Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03205 Кітапханалық ақпараттық жүйелер в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Әл-Фараби және қазіргі заман
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Абай ілімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби білімін, түсінігін, қабілетін елдің ынтымағы мен бірлігін нығайту, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатында қолдану құзіреттілігін қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер:Абай ілімі туралы түсінік; Абай ілімінің қайнар көздері; Абай ілімінің құрамдас бөлімдері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімінің өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - заңдылықтарды, тұжырымдамаларды, кәсіби қызметті ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен басқарудың ерекшеліктерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән қазіргі ғылыми әдістемеге сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жоспарлау дағдыларын; ғылыми әзірлемелер, ғылыми байланыстар мүмкіндігі, әр түрлі деңгейдегі ғылыми гранттарға өтінім беруге, ақпараттарды іздеу тәртібінің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын жетік білетін, құқық қолдану тәжірибесінде қолдана алатын, сыбайлас жемқорлықты дұрыс саралайтын жоғары білікті мамандарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі, жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар, оған қарсы саясат, жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтары, биосфераның жұмыс істеуі, зиянды, зақымдайтын факторлардан адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, қауіптерден қорғау тәсілдері, авариялар, апаттар, табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кітапхана ісінің тарихы
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі әлемдік өркениеттердің және әлем кітапханаларының адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына тигізген ықпалын сараптауға бағытталған. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін студент қабілетті: - локалдық өркениет, ұлттық мәдениет терминдерінің мәнін түсінуге, - әлем кітапханаларының қалыптасуы мен дамуын сараптауға, - адамзат тарихындағы түрлі тәсілдердің мәнін, олардың ғылыми әдіснамасын талдауға.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Салалық кітапханалар
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты: студенттерді кітапхана жүйесінің маңызды салаларын; балалар кітапханасының, оқу мекемелері мен ғылыми-техникалық кітапханаларда жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру - салалық кітапханалар қорларын құру ерекшеліктері мен құрамын, құрылымын қалыптастыруға, - пайдаланушылардың сауалдарына сай ақпараттық ресурстарды ұйымдастыруға, - ақпараттық ресурстарды іздеуде заманауи технологияларды пайдалануға, - түрлі саладағы кәсіби қызметті сүйемелдеудің ақпараттық әдісін бағалауға.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кітапханалық қор
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты: кітапхана қорын жүйе ретінде жалпы мінездеме беру. КҚ қалыптастыру, оның ерекшеліктерін ашу, моделдеу, толықтыру, есепке алу, құжаттарды іріктеу, қорды орналастыру, оның сақталуын, пайдалануын және басқаруын қарастыру. КҚ жүйе ретінде, оның қасиеттері, кітапхана қорының жіктелуі. Кітапхана қорын қалыптастыру теориясын. Курс төрт бөлімнен тұрады. 1) КҚ теориялық ережелері,2) қорды қалыптастыру,3) технологиялық процесстерді құру,4) басқару.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Классикалық тілдер (латын, фраб, парсы)
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты классикалық тілдің тәжірибелік грамматикасын, сөйлем құрылымын, фонетикалық құрылымын үйрену; білім алушының тілдік және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту. Классикалық тілдің пайда болу және даму тарихы, қазіргі ғылым үшін классикалық тілдің манызы, фонетика, морфология, зат есім, сын есім, етістік; сөзқұрылымы, синтаксис; грамматика; әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынас саласында қолдануы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кітапханалық каталог
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты: кітапхананың маңызды функциялардың бірі – каталогизацияландыру негіздерінің, каталог құрудың жалпы теориясын, ұймдастырылуын, әдістемелік ерекшелігін анықтау. 1. әр түрлі каталогты құруда, мемлекетаралық каталогизация туралы стандартта білімін қалыптастыруға, 2. отандық кітапханада каталогтаудың қазіргі жай-күйін және даму перспективаларын негіздеуге, 3. Алфавиттік каталог. Жүйелі каталог. Пәндік каталог. Алфавиттік-пәндік көрсеткіштерді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақстан және шетелдік библиография
    Несиелер: 9

    Курс мақсаты: студенттерді Қазақстандық және шетелдік библиографияның жалпы теориялық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және тарихи аспектілерімен таныстыруға бағытталған. Курсты оқу барысында студент қабілетті: 1. ұлттық библиографияның қазіргі жай-күйі және даму перспективаларын негіздеуге; 2. библиографиялық басылымдардың жүйесін құруға.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Кітапханатану
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты: кітапханатанудың теориясын, кітапханатанудың ғылым ретіндегі дамуының принциптерін теориялық-әдіснамалық негізде үйрету, кітапхана ісінің жаңа бағыттарын қалыптастыру. Кітапханатану кітапхана ісін төрт аспекті бойынша қарастырады: 1. Кітапхана ісінің теориясын (кітапхана жүйелері мен кітапханалардың қалыптасу принциптерін зерттейді). 2. Тарихы (кітапханалардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді). 3. Ұйымдастыру және технология (КС басқару). 4. Әдісін ( КІ әдістерді, тәсілдерді әзірлейді).

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Кітапханалық ақпараттық қызметті стандарттау
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты стандарттау және сертификаттаудың негізі, осы саладағы қызметтің негізгі бағыттарымен, стандарттау бойынша нормативтік құжаттар түрлерімен, стандарттау принциптермен және әдістері, стандарттау және сапа менеджменті саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу және студенттің пәнін оқу нәтижесінде білуге болатын құжаттамалық жүйемен таныстыру. 1. осы саладағы мемлекеттік (ұлттық), халықаралық стандарттар, мемлекеттік ақпараттық ресурстар жүйесіндегі мақсатын және рөлін.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу
    Несиелер: 6

    Курс мақсаты: құжаттарды аналиткалық-синтетикалық өңдеудің теориялық-әдістемелік негізімен және олардың әр түрлерімен ( библиографиялық сипаттама, жүйелеу, пәндестіру, аннотациялау, рефераттау) таныстыру. Бағдарлама соңында студент қабілетті: - кез-келген құжатты және оның құрамдас бөліктерін білуге, - құжаттарды аналитикалық синтетикалық өңдеу пәні арқылы әлеуметтік маңызды мәселелер мен үрдістерді сипаттауға; - библиографиялық жазба элементтерін индекстеуде, аннотациялауда, рефераттауда және басқа да құжаттарды өңдеуде пайдалану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ақпараттық құқық және этика
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты: Ақпараттық құқық және этиканың қалыптасуын, даму үрдістерін, құрылымын, ұйымдастырылу үрдістерін, шет ел тәжірибесіменсалыстыра отырып үйрету. Курсты меңгеру нәтижесінде студент қабілетті: -библиографияға қатысты кәсіби білімді қалыптастыруға, -ақпараттық технологиялар және компьютерлік техниканы қажетті әдебиеттер мен дерек көздерін іздеуде ұйымдастыруға; -шет ел кітапхана ісінің құқықтық-әдістемелік құжаттарының негізін талдауға қабілетті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Медиасауаттылық
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: студенттерге кәсіби қызметін меңгеру үшін негізгі теориялық, институционалдық және практикалық негіз және ойлау мәдениетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - медиа сауаттылық феноменінің негізгі ұғымдары мен жетекші компоненттерін қалыптастыру; - жаңалықтар журналистикасы мәтіндерінің ерекшеліктерін білу және журналистік қызметтің басқа салаларының мәтіндерін саралау; - коммуникацияның мақсаттары мен жағдайына негізделген қарым-қатынас жасау;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Құжат пен кітаптың жалпы теориясы
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты: құжаттанудың, кітаптанудың, кітаптың және құжаттың типологиясын, сонымен қатар жүйелеудің негізіне жалпы теориялық білім беру және құжат және кітаптардың ерекшеліктерін функцияларын ашу 1. құжаттық ақпаратты пайдалануды, сақтауды, таратуды, өңдеуді және қалыптастырудың ерекшеліктерін негіздеуге, 2. кітапхана ісі, құжаттану жүйесінің қызметін ғылым ретінде негізгі бағыттарын, кітапхана ісі маманның кәсіби қызметінде оқу-зерттеу жұмыстарының өзекті мәселелерін қалыптастыруға,

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Кітапханалық маркетинг
    Несиелер: 6

    Курстың қажеттілігі төмендегі факторлардан туындайды: кітапханалық маркетинг қызметінің мәнін, оның әлеуметтік саладағы рөлін, сондай-ақ нарық заманындағы жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерін терең игеруге баулу; маркетингтік қызметтің негізгі теориялық, тәжірибелік бағыттарын, оларды ұйымдастыру ерекшеліктерін оқытудан. Студент білуі тиіс: кітапхан қызметіне жаңаша көзқарасқа байланысты ойларды, қазіргі замандағы ақпараттық кітапханалық технологияларды дамыту талаптарын, маркетингілік жұмыстың теориясы мен тәжірибесін.Дағдыларды меңгеруі тиіс: кітапханалық маркетингіге байланысты білімдерді жан-жақты кәсіби игеруге.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • БАҚ-тағы ақпараттық қауіпсіздік
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: студенттердің үздіксіз ақпарат алмасуын қолдау, ақпараттық жанжалдарды шешу және мәліметтерді қорғау үшін қажетті құзыреттіліктерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздері, ақпараттық жүйелерді қорғау жөніндегі стандарттар мен басшылық құжаттар; ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері; оларды анықтау ережелері; ақпараттық қауіпсіздік стандарттары; "ақпараттық қауіпсіздікті"қамтамасыз ету тетіктері зерделенетін болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Библиографиятану
    Несиелер: 6

    Курс мақсаты: ақпараттық технологиялардың теориялық және практикалық тәжірибесінде қолданатын кәсіби библиографиялық көрсеткіштерді дайындау. Пәнді игеру нәтижесінде: 1. библиографияның ерекше даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, кітапханалық қызмет көрсетудің қасиеттерін білуге; 2. библиографиялық тәжірибенің қоғамдағы қызметінде компьютерлік технологияларды түсінуге; 3. библиография қызметін экономикада, саясатта, мәдениет дамуында қолдануға; 4. библиография ғылымының қалыптасуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Сирек кезедесетін кітаптар және кітап мәдениеті
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты студенттерді сирек қолжазбалар қорымен жұмыс істеу әдісімен таныстыру болып табылады. Сирек қолжазбалар қорының қалыптасу тарихына, оларды сақтау жолдарына, ғылыми-анықтамалық аппаратына, жүйелеу мен сыныптауға, сонымен қатар сирек қолжазбалар қорын ғылыми сипаттау мен каталогтау ісіне баса назар аударылады. Курста сирек кездесетін қолжазбалар қорымен жұмыс жасау әдістемесі, сирек кездесетін қолжазбалар қорының қалыптасу тарихы, олардың сақталуы, ғылыми – анықтамалық аппараты, жүйелеуі және сыныпталуы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Фактчекинг
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – студенттерге жалған жаңалықтар феномені қызметінің табиғаты, эволюциясы және заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру; жалған ақпаратпен, ақпараттық манипуляциялармен, жалған жаңалықтармен күресу қабілеті. Фактчектің тәжірибесі мен әдіснамасы, заманауи медиалық ортада дезинформацияға қарсы әрекет ету тәсілдері, оқырмандарға желідегі контенттің дұрыстығын тексеруге көмектесетін жаңа бағдарламалар мен қосымшалар зерттелетін болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Балалар оқуына жетекшілік
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты: студенттерге балалар мен жасөспірімдерге арнлған кітапханалардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отрып, заманауи ақпараттық қызметтердің жұмысын үйрету. Осы курсты оқып-үйрену барысында қойылған міндеттер: заманауи компьютерлік техниканы көрсету, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы кітапхана қызметтері саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, электронды кітапханаларды құру және енгізу мүмкіндігін бағалау, ақпараттық дереккөздермен жұмыс істеу, деректер базасын құру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Кітапханалық Smart технологиялар
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – кітапханалық жобалауда кітапхана тәжірибесінде автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйелер (АКАЖ) жұмыс істеу жүйесін қалыптастыру. 1. Кітапхана ісінде ақпараттық технологияларды пайдалануды, ұйымдастыруды қалыптастыруға; 2. қоғамдық қызметте және кітапхана менеджментінде компьютерлік технологияларды қолдануға; 3. кітапхана тәжірибесінде жаңа технологияларды енгізуді көрсетуге; 4. қазіргі технологиялар мен телекоммуникациялар көмегімен ақпаратты таратуда, іздеуде, сақтауда, өңдеуде, іріктеуде ақпараттық процесстердің негізін пайдалануға;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ғылыми зерттеулер негізі/
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты-студенттердің шығармашылық тұрғыда ойлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жеке жүргізу, талдау және ақпаратты қорытындылау қабілеттілігін қалыптастыру. Мынадай аспектілер қарастырылады: ғылыми зерттеулерді жіктеу; ғылыми зерттеулерді жүргізудің жалпы санаттары, ұғымдары, қағидаттары, әдістері мен әдіснамалары; ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау; ғылыми ақпаратты жинау; ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ресімдеу; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты студенттерді республиканың әр тарихи кезеңдердегі негізгі баспа орталықтарының жұмысымен таныстыру. Пәнді игеру нәтижесінде студент қабілетті: - қазіргі заманғы баспаны сипаттайтын ережелері және жұмыс принциптерін, оның құрылымын, қолданылатын стандарттарды қалыптастыруға, - отандық басылымдардың ерекшеліктерін ескере отырып, оның библиографиясын білуге, - Қазақстандағы газет баспасы қызметінің құқықтық реттеуші жүйесін қалыптастыру кезеңдерін талдауға, - қазіргі заманғы баспаның ережелері мен жұмыс принциптерін, оның құрылымы, қолданылатын стандарттарының сипаттарын тәжірибелеуге, - негізгі баспа ісінің жұмысын бағалауға. Қазақстандағы баспа ісіне тән ерекшеліктер мен олардың себептері. Баспа ісінің қалыптасу тарихын және оған үлес қосқан тұлғалар. Қазақстанның кітап баспаларының тарихы туралы тарихи ой мен, тұғырнамалық көзқарастар, олардың қалыптасуы мен дамуы. Қазақстанның кітап баспаларының тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері. Бүгінгі таңдағы Қазақстандық кітап баспаларының ерекшеліктері, даму деңгейі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Электронды кітапханалар және зерттеулердің мәліметтер базасы
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты студенттерді заманауи кітапханалық ресурстармен жұмыс істеуді үйрету. Осы курсты оқып-үйрену барысында қойылған міндеттер: заманауи компьютерлік техниканы көрсету, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы кітапхана қызметтері саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, электронды кітапханаларды құру және енгізу мүмкіндігін бағалау, ақпараттық дереккөздермен жұмыс істеу, деректер базасын құру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйелер
    Несиелер: 9

    Курс барысында мәліметтер базасын құру жүйесіне қойылатын талаптар туралы көзқарас қалыптасады, МБ-на қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстандық автоматтандырылған ақпараттық мәліметтер базасының жүйесі мысалында МБ қолдану технологиясы қарастырылады. Курстың мақсаты мәліметтер базсын құруға қойылатын негізгі жұмыстарды және теориялық түсініктерді қалыптастыру болып табылады.гізгі Курсты оқыту барысында студенттер білуі және дағдысы болуы тиіс: кітапханалардағы ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктері мен функцияларын; заманауи компьютерлік технологиялардың мәліметтер базасының мүмкіндіктерін ұғынуға; ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кітапханалық қызметті ұйымдастыруға.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Глобалды және локалды торабтар мен жүйелер
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты - компьютерлік желілердің негізгі мүмкіндіктерін меңгеру және ақпараттық іздеуді жүзеге асыру, соның нәтижесінде мақсат мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді: кітапханалық қызмет көрсету секторы үшін программалық және аппараттық құралдарды автоматтандыру құралдарын көрсету, ақпараттық объектілердің және процестердің сандық параметрлерін қолдану: ақпаратты сақтауға қажетті жад көлемі ақпаратты өңдеу, компьютерлік желілердің жұмысын бағалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Кітапханалық-ақпараттық қызметтегі менеджмент
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты: кітапханалық менеджмент ұғымының ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру Пән кітапхананың басқару негіздері мен мәнін, әртүрлі деңгейдегі басқарудың ерекшеліктерін, құжаттамалық қамтамасыз ету және жоспарлау мәселелері, кітапханалық қызметті басқаруды реформалауда әртүрлі менеджмент концепциясын қолдану. Қазіргі заманғы менеджмент концепциясы, ерекше жүйелі түрі, бәсекелестік жағдайда кешенді басқару ретінде даму тенденциялары, мәні,кезеңдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстанның археографиялық қоры
    Несиелер: 6

    Модульдің мақсаты студенттерді Қазақстанның археографиялық қорымен таныстыру. Курста Орынбор Ғылыми Мұрағат Комиссиясының, Қазақстанның зерттеу қоғамының, партия тарихы институтының қалыптасу тарихы және олардың археографиялық қызметтері қарастырылады Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі тиіс:- Қазақстанның археографиялық қорының даму тарихын; Істей білуі тиіс:- материалдарды басылымға әзірлеуде іздестіру мен іріктеп алудың принциптері мен әдістерін іс жүзінде қолдануды; - мәтінді түрлі әдістермен берудің әдістемесін меңгеруді; - құжаттарға тақырыпша және баянды (легенда), сондай-ақ ғылыми-анықтамалық аппаратты құрастыруды; - басылымдағы дерек материалын жүйелеуді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON11

    Әлемдік, еуразиялық тарихи процесс контекстіндегі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи алғышарттарын негіздеу; қазіргі Қазақстанның жаңа ұстанымдары негізінде талдау жүргізу; тарихымыздағы күрделі тарихи процестерді, тұлғалардың рөлін зерттеуде аналитикалық және аксиологиялық талдау және бағалау; Қазақстан қоғамын жаңғырту туралы пікірін қалыптастыру, заманауи Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың оқиғаларының объективтілігін анықтау үшін білім алу.

  • Код ON12

    Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мақсатын, мазмұнын және даму үрдісін түсіндіру, неғұрлым қолайлы технологияны таңдауды негіздеу; ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық, коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін түсіндіру; компьютерлік жүйелер мен желілердің архитектурасын, негізгі компоненттердің міндеті мен функцияларын сипаттау; ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу және тарату үшін ақпараттық интернет ресурстарын пайдалану әдістерін негіздеу;

  • Код ON6

    Тәрбиелік-білім беру жұмыстарын дайындау мен өткізу үшін кітапханалардың кітапханалық қорының материалдарын тиімді пайдалана білуді; оқырмандарға арналған конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар, шешендік өнерді дамыту үшін түрлі сайыстар, кітап көрмелері мен тұсаукесерлерін өткізу, жасөспірімдерді кітапханаға баулу мақсатында түрлі шаралар, кітапхана түні аясында түрлі акциялар, мәдениет, спорт және ғылым қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыру.

  • Код ON3

    Кітапхана пайдаланушылары мен оқырмандарына қызмет көрсетуге арналған жеке заңдылықтар мен талаптарды үйрету және бейімдеу; ғылым мен техниканың әр түрлі салалары бойынша келіп түскен әдебиеттерді жан-жақты қолдану үшін насихаттау әдістерін талдау; электронды іздеу жүйелерінің көмегімен пайдаланушылардың сұраныстарын іздеу және сұранысты орындаудың тиімді әдістерін қолдану, жылдам әрі сапалы қызмет көрсетудің жолдарын меңгерту.

  • Код ON2

    Кітапхана ісінде қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларды жан-жақты дамытудың негізгі тенденцияларын талдау; кәсіби міндеттерді тиімді орындау және электрондық кітапханаларды құру үшін қажетті ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету мен кітапхана ісін басқарудың заманауи жүйелерін пайдалану; кітапханалардың заманауи ақпараттық құрылымын қалыптастыру мәселесін шешу үшін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша білімді уйрету.

  • Код ON8

    Ақпараттық нарық субъектілерінің әртүрлі кәсіби ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру кезінде кәсіби ақпаратты іздеу және кейіннен өңдеу процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану үшін білім жүйесін және дағдыларды қолдану; әр түрлі ақпарат тасығыштарда сапалы каталогтарды құру үшін ақпараттық деректерді талдау, цифрлық технологиялардың көмегімен түрлі қызмет түрлеріне арналған деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу;

  • Код ON5

    Библиографиялық құралдар мен әдістемелік материалдарды дайындау үшін теориялық және практикалық білімді тиімді қолдану; шет елдік тәжірибені меңгеру; белгілі бір бағыттар мен тақырыптар бойынша библиографиялық көрсеткіштер құрастыру үшін мәліметтерді жинау және талдау үшін алған білімдерін тиімді қолдану; библиографиялық шолу мен ақпарат күндерін ұйымдастыру және библиографиялық көрсеткіштерді өз бетінше құрастыруға бейімдеу.

  • Код ON7

    Кітапхана қорларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жалпы және ерекше тәсілдер мен талдауларды анықтау; нормативтік құқықтық құжаттар негізінде құжаттардың сақталу мерзімі мен ережелерін, кітапханалық стандарттарды меңгеру, әр түрлі ақпарат тасығыштарда кітапханалық материалдардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкіндігін сыни бағалау; сирек кездесетін қорлардағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша теориялық білімді практикада қолдану.

  • Код ON4

    Кітапханалардың және ақпараттық қызметтердің құжаттық қорларын қалыптастыру бойынша теориялық білімді практикада тиімді қолдану; кітапхана қорын қалыптастыру және пайдалану саласында теориялық және эмпирикалық базаны жинақтау әдісін меңгеру, талдау және жалпылау әдістерін қолдану; әдебиеттердің ұсыныстық тізімдерін талдау, кітапхана қорының ақпарат ағымын толықтыру көздерін іздеуге және әдебиеттерге ауызша шолулар дайындау мен өткізуді ұйымдастыру.

  • Код ON9

    Ойлау және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін меңгеру, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және қисынды жинақтау, кәсіби мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу; қоғамының әртүрлі даму кезеңдері, саяси бағдарламалар, мәдениет, тіл, әлеуметтік және тұлғааралық қатынастар туралы ақпаратты дәлелді түрде ұсыну; қоғамның әртүрлі зерттеу түрлерінің стратегиясын ажырату және нақты мәселелерді талдау, негіздеу.

  • Код ON1

    Алгоритмдеу нақты оқу пәні контекстінде, модуль пәндерінің өзара әрекеттестігі барысында зерттеудің ғылыми әдіс-тәсілдерін қолдануды ұсынады; оқытылатын пәндердің ғылымның теориялары мен идеялары негізінде әлеуметтік коммуникацияның түрлі салаларындағы жағдайларды түсіндіреді; әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттардың ерекшеліктерін қазақстандық қоғамды модернизациялаудағы рөлі тұрғысынан талдайды; қоғамның құндылықтарын, қоғамдық, іскерлік, мәдени, құқықтық, этикалық нормаларымен арақатынасы талдайды;

  • Код ON10

    Кітапхана ісі саласындағы әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және маркетингтік зерттеулерді талдау; қорды полиграфиялық және электронды орындаудағы құжаттармен толықтыру процесінде қазіргі заманғы әдістерді тиімді қолдану, қорға түскен құжаттарға техникалық өңдеу жүргізу; оларды есепке алу, орналастыру және қорды оңтайлы құрылымдау және жоспарла; кітапхана жұмысын жақсарту үшін пайдаланушыларға ақпараттық-библиографиялық және кітапханалық қызмет көрсетуді талдау.

Top