыраулар поэзиясы (ІҮ-ХҮІІІ ғ.)
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиеті тарихының қайнар бұлағы болып табылатын ҮІІ-ХҮ ғасырлар аралығындағы жалпытүркілік әдеби мұраларды меңгеру. Қазақ хандығы тұсындағы әлеуметтік-қоғамдық ахуалға, Керей, Жәнібек хандардың елдік мұраттар жолындағы іс-әрекеттеріне мән беру. Қазақ даласының ежелгі тарихына, руханият мәселелеріне назар аудару. Қазақ атауына қатысты дереккөздерін жаңаша пайымдау. Әз-Тәукенің «Жеті Жарғысының» маңыз-мәніне үңілу. Ел тарихы мен тағдырына қатысты ақын-жыраулар шығармашылығындағы дерек-дәйектерді жаңаша қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән экономикалық ойлау тәсілін, бәсекелестік ортада кәсіпорындардың табысты кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырудың теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби қазақ (орыс тілі
    Несиелер: 4

    Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте қолданылатын ұғымдар мен ғылыми көзқарастарды терең зерттеуге, кәсіби терминдердің мағынасын түсінуге, кәсіби лексиканы кеңінен қолдануға, өз ойын нақты жеткізе білуге баса назар аударылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 4

    Пән студенттердің таңдаған бағытына сәйкес және кәсіби тапсырмаларды шешу үшін практикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жалпы мәдени, кәсіптік және лингвистикалық құзыреттерді қалыптастырады және жетілдіреді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнде тіршілік ортасының қазіргі жағдайы мен жағымсыз факторлары, адамзаттың биоэкологиясы мен биосферасы, «адам-тіршілік ету ортасы» жүйесіндегі қауіпсіздік проблемалары, табиғи техногендік және әскери сипаттағы төтенше жағдайлар, адамның тіршілік ету ортасымен өзара іс-қимылының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; зиянды және қауіпті факторларды сәйкестендіру туралы оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Педагогиканың ғылым мен оқу пәні ретіндегі мақсаттары, міндеттері мен тұжырымдамалық негіздері анықталған. Педагогикалық білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздері сипатталған. Заманауи педагогтардың кәсіби құзыреттілігі анықталған. Білім алушылар педагогикадағы тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы, субъектілері, тәрбие мен оқыту үдерісінің технологиялық негіздерімен танысады. Киберпедагогика негізі, педагогтың іс-әрекетер мазмұнындағы инновацияларын зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тарихи сөзжасам және семантикалық аспект
    Несиелер: 4

    «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен семантикасы» пәні сөзжасамдық негізгі тәсілдермен таныстыру, сөзжасамдық тип пен үлгі мәселелерінен мағлұмат беру, туынды сөздердің жасалуын таныстыру, жаттықтыру, туынды сөздердің ішкі мағыналық құрылымын анықтау, туынды түбірлердің мағыналық байланысын ашу, сөзжасамдық ұя құрылымы мен қызметін, бірліктерімен таныстыру, сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін саралап, сөзжасамдық талдау, морфемдік талдауға үйретіп, жаттықтыру, дағдыландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
  • Қазақ тілінің морфемалар жүйесі
    Несиелер: 5

    Болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру. Грамматика және негізгі грамматикалық ұғымдар.Практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОӨЖ, СӨЖ арқылы білім алушылардың морфологиядан бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру. Білім алушылардың морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жастар саясаты және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    ҚР жастар саясаты. Жастар ұйымдары. Білім, отбасы, жұмыспен қамту және шығармашылық бастамалардағы жастар бағдарламалары. Шет елдердегі жастар саясаты. Жастар бастамаларын дамыту бойынша іс-шаралар. Тәрбие жұмысының негізгі әдістері, тәсілдері, құралдары мен бағыттары. Тәрбие жүйесі тұтас педагогикалық процестің бөлігі ретінде

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектептегі оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдемелер
    Несиелер: 5

    Научные основы методики критериального оценивания; проектирование критериев, оценивающих предметные и метапредметные результаты; разработка системы критериального оценивания, отвечающую требованиям системы 12-летнего образования; определение механизмов оценивания и самооценивания сформированности ключевых компетенций, обеспечивающих функциональную грамотность личности; определение требований к мониторингу учебных достижений учащихся, использование ИКТ и ДОТ

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    "Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық негіздері" пәнінің мақсаты – қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысының өзіндік ерекшеліктерін, морфема және оның табиғаты, морфеманың сөздік құрамы, тегі, генеологиялық негізі, сөз таптарының басты қағидалары, грамматикалық құрылыстың қолдану шеңбері, тілдік құрылыстың белгілі бір деңгейлерінің жүйелік ерекшеліктерін ашу. Сөздің грамматикалық тұлғасы. Грамматикалық категория.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Основной целью курса - является формирование у обучающихся умений инавыков использованияв процесс обучения,овладения методологическими основами и методологическими системами обучения к азахскомуязыку,практическими приемами владения языком,формирование у обучающихся высокого профессионального уровня,всесторонне развитого,глубокого теоретического знания, глубоких практических навыков,требовании, познании базово-нормативных документов и учебников,учебно–методических комплексовпо предмету,формирование навыков оценивания.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері-оқушы бойында эстетикалық талғамды дамытып,көркем туындыдағы имандылықпен ізгілікті ой көзімен қарап терең пайымдауға жол ашады. «Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі» пәнін оқу арқылы білім алушылар әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктерімен, әдеби білім мазмұнын оны анықтайтын ұстанымдармен,өмір талабына сай оқыту әдістемесін жетілдірудің теориялық-методологиялық негіздерімен жан-жақты танысуға мүмкіндікалады. Әдебиетші мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын өлшемдерді бойға сіңіріп,әдебиетті ғылым және сөз өнері ретінде меңгеруі керек.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Оқушылар игереді: Инклюзивті білім беру үлгілерін. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әртүрлі санаттары үшін инклюзивті білім беруді ұйымдастыру шарттары. Білім беру ұйымдарында инклюзивті үдерісті ұйымдастырудың құқықтық негіздері (халықаралық және отандық нормативтік құқықтық актілер). Біріктірілген оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Білім берудегі инклюзивті процестерді басқару

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ орфографиясы, орфоэпиясы және пунктуациясы
    Несиелер: 4

    «Қазақ орфографиясы, орфоэпиясы және пунктуациясы» пәнінің басты мақсатарының бірі - тыныс белгілерін дұрыс қойып, сауатты жаза білуге үйрету. Сабақтарда жай сөйлемнің, құрмалас сөйлемнің, төл сөздің тыныс белгілеріне ерекше көңіл бөлінеді.Көптеген мәселелер практикалық тұрғыдан меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдеби тұлғатануы
    Несиелер: 3

    Қазақ әдебиетіндегі әдеби тұлғалардың шығармашылығы,әдеби тұлғалардың шығармаларындағы тақырыппен идея,лиризм,характермен тартыс мәселесі,кейіпкерлердің өзіндік ерекшеліктері теориялық тұжырымдарға сүйене отырып түсіндіріледі. Пән әдеби тұлғалардың шығармашылығына теориялық тұрғыда назарсалумен бірге, ұлттық әдебиетіміздің қалыптасып, даму жолдарын оқытып, саралауға бағытталған. Әдеби тұлғалардың қоғамдық және көркем көзқарасының қалыптасу жолын,әдеби тұлғалардың шығармаларының текстологиялық зерттелуін бағамдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиетiнiң тарихы
    Несиелер: 5

    ХІХ ғасырдағы қазақ даласының қоғамдық- әлеуметтік жағдайын,тарихи оқиғалармен олардың әдебиеттегі көрінісін танытып,қазақ әдебиетінің даму сипатын,қазақ сөз өнерінің даму тарихында айырықша із қалдырған ақындардың өмірі мен шығармашылығын меңгертеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын, философиясын, қоғамдық, эстететикалық көзқарастарын, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесіне енгізген жаңалықтарын, ақындық тілді дамытудағы үлесін меңгертеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Латын графикасы және тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары
    Несиелер: 4

    Бұл пән латын негізді қазақ тілі әліпбиін, қазақ жазуының тарихын саралайды. Қазақ жазуын латын графикасына көшіру барысындағы орфоэпия және транскрипция мәселелеріне,онамастикалық атауларды латын әліпбиінде транслитерациялаудың ғылыми-практикалық негіздеріне, жаңа емледегі басшылыққа алынатын принциптергежан-жақты талдау жасайды. Қазақ тілінде тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдеби сынының тарихы
    Несиелер: 3

    Бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: Қазақ әдебиеті сынының тарихының даму және қалыптасу кезеңіндегі қазақ әдебиеті сынының негізін салушылар мен Алаш арыстары шығармашылықтарының әдеби айналымға оралуы, осы кезеңдегі әдебиеттану мен әдеби сын, тәуелсіз қазақ елі және тоқсаныншы жылдардан басталған жаңа әдеби даму үдерісі. Сын тарихының зерттелу жайы. Сынның әлеуметтік және эстетикалық міндеттері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен семантикасы
    Несиелер: 4

    Ол бастапқы кәсіби дағдыларды, алған теориялық білімдерін бекіту мен тереңдетуді, таңдалған мамандық бойынша қажетті дағдылар мен дағдыларды игеруді, болашақ кәсіби іс-әрекет туралы идеяларды кеңейтуді қалыптастырады, өздік жұмысты болжамайды, керісінше болашақ мамандығымен таныстыру және алғашқы ғылыми-зерттеу дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудың арнайы әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәнді оқи отырып, студенттер инклюзивті білім беруді қалыптастырудың мәнін, ерекшеліктерін, мәселелерін, оның нормативтік-құқықтық базасын меңгереді; ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды тәрбиелеу мәселесінің заманауи мәселелерін, перспективаларын және тәсілдерін қарастырады; сыныпта инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдейтін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру үлгілері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілін оқытудың педагогикалық технологиялары
    Несиелер: 4

    Бұл пән білім алушыларға дәстүрлі және заманауи интерактивті педагогикалық технологияларды меңгертуді көздейді. Пән аясында білім алушылар технологияларды ұтымды және орнымен қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдың ІІ жартысы мен Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 4

    ХХ ғасырдың екінші жартысы мен тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасының,поэзиясы мен драматургиясының тақырыптық,сюжеттік желілерін қарастырады.Қазіргі әдеби процесс - Тәуелсіздік идеясы. Ұлттық сананы жаңғырту. Қазақ жазушыларының шығармаларындағы Тәуелсіздіктің көрінісі, қоғамдық-саяси, әлеуметтік шындықтың гүлденуі. Әдеби шығармалардағы тарихи тұлғалардың көркем бейнелерін, дәстүрді дамыту жаңалығын, қазіргі әдеби процестің тақырыптық, көркемдік сипатын көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы және мәдениетаралық коммуникация
    Несиелер: 4

    "Қазақ тілінің стилистикасы және мәдениетаралық коммуникация " пәні тіл мен әдебетті обьект етеді. Қазақ әдеби тілінің даму сатысын көрсетеді. Көркем әдебиеттегі тіл ресурстарын жан-жақты зерттеп, сонымен қатар жекелеген авторлардың стильдік ерекшелігін және әдеби тілге қосқан үлесін қарастырады. Стилистика ғылымы - сөз мәдениетінің бірден бір көрсеткішіі болып табылады. Тілдік бірліктерді көпшілік ортада сауатты, мәнерлі қолдана білуге үйретеді. Стиль туралы түсінік бере отырып, оның құрылымын ұғындырады және тілдің эстетикалық табиғатын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін бағдарламалық мазмұнды бейімдеу
    Несиелер: 3

    Пән мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық -педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруға және бейімделген білім беру бағдарламаларын іске асыруға қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
    Несиелер: 5

    Сөз тіркесі, жай сөйлемнің басты белгілерін меңгерту. Құрмалас сөйлемнің басты белгілерін, оның жай сөйлемнен айырмашылықтарын ажырату. Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырушы тілдік амал-тәсілдер жүйесін меңгерту. Құрмалас сөйлем түр-түрін ажырата білуге үйрету. Төл сөздің түрлері мен төлеу сөздің айырмашылықтарын меңгерту. Тыныс белгілерінің түрлерін, олардың қойылатын орындарын меңгертіп, сауатты жазуға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 4

    ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму сипатында бір тарихи кезең аясында көркемдік шеберлік деңгейі әртүрлі, әралуан түсініктегі қаламгерлердің қатар қалам тербеуі қазақ әдебиетінің дамуына өзінше әсер етті.Бұл әдебиет өкілдерінің шығармашылықтарының өзіндік ерекшеліктері,ортақ сипаттарын саралай келе,әдебиеттанушы ғалымдар шартты түрде екі топқа бөлінетінін айқындады.Пәнді оқыту барысында ұлт тарихындағы отаршылдық дәуірге сипаттама беріліп,ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік, мәдени-ағартушылық ахуал таныстырылады.Оның әдебиет дамуына ықпалы зерттеліп,зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі мектептегі мәнерлеп оқу, шетел және балалар әдебиеті
    Несиелер: 4

    Шетел әдебиетінің тарихы пәні ежелгі дәуір әдебиетінен бастап қазіргі кезеңдегі әдеби мұралармен толық қамтылады.Пәнді оқытудың міндеттілігі білім алушылардың өз мамандықтары бойынша жүйелі және сатылы білім алуына негізделеді. Курс білім алушыларға шетел әдебиетінің тарихы бастаулары – антикалық,архаикалық,классикалық кезең,грек-рим әдебиетінің қаламгерлер туындыларынан, ерекшеліктерінен жәнет.б.жан-жақты,терең мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мәтін синтаксисі
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесін ғылымда әбден зерттеліп тұрақталған көзқарас тұрғысынан танып білу, сипаттау; білім алушының әдеби тіл нормаларын игеруіне көмектесу; болашақ мұғалімдерге қажеттілдік әдістемелік білімдер мен қаруландыру. Синтаксис туралы жалпы түсінік, синтаксистің зерттелуі. Сөз тіркесі синтаксисі. Сөз тіркесін топтастыру. Сөз тіркесінің байланысу формаларымен тәсілдері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көркемдік даму, дәстүр және жаңашылдық
    Несиелер: 4

    ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму сипатында бір тарихи кезең аясында көркемдік шеберлік деңгейі әртүрлі, әралуан түсініктегі қаламгерлердің қатар қалам тербеуі қазақ әдебиетінің дамуына өзінше әсер етті.Бұл әдебиет өкілдерінің шығармашылықтарының өзіндік ерекшеліктері,ортақ сипаттарын саралай келе,әдебиеттанушы ғалымдар шартты түрде екі топқа бөлінетінін айқындады. Пәнді оқыту барысында ұлт тарихындағы отаршылдық дәуірге сипаттама беріліп,ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік, мәдени-ағартушылық ахуал таныстырылады.Оның әдебиет дамуына ықпалы зерттеліп,зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON4

    Инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырады, мәдени мұраны түсінеді және құрметтейді, әлеуметтік, этикалық және ғылыми негіздегі пайымын қалыптастыру үшін ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асырады; әртүрлі тілдік жағдайларға бейімделген; көркем мәтінді жасау заңдылықтарын біледі.

  • Код ON6

    Мектеп оқушыларының сыни ойлауын дамытуға ықпал ететін оқыту мен бағалау стратегияларын қолданып формативті және суммативті бағалауды ұйымдастыруға қажетті критериалды бағалау технологияларын меңгереді, оқыту мен тәрбиелеудің міндеттеріне шығармашылықпен қарап, оқу және қашықтан оқу жағдайларында еркін бағдар жасай алады және тиімді шешім табады.

  • Код ON7

    Командалық жұмыстарды жүзеге асыруға негіз болып табылатын жалпы адами құндылықтарды, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді, көшбасшылық қасиеттерді және зерттеушілік дағдыларды меңгереді, физикалық және рухани даму жетістіктеріне, салауатты өмір салтын ұстануға қабілетті.

  • Код ON3

    Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып қоғамдағы түрлі өзгерістерге сәйкес кәсіби қызметі аясында қажетті жұмыстарды жүзеге асырады.

  • Код ON8

    Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім жүйесін меңгереді, кәсіби қызметінде кәсіби құзереттіліктерді қолданады. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда негізгі терминдердің мәнін, маңызды әдеби-тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын, оқытудың құрылымы мен мазмұнын, мектептегі жобалау, зерттеу жұмыстарының инновациялық әдістерін меңгереді, талдайды, оқу үрдісінде қолданады.

  • Код ON1

    Қоғамның мультимәдениеттілігі және лингвистикалық қажеттілігі негізіндегі ынтымақтастық дағдыларын қолдана отырып, әртүрлі қарым-қатынастың кәсіби-этикалық нормаларын меңгереді; ана тілін және шетел тілдерін қолданады; қойылған мақсатқа сәйкес оқыту әдістерін саралай отырып оқу материалы мазмұнын талдау негізінде оқу сабақтарын құрастырады.

  • Код ON2

    Жоғарғы оқу орнында математикалық, жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқу үрдісінде алынған білім беру әлеуетін, тәжірибесі және жеке тұлғалық қасиеттерін көрсетеді, әдістерді анықтайды, кәсіби міндеттердің шешімін бағалайды және бақылайды, математикалық және жаратылыстану ғылыми ойын дамытады.

  • Код ON5

    Экономика, менеджмент, маркетинг, қаржы саласындағы білім негіздерін игереді, оларды қалыпты емес шешімдер іздеуде және инновациялық идеяларды жасауда қолданады.

Top