7M01717 Қазақ тілі мен әдебиеті в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі саласында іргелі және қолданбалы білімді меңгерген және педагогикалық және ғылыми қызметке қабілетті білікті кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
-
Қазақ тілін жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Несиелер: 5Пән антропонимдердің аз зерттелген тұстарын, антропонимиканың тереңдей зерттелуіне байланысты туындаған жаңа мәселелерді, жаңа бағыттармен байланысты проблемаларды, тіл білімінің арнайы саласы ретінде айналымға енуін қамтиды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Салыстырмалы мифология
Несиелер: 5Салыстырмалы мифология ұстанымдары, қазақ мифологиясының өзіндік ерекшеліктері және әлем мифологиясымен сабақтастығы талданады. Әлем мифологиясындағы қаһармандар мен сюжеттер, мотивтер жүйеленіп, салыстыра қарастыру көзделеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Несиелер: 5“Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту әдістемесі” пәні білім берудің жаңа тұжырымдамасын (парадигмасын), жаңа педагогтық және дидактикалық білімнің тұтас жүйесін қамтиды. Жаңашаландыру (модернизациялау) жағдайындағы әдеби білім берудің кешенді әдіснамасы талданады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Компьютерлік лингвистика
Несиелер: 5Компьютерлік лингвистика саласындағы негізгі мәселелермен, тілдік құбылыстарды модельдеудің математикалық әдістерімен, табиғи тілді автоматты өңдеу саласындағы негізгі құралдармен және технологиялармен танысу, мәтінді талдау және синтездеу процестерін алгоритмдік түрде көрсете білу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қазақ антропонимикасы
Несиелер: 5Пән антропонимдердің аз зерттелген тұстарын, антропонимиканың тереңдей зерттелуіне байланысты туындаған жаңа мәселелерді, жаңа бағыттармен байланысты проблемаларды, тіл білімінің арнайы саласы ретінде айналымға енуін қамтиды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Ғылым тарихы және философиясы
Несиелер: 4«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қазақ әдебиеттануының тарихы
Несиелер: 5Әдебиеттанудың даму, қалыптасу тарихы туралы кең түрде түсінік беріле отырып, әр кезең әдебиеті тарихының дамуына тиісті басты ерекшеліктер сараланады. Қазақ әдебиеттанушы ғалымдардың іргелі еңбектеріндегі басты ұстанымдар меңгертіледі.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Шет тілі (кәсіби)
Несиелер: 4«Шетел тілі (кәсіби)» курсы академиялық жазудың нормаларын меңгерту, сыни талдаулардың дағдыларын дамыту, ғылыми шолулар дайындау, аннотациялар, зерттеу тақырыптары бойынша рефераттар және библиографиялар құрастыруды қарастырады, тілдік емес мамандықтардың магистранттарына жоғары базалық стандарт (С1) деңгейіндегі шет тілдік білімді меңгерту үрдісінде мәдениаралық-коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Автор және кейіпкер
Несиелер: 5Автор және кейіпкерлер туралы тұжырымдар мен пайымдаулар, автор бейнесі, имплицитті және нақты автор туралы талдау-тұжырымдар негізделеді. Авторлық ұстаным, автор мен нарратор байланысы, кейіпкерлер категориясы талданады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Несиелер: 4Бұл пән жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде магистранттардың тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыра білуін дамыту, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруге және табысты ғылыми шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Несиелер: 5Әдебиеттанудың тарихын дәуірлеудің теориялық аспектілерін анықтау, олардың негізгі қағидаларын меңгерту. Әдебиет дамуының заңдылықтарын, ішкі, сыртқы факторларын зерттеу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Тіл білімінің өзекті мәселелері
Несиелер: 5«Тіл білімінің өзекті мәселелері» теориялық курсы қазіргі кезде жан-жақты зерттеліп, тіл білімінің синхронды және диахронды даму кезеңдеріне негізделген зерттеулерді, зерттеу әдістерін, ерекшеліктерін талдауға негізделген.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Басқару психологиясы
Несиелер: 4Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қазақ этнолингвистикасы
Несиелер: 5Этнолингвистика арқылы этносты, оның тілін танып-білуді, тілдің коммуникативтік қызметімен қоса, куммулятивтік қызмет атқаратын ерекше ғылым саласы екенін меңгерту.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Несиелер: 5Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық аспектілерін анықтау, олардың негізгі қағидаларын меңгерту. Тіл дамуының заңдылықтарын, ішкі, сыртқы факторларын, тілдік зерттеулердің концепцияларын негіздеу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Грамматика теориясы
Несиелер: 6Курста грамматикада қалыптасқан принциптер мен заңдылықтардың жүйесін белгілейді. Грамматиканың құрылымдық, семантикалық, логикалық, функционалды- коммуникативтік аспектілерінің ерекшеліктері мен өзара байланыстарын айқындайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
Несиелер: 5Әдебиеттанудың даму ерекшеліктері мен көкейкесті мәселелері, ғылыми негізде шешілуге тиісті теориялық зерттеулерін саралау, жаңа қағидалар мен тұжырымдарын анықтау.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Қазақ әдебиетін зерттеу әдістері және әдіснамасы
Несиелер: 5Әдебиеттану ғылымындағы зерттеу бағыттары мен арналарын ғылыми тұрғыда меңгерту. Әдеби зерттеу әдістері және олардың негізгі мақсат-міндеттерін теориялық бағытта саралау. Көркем шығарманы тұтастай және жекелей талдау жолдарын дәйектеу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Фольклортану тарихы мен теориясы
Несиелер: 6Фольклор тарихының зерттелуі, жетекші фольклорист ғалымдардың еңбектері жүйеленіп, басты ұстанымдарын айқындау. Фольклордағы ұқсас мотивтер мен сюжеттерін, жанрлар функциясын, тілін, көркемдігін саралау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Мәтін теориясы
Несиелер: 6Мәтіннің ғылыми- әдістемелік негіздері басқа ғылымдармен қатар қалыптасып, тіл білімінде жетекші орын алатынын дәйектеу. Тіліміздің даму тарихы, әдеби тіл дәрежесіне көтерілу сатылары мәтіннің психологиямен, тілдік қатынаспен байланыстылығын негіздеу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Мәтіннің әдеби-теориялық негіздері
Несиелер: 6Шығарма мен мәтін арасындағы байланысты негізге ала отырып, мәтіннің табиғатын, құрылымын түсіндіру. Мәтіннің құрылымдық элементтерін талқылау. Мәтіндегі дискурс және оның түрлері туралы түсінік беру. Көркем мәтіннің құрылымдық-прагматикалық негіздерін таныту
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Тілді зерттеу әдістері
Несиелер: 5Курстың негізгі нысаны – ғылыми жұмыстың ұйымдастырылуын, жоспарлануын, ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдіс-тәсілдерін меңгерту. Қазақ тілін зерттеу әдістері туралы ақпараттарды игерте білу туралы білім жүйесін қалыптастыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Код ON4
ХХ-XXI ғғ. әдебиеттанудың негізгі әдіснамалық бағыттарын айқындау, оларға тән қағидаттар мен ауызша-көркем шығармаларды талдау және интерпретациялау тәсілдерін қарастыру. Әдебиеттанулық, тілдік зерттеу жүргізу формаларын, нормалары мен әдістемесін меңгеру
-
Код ON2
Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу
-
Код ON8
фольклор мен мифология шығармаларын ұлттық рухани мәдениеттің феномені ретінде түсіндіру
-
Код ON5
тілдік, әдеби материалдарды талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін, оқыту және бақылау әдістерін меңгеру, қазақ тілі мен Қазақ әдебиеті бойынша оқу, ғылыми сабақтар мен іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;
-
Код ON1
Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады
-
Код ON7
фольклорды зерттеу саласындағы ғылыми мектептердің қалыптасу тарихы мен бағыттары бойынша жүйелендірілген білімді меңгеру, арнайы әдебиетте бағдарды түсіну, этнолингвистика, қазақ антропонимикасының дамуын түсіну
-
Код ON3
негізгі категорияларды, тіл тарихының теориялық негіздері туралы түсініктерді, әдебиет тарихын кезеңдеу мәселелерін, тіл, әдебиет тарихын оқытудың маңызды аспектілері туралы мәліметтерді, зерттеудің практикалық дағдыларын меңгеру
-
Код ON6
ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі мен әдіснамасын, өзіндік ғылыми және зерттеу жұмысының дағдыларын меңгеру
7M01717 Қазақ тілі мен әдебиеті
МагистратураЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M01717 Қазақ тілі мен әдебиеті
МагистратураSilkway Халықаралық университеті
БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша