Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті в Қызылорда "Болашақ" университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби құзіреттілік пен әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындығы бар еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау. Лингвистикалық/әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту, ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді қалыптастыру және инновациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Басқару психологиясының теориялық-әдістемелік негіздерін, еңбек ұжымын басқару психологиясы және ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалын, адам әрекетін тиімді түрде басқаруды ұйымдастыруды, басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу жөніндегі мәселелерді меңгереді. Болашақ педагог мамандардың барлық педагогикалық процесті басқарудағы кәсіби-психологиялық құзыреттілігін дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фольклордың тарихилығы
    Несиелер: 5

    Қазақ фольклорының қалыптасу, даму, өсу жолы, басынан кешірген кезеңдері, ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып, өзгеріске түсіп, дамып жатқандығы зерделенеді. Қоғам дамуындағы тарихи, мәдени құбылыстардың фольклорға әсері айқындалады. Мақсаты: Фольклортану ғылымының бұрын-соңғы зерттеулерінің аясында фольклор мен әдебиеттiң пайда болуы туралы және оның жанрлары мен түрлерi жайында мағлұмат беру. Халқымыздың сан ғасыр бойы жасаған рухани мәдениетiн, әдебиетiн терең және жан-жақты таныстыру, оның ежелгі замандардан бастап қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттарын теориялық және практикалық тұрғыдан жан-жақты игерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Компьютерлік лингвистика
    Несиелер: 5

    Қазіргі ақпараттандырудың жаһандану үрдісі, ғылыми және техникалық прогрестің белгілі бір қажеттіліктері, сонымен бірге жасанды интеллекет жүйесі, жасанды тілдер үлгілерін құру қажеттілігінің алғышарттары, жасанды тілді жетілдіру, сонымен бірге адамның компьютермен табиғи тілде қарым-қатынас жүйесін жасау, машиналық әдіспен өңдеу, жинау, сақтау, іздеу, жіктеу, табиғи тілдерді талдауға көшу мәселелері меңгертіледі. ЭЕМ-да қарым-қатынас жасау үшін жасанды тілдердің құрылуымен байланысты компьютерлік технологияның лингвистикалық мәселелелерін шешу, бағдарламаларды лингвистикалық құралдармен қамту, мәліметтер жиынтығын құру, түрлі сөздіктер мен глоссарийлер құрастыру, мәтіндерді өңдеу алгоритмі, тілдік семантикалық кодын ескер отырып, түрлі тілдік үрдістерді үлгілеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі /кәсіби/
    Несиелер: 4

    Кәсіби ортада қарым-қатынас жасау терминологиясын, мамандыққа қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын, сондай-ақ мәтінді аудару кезінде грамматикалық құрылымдарды меңгереді. Тақырып аясында сөйлесім, оқылым, жазылым және тыңдалым дағдылары жетіледі. Қажетті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру және дамыту, шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық шкаласын меңгеру. үштұғырлы тілдерді оқытудың ұлттық бейімделген деңгейлік үлгісін жасай алу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Курста жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде ғылыми ойлау тарихы мен философиясын терең ұғынуға негізделген пәнаралық дүниетанымның қалыптасуы, ғылым тарихындағы философиялық мәселелер қарастырылады. Мақсаты: Білім алушыларды ғылымның эволюциялық дамуында қалыптасқан философиялық ойларға, дүниетанымдарға, қоғамдық құндылықтарға және ғылыми зерттеулерге үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Жоғары мектеп педагогикасының теориялық және әдіснамалық негіздерін, білім берудің қазіргі парадигмасын, кәсіби білім беру жүйесін, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзіреттілігін меңгереді. Болашақ мамандардың кәсіби-педагогикалық және психологиялық мәдениетін қалыптастыру, қазіргі педагогика және психология ғылымдарының теориялық негіздерін игеру, кәсіби міндеттерін шешуге байланысты шығармашылық даярлығын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыр бойының көркем әдебиеті
    Несиелер: 5

    Сыр өңірінің әдебиеті мен мәдениеті, оның қазақ әдебиетінің дамуындағы орны, ықпалы қамтылып, ұрпаққа насихаттау мәселелері зерделенеді. Сыр бойында өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармаларымен танысу, жанрлық ерекшеліктерін айқындау, талдау және әдебиеттану ғылымындағы зерттелу деңгейін қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Морфемалар жүйесі
    Несиелер: 5

    Морфеманың теориялық негіздері, морфтар жүйесі мен орыс тілінің әсері мен осы жүйеге қатысы, лексика-грамматикалық сипаты, құрылым, семантика және функциялық ерекшеліктері, морфтар морфонологиясы туралы теориялық мағлұматтарды меңгертеді. Тілдік құрылыстың ерекшеліктерін талдап көрсету. Өзінің зерттеу нысаны, мақсаты, әдісі бар морфемиканың сөздің морфологиялық жүйесін қамтитынын толық таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ прозасының поэтикалық жүйесі
    Несиелер: 5

    Поэтикалық заңдылықтарды айқындаудың өлшемдері, әдеби даму, поэзияның шығу тегі, эстетикаға тарихи көзқарас, салыстырмалы зерттеу әдістері, өнердің ұжымдық сипаты мен даралығы, фольклор мен әдебиеттің тұтастығы, қайталанатын сюжеттер, образдар, стилистикалық формулалар, поэтикалық фразеологизм, бейнелілік, ырғақ, формалық ерекшеліктер мен жеке тұлғаның шығармашылық сабақтастығы, әдеби тектердің генезисі; сюжет теориясы; метафора, эпитет және психологиялық параллелизм, сұлулық және эстетикалық қабылдау, тарихи поэтика, шығыс ментальдылығы мәселелері жөнінде бңлңм алады. Қазақ прозасы материалында поэтика мен оның негізгі категорияларының тарихи даму кезеңдері туралы білімді дамыту, әдебиет фактілері мен оның теориялық ұғымдарын тарихи тұрғыдан қарау қабілетін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдістеме ғылымының негіздері
    Несиелер: 5

    Лингвистикалық және әдебиеттанудағы ғылыми теориялық жүйе әдістеме ғылымының негізі болып табылады. Әдістеме ғылымының негіздерінде қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиетінің жетістіктерін, ғылыми зерттеулерді басшылыққа ала отырып, теориялық мәселелеріне сүйене отырып білім меңгертіледі Оқыту үдерісінде негізге алынатын парадигмаларды білім берудің жаңа моделімен тығыз ұштастыру. Толық мәніндегі теориялық білімнің мақсаты жалаң ережелерді жекелеген дағдылар арқылы меңгерту емес, интенсивті оқыту арқылы баланың мүделлілігін ояту. «Жас ұрпақ бойындағы рухтың өшуі – грамматикалық ережелер мен әдебиеттану анатомиясын» құрғақ оқытудың зардабынан аулақ болудың жолдарын меңгерту. Білім жүйесін ана тілінің әр адам өмірінің табиғи нормасы екеніне негіздеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік лингвистика
    Несиелер: 3

    Тіл және қоғам мәселесі, өмір сүру формалары, олардың әлеуметтік лингвистикалық сипаттамалары, тілдің қоғамдағы қызметі, типологиясы, тілдің қосымша жүйелерінің түрлі әлеуметтік орталарда, өмір салаларында қолданылуы, тілдің дамуы мен қызмет етуіне әсер ететін обьективті және субьективті факторлар, этнолингвистикалық, тілдік жағдаят мәселелеріне, олардың типтік түрлеріне, тілдердің бір-біріне әсер етуі, диглоссия, билингвизм теориясы жөнінде білім алады. Тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік қызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдану, мултьлингвизм процестері, әлеуметтік лингвистиканы қалыптастырушы мен дамытушы ғалымдар туралы білім меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетіндегі психологизм
    Несиелер: 5

    Адамзат баласының әдеби жетістіктерін игеруге, ұлттық әдебиет пен әлемдік әдебиеттану ғылымында өріс алған әдеби құбылыстардың қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық, көркемдік заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және көркем шығарманы эстетикалық талғаммен талдай білуге, қаламгерлердің даралық дарынды қасиеттерін, суреткерлік шеберліктерін түсініп-білуге, әдебиеттегі кәсіби білімдерін жетілдіруге, дүние тануларын арттыруға машықтандырады. Көркем шығармадағы психологизмнің бейнеленуін қарастыру. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі жазушы шеберлігімен танысу. Көркем шығармадағы психологизм табиғатын танытудың шебері – жазушының талантын саралау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дәстүрлі жыраулық мұра және ақындық поэзия
    Несиелер: 4

    Ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңі – ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жөнінде пікір қалыптастырады. Ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық тұрғыда түсінік алады. Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы кезеңін құрайтын мұраларды қазіргі заманғы әлемдік өркениет талаптарына орай оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өлең теориясы
    Несиелер: 5

    Өлең құрылысының қалыптасуы, өрістеуі, одан әрі шыңдалып, жетілуі, байып-толысуы, сөз өнерінің заңдылықтары, ұлттық сипаты мен ерекшеліктері, поэзия тілінің бейнелеу құралдары, тәсілдері, өлең құрылысы, өлшем, шумақ, ұйқас өзгешеліктері, өлеңдегі түр, тіл ерекшеліктері меңгертіледі. Сөз өнерінің өсу-даму кезеңдерімен, әдеби тарихи процеспен тығыз байланыста қарастыру, сөз өнерінің заңдылықтарын, ұлттық сипаты мен ерекшеліктерін тереңдей аша отырып, поэзия тілінің бейнелеу құралдарын, тәсілдерін жіктеп топтастыру, өлең құрылысын, өлшем, шумақ, ұйқас өзгешеліктерін айқындау мен өлеңдегі түр, тіл ерекшеліктерін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тілдік мотивация негіздері
    Несиелер: 4

    Қазақ тілі сабақтарында мотив түрлерін қалыптастыруды білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіре отырып жүзеге асыра алатындай деңгейде және оқу, әлеуметтік мотивтерді қалыптастырудың әдістемесін меңгереді. Өзінің позициясын дәйектеп жеткізе алуға машықтанады. Мақсаты: Қазақ тілін оқыту үдерісіндегі оқу мотивтерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін таныту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 3

    Қазақ тілінің шығу тегі мен даму кезеңдерін түркі тілінің, жалпы түркі тектес тілдердің даму дәуірлерімен бірлікте, соның шеңберінде алып қарастыру арқылы толық теориялық білім алады. Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық аспектілерін анықтау, олардың негізгі қағидаларын меңгерту. Тілдің даму заңдылықтарын, ішкі, сыртқы факторларын, тілдік зерттеулердің концепцияларын анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ өлеңінің құрылымы
    Несиелер: 5

    Қазақ поэзиясының тың жатқан сан алуан әдеби-теориялық мәселелерімен таныстырады. Дүниежүзі әдебиетінде орын тепкен өлең жүйелері: метариалдық өлең жүйесі, силлабо-тоникалық өлең жүйесі, тоникалық өлең жүйесі, силлабикалық өлең жүйесі туралы мағлұмат береді. Мақсаты: қазақ өлең құрылысын, өлең сөздің тарихы мен теориялық негіздерін, ұлттық поэзия көркемдік дамуының тарихын, халық өлеңдерінің жанрлық сипаты мен генезисін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ романы
    Несиелер: 5

    Әдеби процесс әдебиеттің даму заңдылықтарының көрінісі. Қазіргі кезеңде әдебиетте болып жатқан құбылыстарды зертеп, зерделеу үлкен міндетті жүктейді. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындау, көркем шығармаларды теориялық тұрғыдан талдау, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу, магистранттардың рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыруға әсерін пайымдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жазушы шеберлігі
    Несиелер: 5

    Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттерін саралайтын монолог, диалог, ішкі монолог, ишара-белгі, ой ағымы, психологиялық параллелизм секілді көркемдік тәсілдердің қолданылу ерекшеліктерін меңгереді. Көркем шығарманың құрылымдық ерекшеліктерін, кейіпкер психологиясын қаламгердің суреткерлік, стилдік сипатын, кейіпкердің ішкі психологиялық иірімдеріндегі жан толғаныстары арқылы танылатын қасиет-қырларды, психологизмнің аналитикалық талдау түріне тән ерекшеліктерді айыра білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Лингвомәдениеттаным
    Несиелер: 5

    Магистрант тілдік бірліктерді прагматикалық аспектіде қарастырудың ғылыми-әдістемелік тәсілдерін меңгереді. Тілдегі лингвистикалық парадигмада талқыланатын проблемалық ізденістерді жүйелей біледі. Дәстүрлі стилистикадан тыс функционалдық, прагматикалық стильде көріністерін меңгереді. Магистранттарды тiл арқылы халық мәдениетiн танудың теориялық-методологиялық негiздерiмен қаруландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ сөзінің уәжділігі мен тектілігі/
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі сөзжасам жүйесіндегі уәждеме және атау теорияларының заңдылықтары мен типтерін, түбір сөздер мен туынды сөздердің уәжділігін және олардың арасындағы уәждік танымдық қатынасты қарастыра алады. Сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған уәждеме және атау теорияларының түрлерін және олардың өзара байланыстарын саралап көрсету. Қазақ тілі сөзжасам жүйесіндегі уәждеме және атау теорияларының заңдылықтары мен типтерін және түбір сөздер мен туынды сөздердің уәжділігін және олардың арасындағы уәждік танымдық қатынасты қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің ұлттық тәрбие негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі арқылы ұлттық тәлім-тәрбиенің, яғни халықтың сан ғасырлық педагогикасының жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі алатын орны туралы меңгереді Қазақ тіліндегі ментальдылықтың қалыптасуы, даму жолдарынан молынан ақпарат алады, қазақ тіліндегі ментальдылықты ғылыми тұрғыдан талдауға дағдыланады. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Грамматика теориясының негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр сипаты жөнінде білім алады. Қазақ тілінің грамматикалық қатарын, тілдің грамматикалық құрылысының бірлігін, олардың әрқайсысының өзіне тән және бір-біріне сипаты жағынан жақын, мағыналары жағынан ұқсамайтын, тілдегі қызметіне қарай грамматиканың басқа жүйелерінің бірлігіне қатынасу сипатына байланысты тәсілдерді өзіне біріктіруді түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көркем мәтіндегі ұлттық ерекшеліктер
    Несиелер: 5

    Магистрант әдеби-теориялық білімін тереңдете түседі, зерттеушілік қабілет-қарымы дамып, көркем туындыны жан-жақты қарастырудың, оның көркемдік мән-мазмұнын ашудың түрлі амал-тәсілдерін игереді. Көркем шығарманы жан-жақты талдап, бағалауға, әдеби салыстырмалы талдаудың түрлерін игеруге, көркемөнерге сыни көзқарас қалыптастыруға дағдыланады. Ғылыми-публицистикалық, көркем әдебиеттерге сыни көзбен қарап талдай бiлiп, баға беруге үйрету және бiлiмiн молайтып талғам танымын, шығармашылық қабiлетiн арттыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    Ғылымды өмір сүрудің барлық салаларында белсендіре отырып, оны мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз өзара іс-қимылда дамытуға, салалық білім шеңберінде енгізуге қабілетті болады. Кәсіби ортада шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын, білім берудің заманауи парадигмасын, басқару қызметінің басты мәселелерін психологиялық біліммен шеше алады.

  • Код ON4

    Жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдебиеттанудың, әдістеменің теориялық негіздерін ғылыми тұжырымдармен қорытындылай алады. Көркем туындыдағы ұлттық ерекшеліктерді қоғамдық ой-санамен біріктіре зерделей алады. Қазақ тілін оқыту үдерісіндегі оқу мотивтерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін меңгереді.

  • Код ON6

    Антропоцентристік бағыттағы талдаулар мен парадигмаларды ұштастыра біледі, тұжырымдай алады, сонымен қатар, алған теориялық және іргелі білімдерін практикада және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады.

  • Код ON3

    Халқымыздың рухани мәдениетi, әдебиетi, жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы жөнінде саралай отырып, сөз өнеріндегі Сыр өңірі әдебиетінің қосар үлесін айқындап, әдеби талдау жасай алады.

  • Код ON5

    Қазақ көркем сөз өнеріндегі жазушы мен ақынның суреткерлігін, шығармалардағы ішкі психологиялық иірімдерді заманғы әлемдік өркениет талаптарына сай қорытынды жасай алады.

  • Код ON2

    Қазақ тілінің шығу тегі мен даму кезеңдерін тілдің жаңа бағыттарымен байланыстыра отырып, тәжірибеде қолдануға қабілетті болады.

7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Магистратура

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top