Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D04109 Қаржы және бизнес в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Қазақстанның қаржылық даму институттарын жаңғырту
    Несиелер: 5

    Бұл курс Қазақстан экономикасын жаңғыртуда, инновациялық индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін экономиканың барлық секторларында инфрақұрылымды дамытуға, Қазақстандағы қаржылық институттарын дамытудың кәсіби біліктілігін,сындарлы талдау және бағалау дағдыларын дамытудағы ұлттық даму институттарының рөлін зерделеуге, оларды одан әрі жаңғырту бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірлеуге бағытталады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазу
    Несиелер: 5

    «Академиялық жазу» пәні - аналитикалық мәтіндік қызметпен байланысты кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және коммуникативтік құзыреттілікті кеңейту, сондай-ақ академиялық жанрлардың ерекшеліктерімен (Аннотация, реферат, аналитикалық шолу, сондай-ақ ғылыми оқиға (конференция) туралы хабарламалар) танысу; мәтіндерді аналитикалық өңдеудің негізгі мақсаттарын анықтау; кәсіби тақырып бойынша мәтіндерді талдауға үйрету. Пәнді оқу ғылыми мәліметтер базасында ақпарат іздеумен, мәтіндерді талдаумен және рефераттаумен, академиялық жазудың түрлі жанрларымен жұмыс жасаумен байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сақтандыру технологияларын дамытудың үрдістері
    Несиелер: 5

    Бұл курс сақтандыру технологиясының нарығын дамытуға қатысты негізгі түсініктерді, Қазақстан сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы мен келешегін зерттейді, маркетинг тұжырымдамасын қолдануға негізделген, сақтандыру нарығын дамыту үшін кешенді маркетингтік қызметті пайдалану негізінде сақтандыру нарығының өзін-өзі дамытуына күшті ынталандыруды айқындайды, сондай-ақ тәуекелдердің түрлерін және әр түрлі жағдайларға тәуекелдерді төмендету жолдары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлемдік қаржылық дағдарыстар
    Несиелер: 5

    Бұл курс қаржы-экономикалық дағдарыстың себептерін анықтау және мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларын жүзеге асыру арқылы оларды жою мақсатында қаржылық әдістерді қолданудың Қазақстан экономикасын дамытуға факторлардың ықпал етуін зерттейді, әлемдік дағдарыстың экономикалық өсуіне теріс әсерін зерттеу бойынша кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды дамытуды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Заманауи қаржылық технологиялар
    Несиелер: 5

    Бұл курс бухгалтерлік есеп, аналитикалық және жоспарлау ақпараттарына негізделген қаржылық шешімдер қабылдау үшін заманауи қаржылық технологияларды қолданудың тұжырымдамалық және практикалық аспектілерін зерттеуге және тәуекелдерді қайтару келісімі жағдайында корпоративтік қаржыларды басқару тұрғысынан заманауи басқару модельдерін құрастырудың бір бөлігі ретінде қаржы құралдарын есептеу мен пайдаланудың практикалық дағдыларын дамытуға арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Банктік қызметтің стратегиялары және модельдері
    Несиелер: 5

    Аталған пән докторанттардың коммерциялық банктер қызметтеріндегі негізгі стратегияларды жасау және оларды іске асыруға байланысты, сондай-ақ банк қызметін ұйымдастырудың моделдеріне қатысты сұрақтарды теориялық жағынан тереңірек оқып білуге толық мүмкіндік береді. Пәнді оқу барысында коммерциялық банктердің қызметінде инновациялық және цифрландыру үдерісімен байланысты орын алатын мәселелерді де зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зертеу әдістері
    Несиелер: 5

    Курс докторанттарда бірлескен зерттеудің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Ол нарықтық практикада және академиялық ортада қолданылатын әдістеме мен зерттеу әдістері туралы, сондай-ақ экономикалық зерттеулерді жүзеге асырудың мүмкін құралдары мен технологиялары туралы жан-жақты түсінік қалыптастыруға арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстанның қаржылық секторын зерттеу
    Несиелер: 5

    Бұл курс жаңа экономикалық шындық және экономиканы жаңғырту контекстінде Қазақстан қаржы секторының даму үрдістері мен факторларын анықтау үшін жүйелі білім қалыптастыруды көздейді, сондай-ақ қаржылық сектордың сегменттерінің сындарлы талдау мен бағалаудың докторанттардың кәсіби құзыреттілігін және дағдыларын дамытуға, мемлекеттің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қаржы нарығындағы инновациялар
    Несиелер: 5

    Бұл пән қаржылық инновацияларды құрудың негізгі бағыттары мен байланысты мәселелерді зерттейді, қаржы инновациялары ретінде сипатталатын қаржы құралдарының ерекшеліктерін анықтайды, қаржылық өнімдерді жобалаудың негізін береді, дамыған және дамып келе жатқан нарықтарда маңызды қаржылық құралдары болып табылатын ипотекалық бағалы қағаздарды қоса алғанда, қаржылық активтерді қорғау үдерісінде құрылған бағалы қағаздар зерттеледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON1

    өз ойын қысқа, жеткілікті сенімді ғылыми мәтін арқылы білдіру және дәлелдеу

  • Код ON2

    мақалалар, докторлық диссертация және монографиялар үшін ғылыми мәтіндерді дайындау әдіснамасын меңгеру.

  • Код ON3

    халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, ұлттық экономиканың тұрақты дамуында қаржы секторының рөлін жүйелі негізде біліп, қазіргі заманғы зерттеу әдістерін және инновациялық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып Қазақстандағы қаржы секторын сындарлы талдауды жүргізіп, Қазақстанның қаржы секторының дамудың тәжіриебелік мәселелерін шешу үшін жаңа жаһандық шындыққа және заманауи цифрлық қаржылық технологиясына көшу жағдайында қаржы нарығын дамытудың негізгі тенденциялары мен үлгілерін айқындау.

  • Код ON4

    халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуындағы қаржы институттарының рөлін жүйелі негізде біліп, оларды одан әрі жаңғырту үшін қазіргі заманғы зерттеу әдістерін және инновациялық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қаржылық даму институттарының іс-әрекеттерінің сындарлы талдауын жүргізіп, мемлекеттің және басқа инвесторлардың қаржы ресурстарын тиімді пайдалану бойынша ғылыми-зерттеу және тәжіриебелік тапсырмаларды шешу. Әлемдік қаржылық дағдарыстың себептері мен салдарын жүйелі негізде біліп, заманауи зерттеу әдістерімен және цифрлық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан экономикасының дамуына теріс әсерін талдау, дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу, дағдарысқа қарсы бағдарламалардың нәтижелерін бағалау.

  • Код ON5

    экономикалық және басқару үдерістерін талдау және болжау үшін заманауи математикалық әдістер, модельдерді, қазіргі заманғы қаржылық және сақтандыру технологиялары, ақпараттық технологияларды және жүйелерді қолдану.

  • Код ON6

    банктік қызметтің стратегиялық бағыттарын және қаржы нарығындағы инновацияларды пайдаланудың тиімділігін анықтау.

Top