Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01717 Қазақ тілі мен әдебиеті в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту барысында фонетиканың зерттеу нысаны, салалары, зерттеу әдістері, қазақ тілінің дыбыстық құрамы, акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай түрлері, дыбыстық жүйенің зерттелу жайы, дыбыстар тіркесі, буынның дыбыстық құрамы, түрлері, буын жігі мен екпін, үндестік заңының түрлері, тіл үндестігі мен ерін үндестігі, ұқсастық заңы мен бейімдестік заңдарының ерекшеліктері, дыбыстардың алмасу сипаты, жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтары жөнінде теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Студенттерді оқыту және тәрбиелеудің теориялық негіздерімен таныстыру, педагогикалық құзыреттілік деңгейін жоғарылату, студенттің тұлғалық қасиеттерін біртұтас көзқарас ретінде қалыптастыру, білім беру мен кәсіптік қызметті меңгерудің және жетілдірудің, оқыту дағдыларын дамыту, зияткерлік жұмыс мәдениетін, өзін-өзі оқытуды дамыту факторы ретінде; педагогикалық білім негізінде міндеттерді тиімді шешу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 5

    Әдебиет туралы ғылымның мазмұны мен нышаны саласындағы білімді қалыптастыру, әдебиеттанудың терминологиялық жүйесін игеру, әдеби-теориялық түсініктерді жүйелі бірлікке келтіру, әдеби үдерісті талдау принциптерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша ҚР «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің цифрлық платформаларын, әртүрлі кәсіби салалар бойынша цифрлық технологияларды ендіру, қолдану жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көне әдеби жәдігерлер
    Несиелер: 5

    Көне әдеби жәдігерлер ежелгі өнер түріндегі ерекшелігіне назар аудару, халықтың салты, ғұрпы, дүниетанымы, көркемдік ойлау жүйесі, халық тұрмыс-тіршілігі мен танымының генетикалық сабақтастығы, тұтастану заңдылығы, синкреттілік, импровизация заңдылығының ерекшелігін жинақтайтын көне туындылардың талдап, таразылау қажеттігі туындайды. Көне әдеби ескерткіштердің өзіне тән әдіснамалық, зерттеу қағидаттары орныққан ғылыми сала ретіндегі ерекшелігі толыққанды жүйеленіп, айқындалуы тиіс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің семасиологиясы
    Несиелер: 5

    Пән тілдік бірліктердің мазмұн жоспары туралы теориялық және практикалық жүйесін қалыптастырады. Сөз мағынасының табиғаты, оның қалыптасуына әсер етуші жағдаяттар, сөз мазмұнының құрылымы мен оны құраушы компоненттерді, сөз мағынасының түрлері және олардың ерекшеліктерін үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Пән үш бағытты қамтиды: бизнесті басқару, қызметтің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аясы; бизнес идея және бизнес жоспарды дамыту; пәннің негізгі бағыттарының бірі ретінде студенттерді жеке жауапкершілікке, ынталандыруға, инновациялыққа, талпынысқа және қоғам алдындағы жауапкершілікке үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беруде АКТ
    Несиелер: 5

    Курс студенттерде заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен кәсіби есептерді шешудің теориялық және тіжңрибелік дағдыларын қалыптастыруға, дербес компьютерде жұмыс жасауды жоғары пайдаланушы деңгейде қолдануын дамытуға, бағытталған. Іскерлік ақпараттарды өңдеудің әдістері мен бағдарламалық құралдары мен тәсілдерін меңгеруге, мамандандырылған компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау дағдаларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ фольклоры
    Несиелер: 5

    Қазақ фольклорының теориялық табиғаты мен өзіндік ерекшеліктері таныстырылады. Мәдени танымдағы фольклордың орнын бағамдалады. Фольклордың даму ерекшеліктері мен көкейкесті мәселелері таныстырылады, «Фольклор», «ауыз әдебиеті» терминдерінің мәнін ашып, фольклордағы көркемдік тәсілдердің өзіндік ерекшелігі, маңызы сараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бағдарламалық мазмұнды бейімдеу
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттің мінез-құлық және жеке мәселелерін анықтау үшін психологиялық-диагностикалық құралдарды қолдану, студенттің даму деңгейін және динамикасын бағалауды қалыптастырады. Ақыл-парасы бұзылған балаларды шет елде және Қазақстанда оқыту және тәрбиелеу теорияларының мен тәжірибелерін қалыптастыру мен дамыту оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Студент жастардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқу барысында лексикология проблемалары қарастырылады, лексикалық бірліктің шығу тегі мен этимологиясы тұрғысынан талдау дағдылары қалыптасады. “Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы” пәні студенттің тіл байлығын қалыптастыруға, оның тіл мәдениетін меңгеруіне бағытталған. Қазақ тілінің сөз байлығы, әдеби тіл нормасы, сөйлегенде, жазғанда ойға лайық сөз таңдап, оны орынды қолдану мәдениетін меңгеруге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің терминологиясы
    Несиелер: 5

    Термин және терминология туралы түсінік. Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы. Терминжасам, сөзжасамдық тәсілдердің термин жасаудағы көрінісі. Қазақ терминологиясының тарихи кезеңдері. Қазақ терминологиясындағы терминжасам қағидаттары. Терминография тарихы. Терминжасам үлгілері. Қазіргі қазақ терминологиясы және арнаулы лексика. Терминологияның билингвистикалық мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Емле және сөз сазы
    Несиелер: 5

    Тіл мамандарына дұрыс сөйлеу, сауатты жазу ережелерін меңгертіп, тыныс белгілерінің қызметін, орнын анықтау, орфоэпиялық, орфографиялық нормалардың мәнін түсіндіру, сауатты жазуға үйрету, әдеби тіл нормасымен дұрыс сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру болып табылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курста психологиялық ғылымның осы бөлімінің теориялық компонентінің негізін құрайтын негізгі теориялық көзқарастарды және маңызды бағыттар мен тұжырымдар зерттеледі; Оқу жұмысымен танысу тақырыптары мен мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық– педагогикалық зерттеулер нәтижелері мен әдістерін талдау процесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әсер тәсілдерін, қауіпсіз ортада тіршілік етуін, экологиялық факторларды, орта сапасының ғаламдық өзгерістерін және олардың салдарын қарастырады. Су ресурстарының, әуе бассейнінің экологиялық қауіпсіздігін, жер ресурстарының деградациясы мен тозуын, экологиялық тәуекел, ҚР азық түлік қауіпсіздігі, антропогенді әс-әрекетпен байланысты табиғи, техногенді апаттарды және олардан қорғану тәсілдерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" пәні бакалаврдың барлық мамандықтары мен бағыттары үшін білімнің біртұтас пәнаралық жүйесі болып табылады, жалпы құқық салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық және т.б.) мәселелерін қарастырады. Құқықтық нормалардың рөлі туралы түсінік, құқықтық мәселелерді шешуде бағдарлау үшін қажетті білім береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің тарихының көркемдік жүйесін негізгі нысанға ала отырып, оның даму бағыт-бағдарларын, тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерін, оның зерттелуі мен жиналуы туралы мәліметтерді, әдеби-теориялық тұжырымдар мен ғылыми ізденістерді, нұсқалардың ғылыми негізі, ұқсастығы мен айырмашылығы, көркемдік, тілдік-стильдік ізденістер сараланып, жаңалықтар мен жетістіктер екшеленеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Курс мақсаты – қазақ әдебиетін тарихи-әдеби аспектіде зерделеу, бейнелі-көркемдік дәстүрмен, жырау, шығармашылығымен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жыраулар поэзиясы және тарихи-мәдени код
    Несиелер: 5

    Жыраулар поэзиясы туралы білімді тереңдету, әдебиеттанушылық талдау дағдыларын дамыту. Жыраулар мұрасындағы ел тағдырының көркем суретін, қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерді, елдік мұрат идеясын түсіндірудің тарихи-мәдени код тәсілдерін үйрету. Бүгінгі күн шындығымен тарихи-философиялық, гуманистік-дидактикалық сабақтастығын айқындау және оны жаңа мазмұнда меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің морфологиясы және сөзжасамы
    Несиелер: 5

    Студенттерге сөз және оның формалары, сөз құрамы, морфемалар, сөздердің тұлғалық өзгеруі, грамматикалық ерекшеліктері жөнінде жүйелі ғылыми-теориялық білім беру, сол теориялық түсініктерді пайдаланып, тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жасау әдістері мен тәсілдерін меңгерту. Жаңа сөздің жасалуы арқылы сөздік құрамының толығып, баю арнасының көзі лексикамен, фразеологиямен, аралық деңгейдегі морфонологиямен, морфология салаларымен тығыз байланыста өтіледі. Сөзжасамға қатысты тілдік құбылыстарға тән ерекшеліктерге назар аударылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі әдебиетінің даму бағыттары
    Несиелер: 5

    Түркі әдебиетінің басты даму бағыттарын жүйелеу. Түркі әдебиетіне ортақ арналарды – идея, сюжет, кейіпкерлер мен мотив және стиль ерекшеліктерін жүйелеу. Қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті, олардың ежелгі түркі ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнері екендігін түсіндіру. Қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұны болашақ мамандардың нақты психологиялық білімдер жүйесін қалыптастыруға бағытталған, бұл оларға педагогикалық жағдайды сауатты талдауға және педагогикалық психологияның негізгі ғылыми тұжырымдамалары туралы теориялық идеяларды кәсіби қызметтің тәжірибелік аспектілерімен байланыстыра отырып қолдануы туралы білімдер жүйесін қамтиды

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мәтін синтаксисі
    Несиелер: 5

    “Мәтін синтаксисі” курсы бойынша тіліміздің грамматикалық құрылысы, жүйесі оның грамматика саласы бойынша синтаксис бөлімінен айқын көрінеді. Өйткені синтаксис тіл заңдылығында жеке сөздердің тіркесінен бастап, жеке сөйлемдердің де өзара бірге үйлесе жұмсалуын тексереді. Мәтіндегі сөйлемдер құрамындағы және семантикасындағы құбылыстарды бағамдату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ жазуының тарихы
    Несиелер: 5

    Жазу таңбаларының күрделі табиғатын таныту, олардың семасиографиялық кезеңі мен фонографиялық кезеңі арасындағы ерекшеліктерін түсіндіру, қазақ жерінен табылған петроглифтердің графикалық жағынан зерттелу жайын, түркілердің тұңғыш дыбыстық жазу жүйесі көне түрік руна жазуының зерттелуі мен шығу тегі жайлы көзқарастарды жүйелеп беру, көне ұйғыр, араб, латын, армян, латын, орыс жазуларының түркілер арасына таралу себептерін түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курсының бағдарламасы болашақ мұғалімдердің оқушылармен тәрбие жұмыстарын өткізуге және ұйымдастыруға теориялық-әдістемелік даярлығы ескеріледі. Білім беру мен тәрбиенің гуманистік парадигмаларын жүзеге асыруға бағытталған тәрбиелік іс-әрекеттің теориялық және практикалық негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің синтаксисі
    Несиелер: 5

    “Қазақ тілінің синтаксисі” пәні синтаксистің негізгі зерттеу нысандары – сөз тіркесі, сөйлем, мәтін сияқты тілдік тұлғалардың табиғатын, жүйесін, олардың бір-бірімен байланысын, адамдардың сөйлеу барысында олардың атқаратын қызметін, дәстүрлі синтаксистік талдауды жете үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетін жаңаша оқыту технологиялары мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетін жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқытудың отандық, шетелдік дәстүрлі және жаңашыл озық әдістемесі негізінде оқыту деңгейін бүгінгі ғылым мен мәдениеттің даму үрдісіне жақындату, оқыту үрдісінде оңтайлы технологияларды орнықтыру, пән бойынша бағдарламалар мен оқулықтар баламалылығын жүйелеу, оқу-тәрбие үдерісін ізгілендірудегі басым бағыттарды меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес әдебиетті оқытудың отандық, шетелдік дәстүрлі және жаңашыл озық әдістемесі негізінде оқыту деңгейін бүгінгі ғылым мен мәдениеттің даму үрдісіне жақындату, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды орнықтыру, бағдарламалар мен оқулықтар баламалылығын жүйелеу, оқу-тәрбие үдерісін ізгілендірудегі басым бағыттарды меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар концепциясы
    Несиелер: 5

    Әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар табиғатын ұлттық және әлем әдебиетінің өзара ықпалластығы тұрғысынан қарастыру. Қазақ әдебиетіндегі ағымдар мен бағыттардың шығармашылық игерілуіндегі ақын-жазушылар шеберлігіне теориялық талдаулар жасау. Әдеби ағымдар мен бағыттар типологиясын жанр, стиль негізінде екшеу. Әдеби ағымдар мен бағыттар концепциясын айқындаудағы проблемалық полемикалық пікірлерге сараптама жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасыр І жартысындағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ірі тарихи-әлеуметтік өзгерістердің қоғам дамуына тигізген әсерін саралай отырып, осы дәуірдегі қазақ әдебиетінің жалпы хал-ахуалына сипаттама беру. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін нақтылап, көрнекті өкілдерінің шығармашылығы арқылы сөз өнеріндегі тақырыптық-идеялық, көркемдік ізденістерді талдау. Әдебиеттегі жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуінің мән-маңызын ашу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ ономастикасы
    Несиелер: 5

    Пән студенттерге қазіргі қазақ ономастикасының жеке сала ретінде қалыптасуы мен дамуы және оның бағыттар туралы мәліметтер береді. «Қазақ ономастикасы» пәні көне замандардан бастау алатын байырғы жер-су атаулары, аспан денелерінің және жануарлар атаулары және мәденет пен экономиканың дамуына байланысты кейінгі заманда туып қалыптасқан қазіргі атаулар бойына екі тарауға жүйеленген. Олардың әрқайсысында ғылыми-теориялық мәселелермен қатар, қоғамдық сұраныстарды қамтамасыз етуге арналған қолданбалы сипаттағы мәселелер де қамтылады. Көне атаулар мен жаңа атаулардың арасындағы тарихи сабақтастықтың сақталуы ұлттық болмысымыздың бір арқауы ретінде қарастырылып, сабақтастырудың ғылыми тетіктеріне баса назар аударылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізгі даму тенденцияларын қарастыру, жалпы қоғамдық үдерістің Қазақстан тарихымен байланысын ашу, дәстүр мен жаңашылдық мәселелерін әдебиеттанушылық аспектіде пайымдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті дамуының басты тенденциялары сараланады. Көркемдік үрдістегі тоталитарлық жүйе қысымының зардаптары айқындалып, шығармашылық ізденістердегі іркілістер қоғам дамуының басым бағыттарымен сабақтастықта талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Абайтанудың туу, қалыптасу және даму жолдары сараланады. Ақын мұрасын, шығармашылығын зерттеудің басым бағыттары, қазіргі абайтану ілімінің сан алуан ғылыми проблемалық мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының әдебиеті
    Несиелер: 5

    Түркі халықтары әдебиетінің ежелгі дәуірден бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму сипатын қарастыру. Әр халықтың фольклорымен және бүгінгі дәуірдегі классикалық әдеби мұрасымен танысу, ондағы эстетикалық таным, ұлттың әдеби арна ерекшелігін айқындау. Әлемдік көркем сөз өнері шеберлігіне және әдеби қозғалысқа тигізетін түркі халықтары әдебиетінің ықпалын кеңірек ашу. Түркі халықтары әдебиетінің тарихындағы көркемдік ерекшеліктерді саралау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Академиялық жазу
    Несиелер: 5

    Академиялық жазу - бұл ғылыми аудиторияға арналған формальды және бейтарап жазу әдісі. Ол көп жағдайда зерттеулерге, нақты дәлелдерге, білімді зерттеушілер мен ғалымдардың пікірлеріне негізделеді. Ғылыми эсселер, зерттеу жұмыстары, диссертациялар және т.б. академиялық жазудың бірнеше мысалдары болып табылады. Жазбалардың осы түрлерінің барлығында кіріспе, тезис, талқыланған тақырыптарға шолу, сондай-ақ жақсы тұжырым жасалған қатаң құрылым мен макет бар. Бұл курс барысында білім алушылар құрылымды және нақты дәлелді дәлелдерді құруды, қажетті дереккөздерді қолдануды, грамматика мен жазу механикасын жетілдіруді қамтитын жазбаша ғылыми коммуникацияны қалай жүргізуге болатынын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Классикалық әлем әдебиеті
    Несиелер: 5

    Классикалық әлем әдебиетін салыстырмалы талдаулар бойынша озық өкілдерінің шығармашылығы, көркем туындыларының адамзаттың рухани, мәдени өміріндегі маңызын меңгерту. Классикалық әлем әдебиетіне түсінік беру. Олардың жалпыадамзаттық жасампаз рухани құндылықтарын, адамның рух бостандығын, кемелділігін тақырып еткен туындыларының өміршеңдігіне әдеби-теориялық талдаулар жасауды ұштай түсу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиеті сынының тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақ әдеби сынының тарихын қарастыру. Әдеби сынның бастау көзі саналатын халықтық эстетикадан бастап, кейінгі туу, қалыптасу және даму жолдарын айқындау. Сын жанрлары, сынның ғылыми-әдіснамалық қағидаттарын меңгеру. Қазақ әдеби сынының тарихи негіздерінен бастап қазіргі көркемдік дамуды бағалаудағы эстетикалық таным эволюциясын қарастыру. Әдеби сын тарихындағы қате таным, теориялардың зардаптарын байыптау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті дамуының өзіндік табиғаты айқындалады. Жаңашыл ізденістерге тән жанрлық сипаты, поэтикалық табиғаты айқындалады. Модернистк және постмодернистік әдебиет ерекшелігі талданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сын жанрлары
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетінің көркемдік даму үдерісіне, басым бағыттарына тән сын жанрларын қарастыру. Әлемдік көркемдік даму үдерісіндегі қазақ әдебиетінің жанрлық ерекшелігін бажайлау. Сөз өнерінің типологиялық өрісін қазақ әдебиетінің қазіргі поэтикалық жанрлар жүйесі бойынша талдау. Қазіргі әдеби дамуды талдаудағы соны теориялық еңбектерді игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің стилистикасы
    Несиелер: 5

    Студенттердің стилистика туралы жүйел теориялық білім алуына, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға негізделеді. Студенттерге ғылымның қоғам өміріндегі аса зор қызметі арта түсіп отырған жаңа дәуірде әдеби тілдің өмірлік мәселелерін шешудің, халықтың тіл мәдениетін арттыру проблемасының маңызы зор екендігінен мағлұмат беру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы
    Несиелер: 6

    Әдеби тіл және норма. Әдеби тілдің даму барысын дәуірлеу жөніндегі көзқарастар. Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерге тарамдалуы. Әр дәуірдегі жазба ескерткіштердің әдеби тілді қалыптастырудағы рөлі. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Курстың мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, мазмұны, мақсаттары мен міндеттері туралы білімді қалыптастыруға бағытталған, қазақ тілін оқытудың белсенді әдістері, табысты сабақты жоспарлау кезінде мұғалім басшылыққа алуы тиіс қағидаттарды құрайды. Курс білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды жүргізудің бірыңғай әдістемесін меңгеруді қамтамасыз етуге және жаңартылған білім беру бағдарламасының оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануға қажетті қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға тиіс.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    Сөз өнерінің поэтикасын теориялық талдауғағы филологиялық дағдылары біліктіліктерін барынша тереңдету. Ұлттық және әлемдік әдебиеттің қазіргі даму тенденциялары мен басым бағыттарын зерделеудегі көркемдік танымдарын ұштай түсу. Модарнистік, постмодернистік әдебиеттің ортақ сипаттары мен ерекшеліктерін теориялық талдауда қазіргі әдебиеттанудағы озық әдістерді, ғылыми мектептердің бағыт-бағдарын пайдалануды меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON6

    синхрондық және диахрондық аспектілерде тіл жүйесінің қызмет ету заңдылықтарын білуі; әдеби тіл нормаларын сөйлеуде іс жүзінде іске асыру; белгілі бір тілдік стильге байланысты тілдік құралдарды өзгерту дағдыларын иелену; сауатты, дұрыс жазу және сөйлеу ережелерін меңгеру.

  • Код ON3

    студенттердің өзіндік дүниетанымы мен азаматтық позициясын қалыптастыруда тарихи орын алған философиялық бағыттар мен ағымдарды талдай білу қабілетін қалыптастыру.

  • Код ON5

    тілдің әлеуметтік сипаты мен функцияларын, оның ішкі құрылымын, оның жұмыс істеу заңдарын және тарихи дамуын меңгеру.

  • Код ON10

    оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді біледі: заманауи әдістемелер мен технологияларды, оқушылардың жас ерекшелік дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып, білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістерін қолдана білу

  • Код ON1

    жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.

  • Код ON2

    ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану.

  • Код ON8

    халық ауыз әдебиетінен бастап қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына дейінгі әдеби мұраны интерпретациялауды біледі.

  • Код ON11

    қазіргі заманғы әдеби жағдайды ескере отырып, әдеби шығармаларды ауқымды тарихи-әдеби контексте талдау дағдыларына ие болу; академиялық жазылым дағдыларын қалыптастыру, ғылыми кәсіби сипаттағы мәтіндерді талқылай алу, ғылыми дереккөздермен сауатты жұмыс жасай алу.

  • Код ON4

    дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу; құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.

  • Код ON9

    қазақ, әлем әдебиеттерінің негізгі даму кезеңдерін біледі, олардың типологиялық ерекшеліктерін ажырата алады

  • Код ON7

    қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі саласы бойынша ғылыми біліктілікке, қазақ тілі мен әдебиет негізінде оқу жұмысын жүргізу, ұйымдастырудағы педагогикалық дағдыларға ие болу.

Top