Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02203 Теология в Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

  • Ислам тарихы
    Несиелер: 5

    Ислам тарихы пәні ислам дінінің пайда болуынан бастап әлемге таралуы кезіндегі ерекшеліктерді кезеңдерге бөліп қарастыра отырып, ислам тарихында династиялық басқару кезеңдері, олардың мемлекеттік құрылымдары мен мәдени деңгейлеріне, таралған аймақтардағы жергілікті мәдени географиялық ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан ислам дінінің тарихын зерттейді. Исламның таралу тарихын оқу барысында ислам тарихында орын алған елеулі оқиғаларға кеңінен тоқталып талдау жүргізіледі.

    Селективті тәртіп
  • Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пән тарихта болған Темір империясы, Мамлюк Египеті, Ұлы Моғолстан мемлекеті, Осман империясы сияқты мұсылман түркі мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетін қарасырады. Курста білімгерді Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетіне қатысты талдау жасай алуға бағыттайды. Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін ғылыми негізде меңгереді.

    Селективті тәртіп
  • Діни насихат және оның әдіс-тәсілдері
    Несиелер: 5

    Білім алушы пәнді игеру нәтижесінде Діни уағыз айтудың негіздері мен әдіс-тәсілдерін меңгереді. Курсты оқудың нәтижесінде студент діни уағыз жайлы жалпы түсінікке ие болып, хұтпалар мен уағыз-насихат айтудың жолдарын, уағызшының қоғамдағы рөлін және уағызшыға қойылатын талаптарын, діни уағыз мәтіндерінің ерекшеліктерін үйреніп, сондай-ақ ислам дініне қатысты алуантүрлі мәселелерге сараптама жасай білуге құзіретті болады.

  • Араб тілі
    Несиелер: 5

    Арабша сөйлемдерге грамматикалық кешенді талдау жасап, сөйлем құрылымының мағынасын араб тілінде түсіне үйрету. Пәндік тарихты игеріп, пәннің жаңашыл заманауи даму барысын қадағалай алу. Бұл пәнді меңгеру аясында студенттер классикалық араб тілінің грамматикасы мен лексикасы туралы терең түсінік алады, осы тілдегі мәтіндерді (Құран, классикалық поэзия және проза) оқуға қажетті дағдыларды меңгерту. Сондай-ақ қазіргі әдеби араб тіліне көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ислам теологиясы
    Несиелер: 3

    Ислам теологиясы ислам қағидаларын ғылыми тұрғыдан түсіндіреді, сенім негіздеріне қатысты сұрақтар рационалдық әдістерді қолдана отырып талданады. Курста ислам дінінің сенім негіздерін, ислам теологиясына қатысты негізгі мәселелерді теориялық тұрғыдан қарастырады. Ислам теологиясының пайда болуына түрткі болған себептер мен қалыптасу тарихы, ислам теологиясының негізгі мәселелері және оны шешудің жолдары қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    Курс бағдарламасы студенттерді теология мамандығының ерекшеліктерімен таныстырады. Білім алушылдарды білім беру бағдарламасының толық мазмұнымен таныстыру арқылы оқу барысын тиімді жоспарлауына бағыттайды. Теологияның тарихы мен салаларын сипаттайды, маңыздылығын, қоғамда алатын орнын түсіндіреді. Студент өз мамандығын толық түсінуін қамтамасыздандырады. Теолог маман ретінде қалыптасуы үшін қажетті білімді тиімді меңгеру жолдары және әдістері ұсынылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Араб тілі
    Несиелер: 4

    А2 деңгейіне сәйкес дайын грамматикалық құрылымдарды іс жүзінде қолдану арқылы күнделікті өмірден алынған тақырыптар бойынша бастауыш коммуникациялық дағдыларды дамытуға жеткілікті лексикалық қорды қалыптастыру, лексикалық материалды игеру. Жасанды тілдік ортаға ену арқылы лингвистикалық интуицияның біртіндеп қалыптасуы, содан кейін делдал тілді (аударма) қолданбай, ана тілінде сөйлейтіндердің деңгейінде ойлау мен ақпаратты қабылдауды дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Экология және өмір қауіпсіздігі курсы бұл адамның қоршаған ортамен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, табиғи) қауіпсіз әрекеттесуі және төтенше жағдайлардың теріс факторларынан қорғану мәселелерін біріктіретін элективті пән. Студент адам өміріндегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын игереді. Табиғи және техногенді апаттардан қорғанудың негізгі тәсілдерін біледі; қазіргі заманғы зақымдану құралдары мен олардың зардаптарын жою шараларын ұйымдастыра алады, сондай-ақ тіршілік қауіпсіздігінің шарттарын бағалауды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Діндер тарихы
    Несиелер: 5

    Діндер тарихы курсы діндердің даму және өзгеру процестерін зерттейтін білім саласы. Курста әртүрлі діндердің пайда болуын, дамуын және қызметін талдау, діннің адамзат тарихындағы орнын анықтау қамтылады. Білімгерлер дінтану саласындағы наным-сенім түрлері мен құлшылық формаларымен таныстырыла отырып, діндер тарихын зерттеудің алғышарттарымен танысады. Тарихта болған және қазіргі діндер туралы мәліметтер жүйеленіп ұсынылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құран Кәрім
    Несиелер: 5

    Курста білім алушыларға Құран Кәрімді оқу қағидалары мен ережелері, тәжуид қағидаларына сәйкес құран оқу үйретіледі. Сонымен қоса құран тарихын қоса оқытып, құрандағы аяттардың түсу себептері, Меккелік және Мәдиналық аяттардың ерекшеліктері талданады. Құран Кәрімді оқуды үйрену барысында студенттерде аяттарды есте сақтау, талдау, түсіндіру дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дін әлеуметтануы
    Несиелер: 5

    Дін әлеуметтануы курсы діни тәжірибелерді, дін мен қоғамның өзара әрекеттесуінің тарихи тәжірибесін, әмбебап тақырыптарды және діннің әлеуметтік процестердегі рөлін зерттейді. Дін әлеуметтануы діннің классикалық және қазіргі теорияларын, эмпирикалық зерттеулердің әдістері мен маңызды нәтижелерін білім алушыларға кәсіби мамандықтары призмасынан байланыстыра ұсынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Эстетика және діни өнер
    Несиелер: 3

    Эстетика және діни өнер курсында діни тәжірибеге эстетикалық тәсілді қолдану ерекшеліктерін түсіну үшін қалыптасқан әдістемелерді қолдануды қарастырады. Білім алушыға діни өнер туындыларын қабылдап, оны интерпретациялауға қабілетті болуды үйретеді. Әлемдегі діндердің түрлі өнер салаларына әсерін, ықпалын зерделеп, соның негізінде өнер туындыларындағы діни мотивтерді айқындап, сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дін және өнер
    Несиелер: 3

    Дін мен өнер контекстіндегі эстетиканың негізгі категорияларын меңгереді, өнердің негізгі түрлерінің діндегі көрінісі, діни өнердегі дəстүрлік жəне жаңашылдық, өнер генезисі, дiни-көркемдiк бiртұтастық мәселесi сияқты тақырыптарды қозғап, олардың түрлерін зерттейді. Дін мен өнердің табиғатын, ерекшеліктерін жəне қызметтерін қарастырады. Діни өнердегі канонның орнын ажыратады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дін психологиясы
    Несиелер: 5

    Дін психологиясының қалыптасуы мен оның негізгі ұғымдарын, жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен мәнін қарастырады. Дін психологиясы әртүрлі діни дәстүрлерге, руханияттың формаларына, діндар және дін ұстанбайтын тұлғаларға психологиялық зерттеу жүргізу ерекшеліктері мен әдістерін ұсынады. Білім алушылардың кәсіби біліктілігіне қажетті базалық теориялық біліммен қамтамасыздандырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ислам философиясына кіріспе
    Несиелер: 5

    Ислам философиясы – ислам дәстүрінен шыққан философиядағы даму. Ислам әлемінде дәстүрлі түрде қолданылатын екі термин кейде философия деп аударылады – фәлсафа, ол философиямен қатар логика, математика және физикаға да қатысты; және Ислам теологиясының рационалистік формасын білдіретін калам. Ислам өркениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін ғылыми негізде бағалау . Ислам философиясы қарастырған кәләм ілімі, сонымен қатар перипатетикалық идеяларды пайымдау негізінде қалыптасқан сенім мәселесіне қатысты ілімдерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ғылым және дін
    Несиелер: 5

    Пән ғылым мен діннің байланысының негізгі формаларын белгілейді, ғылымның діни-философиялық және теологиялық концепцияларымен таныстырады, ғылыми және экзистенциалдық құбылыстарды салыстыру дағдысын қалыптастырады. Ғылым мен діннің әлеуметтік функциялары мен перспективаларын айқындайды. Ғылымның мәнділігі және прагматикалық құндылығынан аспайтын мәдени парадигма ретінде діни рефлекцияны сыни қабылдауды үйретеді. Ғылым мен діннің мәдени феномендерінен тыс философиялық-аксиологиялық рефлексияны қалыптастыруды мақсат етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Араб тілі 2
    Несиелер: 5

    A2 деңгейіне сай базалық коммуникативті біліктілікті дамыту, тыңдалым, сөйлесім, оқылым және жазылым дағдыларын күшейту, лексикалық қорды кеңейту, жаңа грамматикалық құрылымдарды меңгеру. Діни тақырыптағы мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту. Араб тіліндегі сөзжасам (ас-сарф) негіздерін меңгеріп, оларды практикалық жүзінде оқу барысында қолдану. Араб тілін меңгеруін жалғастыруға жетелейтін оң мотивация қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Исламдағы құлшылық мәселелері
    Несиелер: 3

    Бұл пән исламдағы құлшылыққа қатысты сұрақтарды қарастырады. Білім алушы пәнді игеру нәтижесінде шариғат талаптарына сай тазалану жолдары мен тәсілдерін, намаз құлшылығын дұрыс атқару тәртібін меңгереді. Тазалық пен намаз құлшылығына қатысты сұрақтардың үкімдерін арнайы кітаптарға сүйене отырып баяндауға, дәрет, ғұсыл, таяммум, намаз құлшылығына қатысты мәселелердің үкімдерін түсіндіріп беруге үйрету қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Постсекулярлы қоғамдағы дін
    Несиелер: 5

    Пән діннің мазмұны мен функцияларының постсекулярлы қоғамның жаңа жағдайында қалай өзгеретінін зерттейді. Одан әрі жаһанданудың сакральды қоғамдық кеңістікке қайта оралуына және бір мезгілде өзгеруіне де әсері талданады. Діннің бұрынғы формалары тығыз ынтымақтастық үлгілерінің көрінісі болғанын қарастырады. Қазіргі қоғамдағы діннің орны мен азаматтардың діндарлық деңгейіне қатысты дін әлеуметтануындағы жаңа зерттеулер арқылы Қазақстан қоғамындағы діннің орны мен рөлін анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Күнделікті өмірдегі ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Студенттерді шет тілінде оқыған материалдарын толық түсініп, талдай алуға, естіген материалдарын тыңдау арқылы түсініп, ойын еркін жеткізіп, жүйелі түрде монолог, диалог түрінде жеткізе алуға үйрету. Ағылшын тілінде сауатты жаза білуге үйрету. Ауызекі тілде сөйлесу кезінде және баспасөзде жарияланған материалдарды оқу барысында жиі қолданылатын сөздер мен тіркестерді меңгеру арқылы жылдам әрі нақты сөйлеуге машықтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ислам этикасы
    Несиелер: 5

    Ислам этикасы курсы исламдағы мораль мәселелерін қарастырып, негіздері мен жолдарын меңгереді, ислам этикасындағы негізгі категориялар мен шарттарды, индивидтің тұлға болып қалыптасуындағы ислам этикасының ролі мен әсерін қарастырады. Әртүрлі этностар мен діндерге жататын адамдардан тұратын қоғамды топтастырудың ең маңызды құралы ретінде этикалық қасиеттерді қарастырады, ғылыми тұрғыдан талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Христиан теологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл пән теологияның генезисін және оның өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасу және даму тарихына қатысты мәліметтерді қарастырады. Христиан теологиясы өзінің тарихи қалыптасуы мен өмір сүруінде еуропалық философия тарихымен тығыз байланысты. Бұл әсіресе осы теологияның «спекулятивтік» құрамдастарына қатысты. Бұл философиямен байланыс қажеттілігі мен мүмкіндігін жоққа шығаратын христиандық теологияның әртүрлілігіне де қатысты. Христиан сенімі туралы мәліметтерді қазіргі заман талабына сай зерттеуге бейімделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шет тілі
    Несиелер: 5

    Курста шет тілін кәсіби деңгейде меңгеруге күш салынады. Тексттерді оқу түсіну және аудару барысында кездесетін қиыншылықтарды шешудің жолдарын үйретеді. Білім жүйесін, интенцияны (ниеттерін) білдірудің прагматикалық құрамын жеткілікті көлемде білу негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын дұрыс таңдай және пайдалана алу меңгеріледі. Шет тілін кәсіби түрде сауатты сөйлеуге және тілдік шет тілінің стандарттық ерекшеліктерін меңгеруге бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Еркін ойлау тарихы
    Несиелер: 5

    Пән болашақ мамандардың дінге қатысты еркін ойдың қалыптасуы мен даму кезеңдері, адамзат рухани мәдениет тарихындағы еркін ойдың алуан түрлі формалары туралы ой-танымдық мәдениетін қалыптастыруды өз алдына мақсат етіп қояды. Еркін ой тарихы, еркін ойдың түрлі формаларын айқындап көрсетеді. Адамзат тарихындағы еркін ойдың қалыптасуы, даму кезеңдері мен ерекшеліктері; еркін ой рухани мәдениеттің құбылысы ретінде дінге сыни көзқарас екендігін ашып зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Яһудилік және христиандық тарихы
    Несиелер: 5

    Діндер тарихының бір саласы ретінде яһудилік пен христиандық тарихы осы аты аталған екі діннің пайда болуы мен таралуын, осы діндердің құлшылығын, бағыттары мен ағымдарын қарастырады. Діндер тарихындағы зерттеу әдістерін қолдана отырып яһудилік пен христиандық тарихын егжей-тегжейлі қарастырады. Яһудилік пен христиандықтың даму кезеңдерін әлеуметтік, мәдени, саяси, діни факторлар негізінде қарастырады. Аталған екі дінді салыстыра оқып, айырмашылық пен ұқсастықтарды салыстыра зерттеу меңгеріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Құран Кәрімдегі мораль мәселелері
    Несиелер: 5

    Бұл пән Құран Кәрімдегі негізгі моралдық мәселелерді тақырыптарына қатысты ғылыми негізде қарастырады. Құран Кәрімдегі моралдық-этикалық, ахлақтық құндылықтарды насихаттайтын аяттарды талдай отырып, құран аяттарының астарын ашуды мақсат тұтады. Құранның ислам ғалымдары мойындаған тәпсірлерін негізге ала отырып, ондағы моральдық құндылықтарға талдау жасайды. Ислам дінінің қасиетті кітабындағы негізгі тәрбиелік ахлақтық құндылықтарды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дін және әлеуметтік конфликт
    Несиелер: 5

    Дін және әлеуметтік конфликт пәні діннің қоғамдағы тұлға ішілік, тұлға аралық, топаралық жанжалдардың себептері мен пайда болу факторларын білу туралы білімдерді меңгеруді қамтиды. Тұлғаның топқа әлеуметтік сәйкестігі мен жүріс тұрысын, әлеуметтену кезеңін анықтаудың әдістерін, негізгі ерекшеліктерін қарастырады. Конфликтологияның теориялық негіздері мен қазіргі қоғамдағы діннің әлеуметтік шиеленістердегі орны мен көріністерін жан-жақты сипаттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Радикалды сана психологиясы
    Несиелер: 5

    Радикалды сана психологиясының өзге ғылымдар жүйесіндегі рөлі мен мәнін, оның объектісі, пәні, негізгі ұғымдарын қарастыру. Дін психологиясында радикалды сананың қалыптасуын, осы сана негізінде жаңа мәселелер шешу жолдарын қарастыру мен жағдайларды креативті ойлау арқылы шешуге қабілетті болу. Психология саласындағы әлемдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, радикалды сананың сипаттарын, ерекшеліктерін, өзгерістерін анықтауға біліктілік қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ханафи мәзһабының фиқһ негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пән негізгі мәзһабтардың бірі болып табылатын Ханафи мәзһабының негізгі фиқһ қайнар көздерін, мәзһабтың негізгі мәселелерін қарастырады. Пәнді оқыту арқылы білімгерде осы мәзһабтың фиқһ негіздеріне қатысты пікір қалыптастыру. Курсты сәтті аяқтап, игерген білім алушы Ханафи мәзһабының фиқһ негіздерін толық меңгеріп, ерекшеліктерін ажырата алады; Ханафи мазһабының іліміне қатысты алдыңғы қатарлы еңбектерді талдап, мазһаб үкімдерінің қайнарларымен таныс болу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орталық Азиядағы суфизм
    Несиелер: 5

    Бұл пән сопылықтың ислам мәдениетінің үстемдік етуші факторлары – араб тілі мен дінінің әсерінен түрлендірілген негізгі дәстүрлерді, құндылықтарды, дүниетанымдық нұсқауларды қарастырады. Сонымен бірге этникалық жадты сақтау қызметін атқарады. Бұл сопылықтың Орталық Азияда кең тарағанын, олардың исламды қабылдап, жаңа шындықты – ислам мәдениеті әлемін тудыратынын түсіндіреді. Қазіргі Орталық Азия елдеріндегі сопылық тариқаттарының қалыптасуы мен қазіргі жағдайына қатысты ақпарат жинап, салыстырмалы талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Хадистанушылардың әдістері
    Несиелер: 5

    Хадис ғалымдары хадистердің сенімділігі дәлелдеу үшін көп күш жұмсады. Осы мақсатқа жету үшін «хадис жеткізушілер», «хадис жеткізушілер тізбегі», «хадис берушілердің сыны», «хадис жеткізушілердің анықтығы мен әділдігі» және т.б. әдістерін жасады. Бұл ғылым пайғамбардан жеткен хадистердің дұрыстығына көз жеткізу үшін маңызды. Өйткені пайғамбардың өзі хадистердің жалған жеткізілу мүмкіндігін ескерткен. Бұл пән хадис ілімінде қолданылған әдіс-тәсілдерді оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ ойшылдары дін туралы
    Несиелер: 5

    Бұл пән ойшыл, ойшылдық, даналық, данышпан ұғымдарын ашып көрсетеді. Қазақ ойшылдарының діни ой-пікірлерінің қалыптасуы мен ой-тұжырымдарының ерекшеліктеріне тоқталып, алғышарттарымен таныстырады. Қазақ топырағынан шыққан ортағасырлық ғұламалар мен хандық кезеңдегі жыраулар поэзиясы, зар заман ақындары мен соңғы ғасырдағы ойшылдардың шығармаларын негізге ала отырып діни дүниетанымдарының қалыптасуын қарастыру, астарына үңіліп, талдау жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орта Азиядағы христиандық тарихы
    Несиелер: 5

    Пән христиандық тарихының бір саласы ретінде Орта Азиядаға христиандық алғаш келуін, таралуын, оның бағыттардың, олардың миссионерлік қызметін, басқа діни топтар мен саяси-әлеуметтік және діни миссионерлік тартысқа түсу тарихын зерттейді. Орта Азиядағы ерте христиандықтың басқа діндермен арасында болған байланысын, осы аумақтарда құрылған митрополияларын қарастырады. Отарлау саясаты кезіндегі христиандықтың мақсат міндеттерін салыстыра отырып оқып, салыстырмалы талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орта Азиядағы ислам тарихы
    Несиелер: 5

    Пән Орта Азиядағы ислам тарихын және қазіргі мәселелерін оқып-зерттеу негізінде ислам дінінің аталған аймаққа таралу ерекшеліктерін кең көлемді қарастырады. Ислам дінінің Орта Азияға таралуын кең көлемді түсіндіру арқылы исламның аталған аймаққа таралу кезіндегі ерекшеліктері мен мәселелерін оқу арқылы талдау қабілетін меңгерту. Орта Азиядағы ислам дінінің, қалыптасуы және таралуына тоқталу барысында исламның осы географиялық аймаққа тән ерекшеліктерін көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер
    Несиелер: 5

    Бұл пән дәстүрлі діндерден бөлінген немесе синкреттік жолмен қалыптасқан бертін келе қалыптасқан діни топтар мен культтерді зерттеу пәні ретінде қарастырады. Білім алушыға жаңа терминдерді біліп, жаңа діни ағымдарға классификация жасауды үйрету . Сонымен қатар жаңа діни ағымдарды зерттей отырып, әлемдік және ұлттық діндердің қоғамдағы рөліне бағалау; Жаңа діни культтерді топтастыра отырып, діндерді «секта», «деноминация», «конфессия» сияқты категорияларға бөліп қарастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Конфликт және стресс психологиясы
    Несиелер: 5

    Барлық адамдар стресске ұшырайды, бірақ оған реакция әртүрлі. Кейбіреулер мұны өте ауыр сезінеді. Басқалары стреске жақсы ұйқымен, серуендеумен және тәбетінің жоғарылауымен немесе алкогольді ішімдікпен жауап береді. Бұл пәнде қоғам ішіндегі конфликт пен стресстік жағдайларға жеткізетін мәселелердің психологиясы оқытылады. Әлемдік психологтардың конфликт пен стресс жайлы еңбектеріне негізделе отырып, осылардың психологиялық сипаттарын қарастыру. Конфликт и психология стресса

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстандағы ислам
    Несиелер: 5

    Қазақ жеріне ислам дінінің келу, таралу және орнығу кезеңдері мен қазақ топырағындағы мұсылманшылықтың ерекшеліктеріне қатысты зерттеулерді оқыту. Ислам дінінің таралуы барысында қалыптастқан жергілікті мәдениетті талдай отырып қарастыру. Қазақ топырағына исламның таралуы кезеңіндегі ерекшелігін егжей-тегжейлі түсіндіру, діни үкімдердің дәстүрге айналу кезеңдеріне мән беріп, астарын ашу; исламның дінінің таралу ерекшелігіне, тарихи кезеңдеріне мән бере отырып оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мазһабтар тарихы
    Несиелер: 5

    Бұл пән Исламда сенімдік, құқықтық, саяси мәзһабтардың пайда болуын, қалыптасуын, дамуын қарастырады. Құқықтық және доктриналдық мазһабтар арасындағы пайда болу себептері мен қалыптасып дамуы кезеңіндегі ерекшелік пен аймашылықтарды зерттейді. Бұл пән білімгерге исламдағы құқықтық, кәләмдық және саяси мәзһабтардың ілімдік ерекшеліктерін ажыратуды үйретеді. Мазһабтардың қалыптасуына түрткі болған әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени алғышарттарға тоқталады. Мазһабтар арасындағы ерекшеліктерді ажыратып талдауды меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Хадис іліміне кіріспе
    Несиелер: 5

    Хадис ілімінің пайда болуы мен қалыптасу тарихын қарастырады, хадистерді бекіту және жүйелеу ерекшеліктерін зерттейді, иснадтар мен мәтіндерді талдайды. Хадис ілімінің мәні мен маңызын, құрылымын оқып, құран мен сүннетті түсіну мен түсіндіруде хадистің маңыздылығын зерттейді. Хадис мәтіндерінің мәні мен ерекшеліктерін, хадис мәтіндерін зерттеу мен түсіндірудің негізгі тәсілдерін, мәтіндерді түсіну үшін қажетті терминологиялық аппаратты қалыптастырады. Хадис жинақтарын жіктейді, көрнекті мухаддистердің өмірбаяндарын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Діни мәтін герменевтикасына кіріспе
    Несиелер: 5

    Теологиялық герменевтикада Қасиетті Жазбалар конфессиялық позициялардан қарастырылады. Оның өкілдері, шын мәнінде, өз методологиясы бойынша теологиялық дискурстан философиялық дискурсқа көшті. Олардың концептуалды зерттеулерінің құндылығы олардың қасиетті мәтіндердің қасиетті символизмнің жалпыадамзаттық экзистенциалдық тәжірибемен, адам тәжірибесінің алуан түрлілігімен, адам болмысының өзекті мәселелерімен байланысы сияқты аспектісін зерттейді. Әлемдік және дәстүрлі діндергі діни мәтіндерді салыстыру арқылы анализ жасай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тәпсір іліміне кіріспе
    Несиелер: 5

    Тәпсір ғылымының қалыптасу мен тәпсір ілімінің негіздерін оқыту. Осы салада зерттеу жүргізген үлкен тәпсір ғалымдарының өмірбаяндары және еңбектерімен таныстыру. Қажетті мәтіндерді шарттарға сәйкес өз бетінше талдауға машықтанып шығу. Тәпсір саласындағы негізгі еңбектермен таныс болады. Діни мәтіндерге тәпсір жасау әдістерін қарастыру және меңгеру. Жасалған тәпсірлердің мәнін түсініп, тәжірибелік маңыздылығын анықтай алуға бейімдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Салыстырмалы дінтану
    Несиелер: 5

    Діндердегі сенім,құлшылық, құқық, этика, дүниетаным, діни мәтін түсініктеріне салыстырмалы түрде талдау жасай алады. Әр діннің өзіне тән маңызды ерекшеліктерін, құндылықтарын, өзгешеліктерін ашып көрсетеді. Ғылыми танымның маңызды әдістерінің бірінен саналатын аналогиялық әдіске мән беру арқылы, білім көкжиегін кеңейте түседі. Студент діни салалардың айырмашылығы мен өзіндік ерекшеліктерін саралай алуға қабілетті болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Құран ілімдеріне кіріспе
    Несиелер: 5

    Құран ілімдеріне кіріспе пәні құранға қатысты ғылым салаларын қарастырады. Құранның түсу себептерін, аяттардың мағынасы мен мақсатына қарай бөлінуін, құранның жинақталуын және құранға қатысты жазылған ғылыми еңбектермен танысу. Құран ілімдеріндегі ерекше маңызды мәселелермен таныстыру, әрбір салаға қатысты классикалық еңбектерге сүйене отырып, жалпы түсінік қалыптастыру. Құран ілімдерінің негіздерін меңгерту. Құранға қатысты ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай қажетті жағдайда қолдана білу ұсынылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Матуриди ақидасы
    Несиелер: 5

    Матуридия исламдағы догматикалық-философиялық бағыт, оныншы ғасырдың басында пайда болған калам сүнниттік мектептерінің бірі. Ақидалық мектептің негізін қалаушы Әбу Мансур әл-Матуриди мутазилиттермен және жахмиттермен ақидалық пікір таластарда ақыл дәлелдері мен кәламдық дәлелдерді пайдаланған. Матуриди ақидасы Ислам сенім негіздерін және ислам теологиясына қатысты негізгі мәселелер мен олардың көріністерін талдайды. Сенімдік мәзһабтардың негізгі ұстанымдары мен бағыттарын терең меңгеріп, дәстүрлі ислам бағытындағы мәзһабтарды талдай біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ҚР Дін туралы мемлекеттік заңдар
    Несиелер: 5

    Адамзат тарихында мемлекет пен діни құрылымдардың қарым-қатынасы, құқық пен діннің арақатынасы сияқты күрделі болды. Дін мен құқық басқа қызметтермен қатар адам мінез-құлқының қуатты реттеушісі қызметін атқарып келеді. Пәннің зерттеу нысаны ҚР діни сенім бостандығын жүзеге асыру теориясы және практикасын, аналитикалық зерттеулерді камтиды. Білімгерге түрлі діни топтардың заң аясындағы қызметі мен заңдық және заңнан тыс құқықтарын талдау қабілетін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақидаға қатысты қазіргі мәселелер
    Несиелер: 5

    Ақида ілімінің қалыптасуы, доктриналық мектептердің пайда болу тарихы мен себептерін айқындайды. Ислам сенім мектептерінің негізін қалаушы және қалыптастырушы имамдардың өмір тарихымен таныстыру негізінде дәстүрлі доктриналық мектептердің қалыптасу кезеңі мен негізгі ұстанымдары мен бағыттарын меңгереді, сол арқылы діни салада дәстүрлі ислам мен жат ағымдар арасындағы айырмашылықты оңай анықтаудың жолдарын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстандағы діни басылымдар
    Несиелер: 5

    Пән діни басылымдардың қызметі мен мәнінен хабардар ету, діни басылымдардағы мақалаларды еркін талдап, автордың мақсатын көрсетуге қабілет қалыптастыруға бағытталған. ҚР діни басылымдар және олардың әлеуметтік, мәдени қызметімен таныстырады. Қазіргі таңда діни басылымдарда жарық көрген материалдардың діни басылымдардағы жарияланған мақалаларды жан-жақты саралау, тарихи тұрғыда талдау жасау әдістері, бүгінгі діни идеологияның қазақ қоғамында қалыптасуы мен дамуына тигізген әсерлер сынды тақырыптарды қозғайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дінтанулық сараптама
    Несиелер: 5

    Дінтанулық сараптама – діни сенім туралы ақпаратты зерттеу, сонымен қатар даулы мәтіндердің, ғибадат ету объектілерінің және діни жоралар мен рәсімдердің орындалуының діни аспектілерін талдауды қарастырады. Дінтанулық сараптама діни ұйымды анықтауға, оның мазмұнын сипаттауға мүмкіндік береді. Дінтанулық сараптама дін саласының қазіргі кезеңдегі мәселелерін, даму бағыттарын зерделеу арқылы маман ретінде дінтанулық сараптама жасау әдістері мен тәсілдерін қарастыруды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Академиялық жазылым
    Несиелер: 5

    Академиялық жазылымдарды жазудың тәртібі мен талаптарын меңгере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің және рәсімдеудің негізгі талаптарын, тәсілдерін үйрету. Академиялық жазу және оның ерекшелігі, қалыптасуы, кәсіби құзыреттілік және коммуникативтілікті кеңейту, аналитикалық мәтіндік әрекетке байланысты құзыреттер қалыптасыру. Студенттердің лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Ғылыми басылымдарға зерттеу жұмысының нәтижелерін жариялаудың жолдарын, талаптарын, кезеңдерін қарастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақ салт дәстүрлері
    Несиелер: 4

    Білім алушылар тұтас жүйе санатындағы қазақтың дәстүрлі мәдениетімен, дәстүрлі дүниетанымымен, дәстүрлі ойлау моделінің ерекшелігімен танысады. Қазақтың мәдени және тарихи мұрасын қадірлеуге бағытталатын азаматтық көзқарас қалыптастырады. Қазақтың салт дәстүрінің шығу тарихын меңгеріп, күнімізде қалай көрініс тапқандығын үйренеді. Сонымен қатар дін мен дәстүрдің өзара байланысы, ықпалы, олардың сабақтастығы және діндегі маңыздылығын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON1

    Теориялық және практикалық білімді кәсби салада қолдану, қоғамдағы теологиялық мәселелер бойынша консультациялық қызметтің маңыздылығын түсіндіру.

  • Код ON2

    Заманауи ақпарттық кеңістікте діни бағыттағы жағдаяттық үрдістің белгілерін анықтау, АКТ құзыреттіліктерін мәселелерді шешуде ұтымды қолдану.

  • Код ON6

    Қоғамның рухани сұранысын көрсету, рухани сұранысты қанағаттандырудың тиімді әдістерін сипаттау

  • Код ON4

    Алған білімін Қазақстандағы діни жағдайды түсіндіру арқылы діни экстремизм мен терроризмді, конфессия аралық және конфессия ішілік қақтығыстарды алдын алуда қолдану.

  • Код ON10

    Қазақстандағы исламның дамуын, тарихын, тұрақтылығын түсіндіру.

  • Код ON3

    Өзін-өзі дамытуға ұмтылысты көрсету, топпен ынтымақтастықта қызмет атқару, өз ойын нанымды дәйектеу және жеткізу.

  • Код ON8

    Кәсіби қызметін жүзеге асыруда шет тіліндегі әдебиеттерді қолдану, шет тіліндегі түпнұсқа дереккөздерді пайдалану.

  • Код ON11

    Салауатты өмір салтының маңыздылығын сипаттау, кроссфункционалдылықты және пәнаралық қабілетін көрсету.

  • Код ON7

    Алған білімін мемлекет және дін қарым-қатынасын нығайтуда пайдалану.

  • Код ON9

    Теология саласындағы кәсіби қызметін жүзеге асыруда ғылыми мақалаларды, зерттеулерді пайдалану.

  • Код ON5

    Діндер дамуының ортақ заңдылықтарын сипаттау, статистикалық мәліметтерді құру, өңдеу.

Top