Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11401 Әлеуметтік жұмыс в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қиын өмірлік жағдайда жүрген клиенттердің түрлі санаттарына әлеуметтік көмек көрсететін; ерекше көмекке мұқтаж тұлғалармен және топтармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыратын және үйлестіретін; талдау-зерттеу қызметін жүргізетін; әлеуметтік мекемелер жүйесінде ұйымдастыру-басқару қызметіне қатысатын білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B090 Әлеуметтік жұмыс
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B114 Әлеуметтік жұмыс
  • Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтары, биосфераның жұмыс істеуі, зиянды, зақымдайтын факторлардан адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, қауіптерден қорғау тәсілдері, авариялар, апаттар, табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - заңдылықтарды, тұжырымдамаларды, кәсіби қызметті ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен басқарудың ерекшеліктерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән қазіргі ғылыми әдістемеге сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жоспарлау дағдыларын; ғылыми әзірлемелер, ғылыми байланыстар мүмкіндігі, әр түрлі деңгейдегі ғылыми гранттарға өтінім беруге, ақпараттарды іздеу тәртібінің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әл-Фараби және қазіргі заман
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Абай ілімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби білімін, түсінігін, қабілетін елдің ынтымағы мен бірлігін нығайту, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатында қолдану құзіреттілігін қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер:Абай ілімі туралы түсінік; Абай ілімінің қайнар көздері; Абай ілімінің құрамдас бөлімдері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімінің өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтік саясат, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қызметкердің кәсібі
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты білім алушыларды болашақ кәсіби қызметінің мазмұнымен, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарымен, халықтың осал санаттарын мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесімен таныстыру. Курс әлеуметтік саясаттың мәні, бағыттары, қағидалары мен механизмдері туралы жүйелі білім мен түсінік алуға бағытталған. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметі негіздерінің теориялық және әдіснамалық базасы қалыптасуда.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын жетік білетін, құқық қолдану тәжірибесінде қолдана алатын, сыбайлас жемқорлықты дұрыс саралайтын жоғары білікті мамандарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі, жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар, оған қарсы саясат, жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтік жұмыс: тарих, теориялар мен тәсілдер
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттердің әлеуметтік жұмыс қалыптасуының негізгі кезеңдері, формалары, үлгілері туралы білімдерін қалыптастыру. Әлеуметтік жұмыстағы негізгі теориялар туралы түсінік, әлеуметтік жұмыста қолданылып жүрген тәсілдер туралы білім қалыптастыру. Курс әлеуметтік жұмыстың теориялық құрылымдары туралы білім мен түсінік алуға, әлеуметтік жұмыс тәжірибесін институттандыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік жұмысты құқықтық камтамасыз ету
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты студенттердің әлеуметтік көмек шараларын, әлеуметтік қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін нормативтік-құқықтық актілерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс әлеуметтік жұмысты құқықтық реттеу шараларының кешенін қамтамасыз ететін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарды түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастыру. Пән жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтарға әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша құқықтық инструментарийді зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты кәсіптік қызметтің қағидаттары мен адамгершілік нормалары жүйесінде клиентпен өзара әрекеттесу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әлеуметтік жұмыстың этикалық құраушысы туралы білімдердің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік жұмыс мамандығының адамгершілік нормалары жүйесімен байланысын, кәсіптік топ адамының мінез-құлқының адамгершілік нормалар жүйесін зертеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты топтардың, индивидтердің әлеуметтік мәселелерін анықтау, шешу қабілетін қалыптастыру; әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің, оның әдіснамалық негіздері мен технологиялық моделдерінің мәнін түсіндіру. Оқу курсы болашақ мамандардың клиенттердің түрлі санаттарына көмекті ұйымдастыру тәсілдерінің кәсіптік икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырады. Пән әлеуметтік қызметтің ерекше түрі ретіндегі әлеуметтік жұмыстың технологияларының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Адам мінез-құлқы және әлеуметтік орта
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты адамның әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын түсіндіретін негізгі теорияларды анықтау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы адамды, қоршаған ортаны және олардың тұрақты, өзара бір-біріне ықпалын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән адамның өмір циклы барысындағы мінез-құлқын, адамдар өмір сүретін әлеуметтік жүйелер диапазонын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты студенттердің әлеуметтік жұмыстың экономикалық саласындағы базалық түсініктерін, әлеуметтік салада қызметтерді ұсынудың тиімділігін арттыру мен бағалау бойынша дағдыларын қалыптастыру. Оқу курсы экономикалық және әлеуметтік саясаттың мәні мен мазмұнын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік жұмыс ұйымдарының шаруашылық жүргізуші субъект ретінде қызмет етуінің мәні мен ерекшелігін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жастармен әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты ерекше әлеуметтік топ ретінде жастар туралы, әлеуметтік жұмыстың негіздері мен нысандары туралы толық түсініктер қалыптастыру. Курс жастардың проблемаларын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін; әлеуметтік жұмыстың қазіргі заманғы тәжірибелерін талдау мен бағалау икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырады. Пән мемлекеттік жастар саясаты мен жастармен әлеуметтік жұмыс нысандарының, құрылымының, негіздерінің сипаттамаларын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік жұмыстағы кейс-менеджмент
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты болашақ әлеуметтік жұмыс мамандарының әлеуметтік жұмыста кейс-менеджмент моделін қолдану икемділіктерін қалыптастыру. Курс кейс-менеджмент туралы халықтың түрлі санаттарының қызметтерді алуын бағалау, жоспарлау, көмектесу, қолдаудың біріккен процесі ретінде түсінік қалыптастырады. Халықтың түрлі топтарының өкілдерімен индивидуалды әлеуметтік жұмыста қолданылатын әдісті түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік жұмыс статискасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты әлеуметтік жұыстағы негізгі статистикалық зерттеу әдістері туралы түсініктер қалыптастыру. Оқу курсы әлеуметтік объектілер, құбылыстар мен процестер туралы объективтік және сенімді деректер алу үшін зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастырады. Пән әлеуметтік статистиканың теориялық негіздерін, әлеуметтік жұмыстағы зерттеу әдістемесінің әлеуметтанулық аспектісі туралы түсініктерді меңгеруге бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік жұмыстағы зерттеу тәжірибесі 1
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізу қабілетін қалыптастыру, сонымен бірге әлеуметтік қызметтің тәжірибесіндегі зерттеулердің нәтижелерін рәсімдеу талаптарымен, зерттеулердің негізгі техникаларымен, әдістерімен таныстыру. Оқу курсы зерттеушілік қызметке дайындық пен іске асырудың негізгі тәсілдерін, әлеуметтік зерттеуді жүргізу дағдыларын қалыптастырады. Пән әлеуметтік зерттеулерді жүргізу, ұйымдастыру қағидаттарын, негізгі түсініктерін меңгеруге бағытталған

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік жұмыстағы гендерлік мәселелер
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты гендерлік мәселелермен жұмыс бойынша түрлі ведомствоаралық тәсілдер, әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің гендерлік сұрақтарындағы әлеуметтік факторлар рөлі туралы түсініктерді қалыптастыру. Курс әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі гендерлік сұрақтарды түсінудің, интеграциясының, сыңи талдауының теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән қазақстандық қоғамдағы гендерлік сұрақтардың тенденцияларын, динамикасын талдауды зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ересектер және егде адамдармен әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс туралы жүйелік түсініктерді, халықтың бұл санатымен тиімді кәсіптік қызмет үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру. Курс қарттармен әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының моделіне сәйкес технологияларды таңдау ерекшелігінің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, делдалдық, консультациялық көмектің негізгі сипаттамаларын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік жұмыстағы супервизия негіздері
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты әлеуметтік жұмыстағы супервизияның қазіргі заманғы жағдайы саласындағы теориялық білімдер жүйесін қалыптастырады. Курс оның мәні, ерекшелігі, нысандары, түрлері, түсініктері, қағидаттары туралы түсініктер қалыптастырады. Пән көмек көрсетуші мамандықтардағы супервизияның, аутосупервизияның ерекшелігін, қызметтерді көрсету сапасына маманның кәсіптік және тұлғалық деформацияларының тұрақсыздандырушы ықпалының дәрежесін болжамдық бағалау тәсілдерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік жұмыстағы көмек және өзіне-өзі көмек көрсету технологиялары
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты әлеуметтік көмектің қазіргі заманғы тенденциялары туралы теориялар, тәсілдер мен әдістер туралы білімдер қалыптастыру. Оқу курсы әлеуметтік жұмыс пен этиканың фундаменталды құндылықтарының, әлеуметтік көмекке қолданыла алатын дағдылар мен білімдердің ерекшеліктерін; әлеуметтік жұмыс клиентінің өзіне-өзі көмек көрсету ерекшелігін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән адамдарға көмек көрсетудің негізгі тұжырымдамаларын зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік жұмыстағы демография
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты демографияны әлеуметтік ғылым ретінде, оның халық туралы ақпараттарды жинау және талдау әдістері, демографиялық процестер мен демографиялық мінез-құлық туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқу курсы халық, демографиялық мағлұматтардың негізгі дереккөздері, демографиялық талдаудың базалық құралдары туралы ақпарат жинау жүйесі дағдыларын қалыптастырады. Пән әлеуметтік қызмет контекстіндегі демографиялық көрсеткіштердің маңызын зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік жұмыстағы зерттеу тәжірибесі 2
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі негізгі тұжырымдамалар мен әдістерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әлеуметтік жұмыста жобалық және жоспарлық, зерттеушілік қызмет барысында туындайтын мәселелердің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән зерттеу ерекшелігін меңгеруге және әлеуметтік жұмыстың зерттеу тәжірибесінде сандық сияқты, сапалық зерттеу әдістерін де қолдануға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мамандандырылған мекемелерде әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты түрлі мамандырылған мекемелерде әлеуметтік жұмысты сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы түрлі мекемелердің мамандандырылған қызметінің ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік жұмыстың түрлі технологияларын, әдістерін, нысандарын іске асыру ерекшелігін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік салада ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті іске асыруды талдауды зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік жұмыстағы мәселелері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты әлеуметтік жұмыстағы конфликтологиялық бағыттағы негізгі концепциялар мен теорияларды сипаттау, бағалау қабілетін қалыптастыру. Курс жанжалдарды шешуге араласу әдістемесін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән жанжалдарды шешудің шектерін және дәстүрлі, заманауи теорияларын зерттеуге, конфликтілі жағдайларды шешуге арналған әдістерді сипаттауға және талдауға, конфликтілі жағдайларды шешу бойынша жоспарды әзірлеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік жұмыс және цифрлы қоғам: тәжірибелер және технологиялар
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде сандық әдістерді қолдану туралы идеяларды қалыптастыру. Оқу курсы әлеуметтік процестерді болжау кезінде, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік салада қолданылатын технологияларды басқаруда жаңа сандық технологияларды практикалық қызметте қолданудың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар және мониторинг
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты студенттердің әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің міндеттерін тиімді шешу үшін зерттеудің теориялық-әдіснамалық базасын, әлеуметтік қызметтерді өлшеу мен сандық бағалау және стандарттау, мониторинг жүргізуді меңгеру болып табылады. Оқу курсы қазіргі квалиметрия мен стандарттаудың жетістіктері негізінде әлеуметтік қызметтер, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсету сапасын бағалау мен бақылауды жүзеге асыру қабілетін қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Балалар мен әйелдерге қатігездік көрсету: бағалау және араласу
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты балалар мен әйелдерге қатыгездік көрсетудің түрлі нысандары, тәуекел және қорғаныс факторлары туралы білімдер қалыптастыру. Оқу курсы дискриминацияға ұшыраған болған балалар мен әйелдерді оңалту бойынша қол жетімді қызметтерді талдауды түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән клиентпен жұмыс барысында әлеуметтік қызметкердің араласу тәжірибесінің әдістерін бағалауды және түрлі жүйелерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлеуметтік жұмыстағы басқару, ұйымдастыру және әкімшілендіру
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттердің әлеуметтік жұмыс менеджменті саласында білімдерін қалыптастыру. Курс ғылыми менеджменттің қалыптасуы мен дамуын; басқарудың түрлі тәсілдерін; әлеуметтік жүйе ретінде ұйымдарды; коммуникациялық процесс пен басқарушылық шешімдерді түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік жұмыстағы басқаруды; басқару әдістерін; әлеуметтік сала мекемелеріндегі іс қағаздарын жүргізуді зерттеуге бағытталған

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қала дамуы және қалалық әлеуметтік қозғалыстар
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты қалалар мен әлеуметтік қозғалыстардың дамуындағы негізгі доктриналар мен дереккөздерді сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы қалалық әлеуметтік қозғалыстардың дамуындағы оқиғалар туралы білімдердің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән қоғамда табиғатқа деген қарым-қатынасқа, әлеуметтік қозғалыстарға, отбасылық өмірге, әділеттілік сезіміне, саясатқа қатысты қала дамуын зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Отбасылық және әлеуметтік мәселелер
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты әр түрлі отбасылармен жұмыс жасау үшін бағалау, араласу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс отбасылармен әлеуметтік жұмыстың өзара әрекеттесу моделдерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі негізгі новаторлық отбасы терапиясы моделдерінің концептуалдық негізін, араласу және эмпирикалық қолдау әдістерін идентификациялау мен талдауды зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Тәуекел топтармен әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 6

    Мақсаты тәуекел топтарымен жұмыс барысында білімдерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс әлеуметтік алдын-алу, бейімделу, оңалтуды түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік мәселелердің ерекшеліктері, оларды зерттеу әдістері туралы түсініктер қалыптастыруға; сәтті оқу және кәсіптік қызметке қажет әлеуметтік жұмыстың базалық қағидаттарын, технологияларын игеруге, тәуекел топтарымен әлеуметтік жұмыс дағдыларын меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттердің тұрғындарға әлеуметтік-медициналық көмек көрсету қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың рөлін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың негізгі сипаттамаларын, бұл құрылымдағы әлеуметтік жұмыстың құқықтық және экономикалық негіздерін, әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологияларын қолдану ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстандағы инклюзивті білім беру
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты білім беру мекемелерінде дамуында ерекшелігі бар балаларға инклюзивті білім беру процесінің әдістемелері мен техникаларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мүмкіндігі шектеулі адамдарды социумға қосудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтенуінің ерекшелігін талдауды зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ауылдық жерлерде әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты ауыл аймақтарында әлеуметтік жұмысқа қатысты тәсілдерді, нақты сұрақтарды, әдістерді сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ауыл аймақтарында әлеуметтік жұмыстың табиғаты мен ерекшелігін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән ауылдық жағдайларда әлеуметтік қызметтерді көрсетуді талдау мен бағалауға; мамандар мен ресурстар жетіспеушілігін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Алдын алу, түзету және оңалту технологиялары
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты әлеуметтік жұмыста клиенттерді оңалту, түзету және алдын-алу технологияларын тәжірибеде қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы оңалту, түзету, алдын-алудың түрлі жүйелерін қолданудағы әмбебап нәтижелер мен тиімді араласу қағидаттарын талдаудың, түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән оңалтудың реабилитациялық процесіндегі түрлі терапиялық әдістердің негізгі элементтерін зерттеуге бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлеуметтік дағдарыстар мен апаттар
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты «адам – табиғат – қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыруға, социо-табиғи жүйелердің ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің негіздерімен, адам мен қоғамның өзара әрекеттесуінің қағидаттарымен таныстыру. Курс әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алуы кезіндегі дағдылар мен іс-әрекеттерді түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән апаттар кезінде әлеуметтік қызметкер рөлін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің интеграциясы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты ерекше қажеттіліктері бар балалар, жасөспірімдердің түрлі санаттарын анықтау, түрлі жағдайларда осы балалар мен жасөспірімдер үшін әлеуметтік қызметкерлер рөлдерін, ағымдағы практиканы сәйкес бағалау процедураларын қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Курс клиенттердің бұл санатымен өзара әрекеттесудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік жұмыс әдістерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON12

    Әлеуметтік міндеттерді іске асыру бойынша әдістер мен құралдарды өз бетінше таңдау қабілетін көрсету

  • Код ON2

    Өзін-өзі дамыту стратегиясын анықтау, ғылыми танымның түрлі модельдері негізінде әлеуметтік ақпаратты басқару, соның ішінде Әл-Фарабидің ілімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, кәсіпкерлік дағдысын қалыптастыру, табиғатты тиімді пайдалану, адамның өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  • Код ON9

    Әлеуметтік жарнама және клиентке әсер ететін басқа да құралдар мүмкіндігі арқылы клиентпен әлеуметтік өзара іс-қимыл бағдарламаларын әзірлеу

  • Код ON5

    Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтендіру, абилитациялау және оңалту проблемалары бойынша делдалдық, әлеуметтік-профилактикалық, консультациялық және әлеуметтік-психологиялық қызмет жүргізу

  • Код ON8

    Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мониторинг жүргізу, қазіргі заманғы квалиметрия мен стандарттаудың жетістіктері негізінде әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек шараларының сапасын бағалау мен бақылауды жүзеге асыру

  • Код ON10

    Әлеуметтік жұмыс саласындағы процестер мен құбылыстарды болжау, жобалау және үлгілеу, әлеуметтік жобаларды сараптамалық бағалау әдістемесін пайдалана отырып, әлеуметтік жобаларға қатысу

  • Код ON7

    Жеке күштерді, физикалық, психикалық және әлеуметтік ресурстарды жұмылдыру арқылы өзінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін дербес қамтамасыз ету бойынша клиенттің мүмкіндіктерін кеңейту

  • Код ON6

    Клиенттің психологиялық, тұлғааралық, әлеуметтік мәселелерін, оның қоршаған ортасын шешу мақсатында мамандар мен қызметтердің іс-әрекетін үйлестіру.

  • Код ON1

    Әлеуметтік жұмыстың түрлі бағыттары бойынша клиентке әлеуметтік әсерді жүзеге асырудың негізгі ұғымдарын, идеяларын, теорияларын, нысандарын, субъектілерін, функциялары мен механизмдерін ажырату және түсіндіру қабілетін көрсету; өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдармен жұмыста әлеуметтік жұмыстың негізгі ұғымдарын, идеяларын кәсіби қызметте қолдану және түсіндіру

  • Код ON3

    Kлиенттермен әлеуметтік жұмыстың базалық негізін құрайтын әдістер мен технологияларды қолдану, оларды әртүрлі кәсіби жағдайларда қолдану ерекшеліктерін анықтау

  • Код ON11

    Азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын іске асыратын ұйымдардың бөлімшелерінде қажетті құжаттарды талдау және жүргізу, құжат айналымын ұйымдастыру

  • Код ON4

    Kлиентпен жұмыс істеу кезіндегі нақты жағдайдың ерекшеліктерін, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, құқықтық құрауыштарды ескере отырып, проблеманы зерттеу барысында алынған деректерді бағалау

Top