6B01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктерді меңгерген, бәсекеге қабілетті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімін даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
-
Әдебиеттануға кіріспе
Несиелер: 4Әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуы, кейіпкерлер портреті мен образы, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы, шығармадағы тілдік бейнелеулер,шығарманы өмірмен салыстырып бағалау жайлы түсінік қалыптастырады,эссе жазудың жолдарын, әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдауды үйретеді;талдаудың ерекшелігіне сай сыни және жүйелі ойлауын дамытады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Несиелер: 3Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Практикалық қазақ тілі
Несиелер: 5Қазақ тілі дыбыстарының, емленің қалыптасуы мен айтылу заңдылықтарын зерттейді; сингармонизм заңын, сөздердің мағынасын, тұрақты сөз тіркестерін игеруге ықпал етеді, сөздердің құрамы мен формасы туралы, сөздерді біріктірудің түрлері мен тәсілдері туралы, сөйлемдердің мүшелері мен түрлері туралы білімдерін тереңдетеді. Тілдік заңнаманы тұжырымдауға, кешенді тілдік талдауды практикада дұрыс қолдануға үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Тіл біліміне кіріспе
Несиелер: 4Дүниежүзі тілдерінің пайда болуы мен дамуы, генеологиялық, типологиялық ерекшеліктері, тілдің табиғаты, коммуникативтік қызметі, ойлау,тіл мен қоғамның диалектикалық бірлігі жайлы мәселелерді пәнаралық байланыста қарастырады. Пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын сыни ойлау тұрғысынан саралауды, ғылым мен әдістеменің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып зерттеуді меңгертеді.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Халық ауыз әдебиеті
Несиелер: 6Ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі фольклордың тақырыптық-көркемдік ерекшеліктерінің дамуы, фольклордың тарихи құндылықтары,кейіпкер образы, көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшеліктері,оқиға желісі, шығарманың эстетикалық құндылығы, фольклор ғылымының жетістіктері және басқа салалармен, әсіресе әдебиетпен байланысы жайлы мәселелерден хабардар етеді;талдауды практикада дұрыс қолдануды, өз идеяларын ұсынуды, шығарманы талдауды үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр 3
-
Жасерекшелік психологиясы
Несиелер: 4Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.
Оқу жылы - 2
Семестр 3
-
Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті
Несиелер: 7Пәнаралық байланыс негізінде Орхон ескерткіштері мен М.Қашғари, Қ.А.Ясауи, халықтың дүниетанымы мен наным-сенімі, ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері - Асан қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді, Бұхар жырау сияқты ақындық поэзияның көрнекті өкілдерінің шығармашылығын қамтып, ежелгі түркілік және жыраулық поэзияның сабақтастығы, идеялық-көркемдік жалғастығын, жыраулық мұралардың тарихилығын түсіндіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр 3
-
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
Несиелер: 6Қазақ тілінің дыбыстық құрамы, дыбыстардың жасалу жолы, жасалу тәсілі, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтары, үндестік заңы, буын және екпіннің түрлері, олардың атқаратын қызметтері, фонетикалық құбылыстар жайлы мәселелерді түсіндіреді.Фонетикалық талдауды практикалық тұрғыдан меңгертеді, ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып талдау арқылы фонетикалық заңдылықтарды тұжырымдауды үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр 3
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Несиелер: 5Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Ғылыми зерттеулердің әдістері
Несиелер: 5Пәнді меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Несиелер: 5Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Несиелер: 5Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
Несиелер: 5Лексикология тілдік бірлік ретіндегі сөздердің семантикалық құрылымы, сөздік құрамның толығу жолдары, сөздіктерді құрастыру принциптері мен оларды жасау жолдары, пәннің тұжырымдамалық және теориялық негіздері жайлы мәселелерді қарастырады; басқа ғылым салаларымен байланыстыра отырып, тілдік заңдылықтарды талдауды және оны практикада дұрыс қолдану жолдарын меңгертеді.
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Несиелер: 5ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Бағалаудың заманауи технологиялары
Несиелер: 5Пән бағалаудың заманауи технологиялары туралы мағлұмат беріп, оқу барысында оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың заманауи үлгілерін қолдану, бағалау жүйесін ұйымдастыруды жүзеге асыру жолдарын, дифференциалды бағалаудың тәсілдерін, диагностикалаудың негіздерін, мектептегі оқыту мен басқару және өзін-өзі бағалаудың негіздерін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Несиелер: 5Пән бойынша базалық нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды талдауға және тануға үйретеді; оларды басшылыққа алу және пайдалану дағдыларын қалыптастырады; қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ әдебиетін мектепте оқытудың әдістемелік жүйелерін меңгертеді; білім беру технологияларымен таныстырады, оны оқу процесінде пайдалану жолдарын үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
XIX-XX ғасырлардағы қазақ әдебиеті
Несиелер: 7XIX-XX ғасыр басындағы тарихи оқиғаларға байланысты жазылған көркем шығармалардың ерекшеліктері, ақын-жазушылардың өмірі жайлы мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр 5
-
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
Несиелер: 5Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.
Оқу жылы - 3
Семестр 5
-
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі
Несиелер: 6Студенттерге қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан үйретудің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгертеді, ұстаздық шеберлікке жетуге бағыт-бағдар беретін әдістеме жүйесін үйретеді
Оқу жылы - 3
Семестр 5
-
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы
Несиелер: 7Сөздердің лексика–грамматикалық топтары, олардың әрқайсысына тән грамматикалық сыр–сипат, туынды сөздердің жасалу жолдары мен тәсілдері, сөзжасамдық бірліктері, сөздердің тұлғалық өзгеру, түрлену жолдары, тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі, негізгі грамматикалық ұғымдары, сөз таптарының грамматикалық ерекшеліктері, тұлғалану жолдары мен тәсілдері сияқты мәселелерді қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр 5
-
Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
Несиелер: 7Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің түрлері, олардың жасалу жолдары, байланысу формалары мен тәсілдері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері, тыныс белгілері және олардың қолданылу ерекшеліктері жайлы пәннің теориялық негіздерін түсіндіру, синтаксистік талдаудың ерекшеліктерін меңгертіп, болашақ кәсібінде дұрыс қолдануға машықтандырады, синтаксистің даму тарихын зерттеп, дұрыс тұжырым жасауға дағдыландырады.
Оқу жылы - 3
Семестр 6
-
Қазақ әдеби сынының тарихы
Несиелер: 5Әдеби туындының идеялық-көркемдік құнын белгілеу, мәні мен маңызын анықтау арқылы шығарманың бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетуге, оқыған шығарманың байыбына барып, оны дұрыс бағалауға, сын-пікір айтуға, ұлттық мүдде тұрғысынан талдауға, салыстыру арқылы көркем мәтінді интерпретациялауға баулиды.
Оқу жылы - 3
Семестр 6
-
Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті
Несиелер: 7С.Сейфуллин, Б.Майлин, М. Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, Ө.Тұрманжанов, т.б. шығармашылығын, проза, драма, поэма, драматургия, сын, эссе жанрларының даму ерекшеліктерін, жаңа бағыттардың дамуын пәнаралық салалармен байланыстыра отырып түсіндіреді. Сюжеттік-композициялық талдау жасауды, әдеби тілді құбылту мен айшықтауларды салыстыруларды, шығарманың көркемдік құндылығын бағалауды, мәтінді интерпретациялауды практикада дұрыс қолдануды үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр 6
-
Сөздікпен жұмыс
Несиелер: 6Сөздікпен аударма жасаудың техникасы,сөздікпен аударма және аударма жасаушыға қойылатын талаптар жайлы мәселелер қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 7
-
Әдебиет теориясы
Несиелер: 6Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңдері, шығарма табиғаты, автор мен адресат, кейіпкер және архетип, мәтін құрылымы, стиль, көркемдік әдіс, жанрлар типологиясы жайлы түсінік береді; әдеби құбылту мен айшықтаудың түрлерін, шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдауды, эпизодтарды салғастыра отырып интерпретациялауды үйретеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 7
-
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда инновациялық және компьютерлік технологияларды қолдану
Несиелер: 5Білім беру мазмұнымен таныстырып, білім мазмұнын Блум таксономиясы арқылы меңгертуді қамтамасыз етеді; критериалды бағалау жүйесін түсіндіреді, инновациялық технологияларды практикада қолдануға қажетті дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр 7
-
Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы типологиясы
Несиелер: 6Тіл теориясының қазіргі даму кезеңдері мен фонетика, лексика және грамматика салала-рының ерекшеліктері мен ұқсастықтары, салыстырмалы және салғастырмалы типологияның талдау әдістері, тілдерге тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктер жайлы білімді игертеді. Игерген білімін практикада қолдану жолдарын меңгертеді. Тілдік заңдылықтар жайлы проблемаларды ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып талдайды, тұжырымдайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 7
-
Түркітануға кіріспе
Несиелер: 6Түркітану ғылымының іргелі заңдылықтары тұжырымдалады және олардың топтастырылуы,түркі жазуы мен тіл мәдениеті,көне түркі руникалық ескерткіштері,графикалық жүйе болып қалыптасқан көне түркі руникалық алфавиті және теориялық негіздерін түсіну және интеграциялауды көрсетеді, ғылымның соңғы жетістіктерін бағалайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 7
-
Жазбаша аударма практикасы
Несиелер: 6Тілдегі жүйелілік және айқын құралдарды барынша терең игеруге, мәтіндер мен тілдік қорларына аударма тұрғысынан салыстырмалы сараптама жасау дағдысын дамытуға, ана тіліндегі жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, білім негіздерін интеграциялауға және практикада қолдануға, цифрлық білім ресурстарын пайдалануға, креативтілік, коммуникативтілік танытуға мүмкіндік жасайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 7
-
Әлем әдебиеті
Несиелер: 6Әлем әдебиетіндегі шығармашылық мәселесінің өз елдерінің тарихымен, философиясымен, ғылымымен,тығыз бірлікте қарастырылады. Біздің жыл санауымызға дейінгі антикалық мәдениеттен бастап қазіргі заманымызға дейінгі әдебиет қарастырылады. Антикалық әдебиеттің ролі; ағартушылық реализмнің эстетикалық ұстанымдары; XIX ғасырдағы классикалық романтизм; натурализим, реализм, модернизм, постмодернизмнің эстетикалық ұстанымдары; әлем әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы жайлы білімдер жүйесін қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр 7
-
Әдеби аударма негіздері
Несиелер: 6Аударматану ғылымының теориялық мәселелері, аударма жасаудың техникасы, аударма және аудармажасаушыға қойылатын талаптар жайлы мәселелер қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 7
-
Код ON7
ортақ мақсатқа жету үшін командада тиімді жұмыс істеуде, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік және көшбасшылық көрсете біледі
-
Код ON11
Әдеби тілді құбылту мен айшықтауды, шығарманың идеясы мен пафосын, тұлғалық болмысты ұлттық мүдде және гуманистік тұрғыдан талдау арқылы көркем мәтінді интерпретациялайды
-
Код ON3
оқушыларды сыни ойлауға, шығармашылыққа, проблеманы бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, қазіргі жағдайын саралайды
-
Код ON6
оқушының тұлғалық дамуына әсер ету, өмір бойы білім алуға бағытталған дамытушы білім үлгісін көрсетеді
-
Код ON12
Сыни, әдеби-теориялық, тілдік-стилистикалық талдауды және аударманы қолдану арқылы әдебиетке, БАҚ материалдарына қатысты мәселелерді салыстырмалы түрде зерттейді
-
Код ON8
педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі
-
Код ON2
берілген ақпаратқа сүйене отырып, игерген білімін практикада қолдана алады
-
Код ON9
Тілдік заңдылықтар мен тіл тарихының дамуы жайлы проблемаларды ғылым мен әдістеменің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжырымдайды
-
Код ON4
пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдаланады
-
Код ON5
пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана біледі
-
Код ON10
өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни және жүйелі ойлауын дамытады
-
Код ON1
пәндік және пәнаралық саланың іргелі заңдылықтарының тұжырымдамалық және теориялық негіздерін түсіну және интеграциялауды көрсетеді