Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі в Mardan Saparbaev Instityty

  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 5

    Тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын айқындайды. Тілдің грамматикалық құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, грамматикалық тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдерін, түрлерін дәлелдеп, түсіндіреді. Сөзде және сөйлемде көрініс табатын, тілдің сипатын білдіретін жалпы грамматикалық ұғымдарды тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән білім алушылардың экологиялық дүниетанымын және тіршілік қауіпсіздігі бойынша зиянсыз, әрі қауіпсіз өмір сүрудің негізгі білімдерін қалыптастыруға, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы қауіпті және төтенше жағдайларда адамның қауіпсіз іс-әрекетін, азаматтық қорғаныстың мақсатын, құрылымын, міндеттерін білуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік дағдылары
    Несиелер: 5

    Курс бизнесті жүргізу дағдыларын теориялық зерделеуге және практикалық қолдануға, білім алушылардың жалпы экономикалық және басқарушылық дайындығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлік қызметтің мәні мен ұйымдастырушылық аспектілері және оның экономиканы дамытудағы мақсаты туралы білімді қалыптастыруға, нарықтық қатынастарға сәтті қатысу мәселелері бойынша кәсіпкерлік қызмет тәсілдерін зерделеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    Курс адамның адаммен, қоғаммен, қоршаған әлеммен қарым-қатынасын реттейтін этикалық және заңнамалық нормаларды білуге, білім алушылардың қоғамдық және жеке құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесі мен азаматтық ұстанымды ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікке қатер ретінде қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шетел тілінің практикалық фонетикасы
    Несиелер: 6

    Шетел тілінің дыбыстық жүйесімен таныстырады. Сонымен қатар интонация мен фразеологияны зерттейтін дыбыстық жүйе пәндерінің кіріспе бөлігі. Тілдің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарын, сингармонизмді және дыбыстарды зерттеу әдістерін қолдануды түсіндіреді. Дыбыстардың құрастырылуы, айтылуы және дыбысталуы бойынша жіктелуін іс жүзінде көрсетеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шетел тілінің практикалық грамматикасы
    Несиелер: 5

    Ағылшын тілінің грамматикалық құрылымын баяндайды. Әр түрлі қарым-қатынас жағдайларында қолданылатын грамматикалық құбылыстарды қарастырады. Морфологиялық және синтаксистік құрылымдарды құру және пайдалану ережелерін түсіндіреді. Оқу және кәсіби қызметте шетел тіліндегі ауызша және жазбаша қарым-қатынастың түрлі формалары мен түрлерін сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фарабиден хакім Абайға дейінгі рухани сабақтастық
    Несиелер: 3

    Қазақстан халқының өркениеттік және дүниетанымдық тамырлары мен руханиятына деген қызығушылықты қалыптастыруға және жандандыруға, этностың мәдени тарихының құрамдас бөлігі ретінде, дүниетаным тарихы мен философияны білуге, халық ойшылдарының мұрасын зерттеуге, қазіргі заманғы қоғамдық сұраныс пен дүниетанымдық түсінігі контекстінде дәстүрлі бастауларға жүгінуге, этностың өмірлік перспективаларын түсінуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Екінші шетел тілінің практикалық курсы (А1-А2 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Екінші шетел тілінің фонетикалық жүйесін зерттейді. Екпінді айтылым дағдылары мен қабілеттерін, ауызша монологтық және диалогтық , жазбаша сөйлеуді дамытуды қалыптастырады. Қаралатын тақырыптар аясында фонетикалық материалды: дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесін, екпін ұғымын, оқудың, айтылу мен интонацияның негізгі ережелерін, лексикалық минимумды талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Екінші шетел тілінің коммуникативті курсы (А1-А2 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Грамматикалық және лексикалық құбылыстарды, екінші шетел тілінің ерекшеліктерін зерттейді. Екінші шетел тілінің мәдениетаралық біліктілігін базалық стандартты деңгейде қарастырады. Ақпаратты шетел тілінде есте сақтау, ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәңгілік Ел идеясы және рухани жаңғыру
    Несиелер: 3

    Пән қазақ халқының зияткерлік күшін, қазақстандық мәдениеттің қуатын өздігінен ұйымдастыруға, ұлт пен елдің рухани, ғылыми-зияткерлік, ғылыми-шығармашылық және көркемдік әлеуетін жаңартуға негізделген. Қазақстанның азаматтық және рухани, этникалық және ұлттық бірегейлігін, адамгершілік-рухани жаңғыруын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған..

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ауызша және жазбаша сөйлеу практикумы (В1 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Шетел тілінің ауызша және жазбаша сөйлеуінің практикалық тапсырмаларын сипаттайды. Теориялық лингвистикалық, дидактикалық, аударма жаттығуларын баяндайды. Теориялық аударма әдістемесін баяндап,арнайы жаттығулар жүйесінің аударма құзыреттіліктерін дамытады. Арнайы жаттығулар мақсатында жүйесінің аударма құзіреттілігін дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ және ағылшын тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
    Несиелер: 5

    Флективтік шетел және агглютинативті шетел және қазақ тілдерінің грамматикасының құрылымдық айырмашылықтарын ескере отырып, шетел және қазақ тілдерінің грамматикалық құрылысының салыстырмалы сипаттамасын қарастырады. Салыстырылатын тілдік жүйелердің барлық деңгейлеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талдайды. Аударма теориясының негізі ретінде мазмұнды тілдік бірліктерді қолдануды зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Курс оқыту мен тәрбиелеу саласындағы педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары туралы ұғымдарды қалыптастыруға, кәсіптік педагогикалық қызметтің жалпы сипаттамасы, педагогиканың пәні, әдіснамасы және құрылымы, оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі туралы, кәсіптік шеберлік пен педагогикалық технологиялар, мектепте білім беру процесін тиімді ұйымдастыру үшін қажетті дағдылар туралы білімді меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Пән қалыпты және ауытқымалы дамуы бар балаларды бірлесіп оқыту идеясының дамуы туралы теориялық білімді қалыптастыруға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеудің міндеттері мен мазмұнына, даму қабілеті бұзылған оқушыларды педагогикалық білім беру жүйелері саласында студенттерді қажетті біліммен қаруландыруға және интеграция жағдайында түзету-дамыту оқу процесін ұйымдастыруға дайындыққа бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Екінші шетел тілінің практикалық курсы (В1 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Екінші шетел тілінің (В1 деңгей)практикалық курсының мақсаттары мен міндеттерін қарастырады. Екінші шетел тілінің грамматикалық құрылымын, сөздердің қалыптасуы мен өзгеруінің заңдары мен ережелерін, олардың фразаларға қосылуын, сөйлемдерді құру ережелерін түсіндіреді. Екінші шетел тілінің сөзжасам, морфологиясы және синтаксисі туралы алған білімдерін қолдана білуін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Теориялық фонетика
    Несиелер: 5

    Қазіргі шетелтілінің фонетикалыққұрылымының теориялық негіздерін зерттейді. Лингвистикалық ғылымдар жүйесіндегі теориялық фонетиканың рөлі мен орнын анықтайды. Жалпы және жеке фонетика, тарихи және сипаттамалық фонетика туралы ақпаратты ұсынады, салыстырмалы және қолданбалы фонетиканы, оның дыбыстың айтылуын оқыту процесіндегі рөлін талдайды; шет тілін айтуда жаңа бағыттардың дамуын айқындайды; тілдің дыбыстық құрылымдарын оқыту әдістеріне үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Базалық шетел тілінің практикалық курсы (В2 деңгей)
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік жетерлі қарым-қатынас құзырлығын қалыптастырады. Шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде, қатынастың ауызша-жазбаша формаларын: жазылым, айтылым, оқылым, тыңдалым қатынастарының ресми және биресми жағдайларында қолдана алуға бағыттайды; шетел мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық ерекшелігі жайынан толық мәлімет береді; әртүрлі деңгейдегі қиындықтардағы арнайы, ғылыми, көркем мәтіндермен жұмыс жасай алуға бейімдейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән болашақ мұғалімнің оқушылармен тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және техникасы саласындағы кәсіби-педагогикалық құзыретін қалыптастыруға, студенттерді диагностикалық, мақсатты болжау, жобалау, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, талдамалық іскерліктермен қаруландыруға, оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге, білім алушылармен өзара іс-қимылға жауапты және шығармашылық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Екінші шетел тілінің коммуникативтік курсы (В1 деңгей)
    Несиелер: 5

    Екінші шетел тілінің (В1 деңгей) коммуникативтік курсының мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Шетел тіліндегі сөздерді қабылдау процесінде лексикалық, грамматикалық және фонетикалық бірліктердің қолданылуын түсіндіреді. Ауызша және жазбаша түрде функционалды стильдердің тұтас, үйлесімді және логикалық мәлімдемелерін (дискурстарын) құру дағдыларын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шетел тілінің лексикологиясы
    Несиелер: 5

    Шетел тілінің лексикологиясы пәнінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін, мазмұнын баяндайды. Шетел тілінің лексикалық бірліктері туралы ғылымның қазіргі жағдайын түсіндіреді. Оның семантикалық-құрылымдық ұйымдастырылуына ғылыми көзқарасты, ағылшын тіліндегі мәтіндерді лингвистикалық талдау дағдыларын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мамандандырылған шетел тілін оқыту (С1 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Мамандандырылған шетел тілін оқыту(С1 деңгейі) пәнінің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын баяндайдыі. Шетел тілінде полемикалық әдістерді қолдануды түсіндіреді. Мәтінді талдау кезінде ағылшын тілінде өз ойын дұрыс жеткізе білу дағдысын қалыптастырады. Шетел тіліндегі пікірсайыс нәтижелерін қорытындылайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Екінші шетел тілінің практикалық курсы (В2 деңгей)
    Несиелер: 5

    Екінші шетел тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тактикасын үйренеді. Екінші шетел тілінде B2 деңгейінде сөйлеу әрекетінің әр түрлі түрлерін (жазу, оқылым, сөйлеу, тыңдалым) баяндайды. Екінші шетел тіліндегі қарым-қатынастағы әлеуметтік-коммуникативтік рөлдерді түсіндіреді. Екінші шетел тілінде сөйлеу қарым-қатынасындағы сөйлеу нормасын талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шетел тілінің сөзжасам жүйесі
    Несиелер: 5

    Шетел тілінің мақсаттары мен міндеттерін, мазмұнын зерттейді. Ағылшын сөзінің морфемалық құрылымын түсіндіреді. Морфтарды бөлу реттілігін дәлелдейді, түбір және бір құрылымдық сөздерді талдайды. Сөздің мағынасын, өнімділік сипатын тұжырымдайды. Туынды түрі мен әдісін, сөзжасамдық форманттың мағынасын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шетел тілін оқытудың әдістемесі және критериалды бағалау
    Несиелер: 5

    Шет тілін оқытудың заманауи әдістемелік тұжырымдамасының негізгі принциптерін қарастырады; әдістемелік білім категорияларын анықтайды; коммуникативті-бағдарланған, қарқынды, белсенді және басқа әдістемелік ұсыныстардың жүйелік құрылымын сипаттайды; білім беру процесінде инновациялық технологиялардың маңыздылығын зерттейді; әртүрлі заманауи әдістер мен әдістерді қолдануға бағдарлайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жазбаша және ауызша аударма практикасы
    Несиелер: 5

    Қазіргі жағдайда аударма қызметінің ерекшеліктерін баяндайды. Жазбаша аударманың түрлерін, процестерін және кезеңдерін жіктеуді қарастырады. Түпнұсқа мәтінін талдайды, стандартты және стандартты емес аударма мәселелерін анықтайды. Әр түрлі аударма түрлендірулерін қолдана отырып, оларды шешу тәсілдерін таңдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тыңдалым және конспектілеу
    Несиелер: 5

    Шетел тілінің интонациялық құралдарын түсіндіреді. Әр түрлі жанрдағы белгілі бір функционалды стильдердің сөйлеу туындыларын (ауызша және жазбаша) шығарады. Сөйлеу барысында мәтіннің әртүрлі функционалдық-мағыналық түрлерін түсіндіреді, оқу мен тыңдаудың түрлі тактикасын, оқу-ғылыми, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-саяси және әлеуметтік тұрмыстық қарым-қатынас салаларының мәтіндерін біріктіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тілді академиялық мақсатта оқыту (С1 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Өз пікірін жазбаша және ауызша түрде қалай дұрыс білдіру қажеттілігін түсіндіреді. Жеке және академиялық ортада идеяларды талдайды және талқылайды, академиялық, кәсіби ортадағы ғылыми пікірталастарда ауызша-жазбаша түрде өз пікірін білдіреді. Лингвистикалық, филологиялық және жалпы ғылыми ойды дәлелдейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Теориялық грамматика
    Несиелер: 5

    Теориялық пәндердің барлық циклдерімен тығыз байланысты жүйе ретінде ағылшын тілінің грамматикалық құрылымы туралы идеяларды қалыптастырады. Қазіргі ағылшын тілінің грамматикалық құрылымының негіздерін осы саладағы соңғы зерттеулерді ескере отырып зерттейді. Тілдің жүйелік сипаты мен оның динамикалық құрылымы туралы нақты түсініктіедіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Екінші шетел тілінің коммункативтік курсы (В2 деңгей)
    Несиелер: 5

    Идиомалық мәлімдемелерді дұрыс айтуды түсіндіреді. Болашақ мамандығы бойынша пікірталастар жүргізуге қабілеті шетелдіктермен түрлі тақырыптар бойыншасұхбат, әңгімелесу түрлерін қалыптастырады . Қарым-қатынастың әртүрлі салаларында сөйлеудің өзгеру түрлерінің құралдарын қолдануға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шетел тілің оқытудың интенсивті технологиялары
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаттары мен міндеттерін, мазмұнын зерделейді. Интенсивті оқыту технологияларын қолдана отырып, шетел тілі бойынша сабақтарды дайындау және өткізу әдістемесін қарастырады. Пәннің мазмұнына сәйкес сабақ жоспарларын жасайды. Сабақ мақсаттарына сәйкес оқытудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, шетел тілі бойынша сыныптан тыс іс-шараның конспектісін әзірлейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ақпараттық аударма практикасы
    Несиелер: 5

    Ақпараттық аударманың негізгі ережелерін, аудармалардың жіктелуін, тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас ұғымдарын, аударманың сәйкестіктері мен баламалығын сипаттайды. Екі тілдің лексикалық және грамматикалық категориялары мен жүйелеріндегі ұқсастықтар мен сәйкессіздіктерді талдайды. Табысты аударма қызметін жүзеге асыру үшін дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мамандандырылған шетел тілін оқыту (С2 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Коммуникативті белсенділікті білдіру үшін ситуациялық түрде анықталған стиль регистрлерінде қажетті тілдік құралдарын қарастырады. Логикалық тұжырымдар арқылы дискурсивті эссе жазу дағдыларын қалыптастырады. Мамандық бойынша бірнеше шағын түпнұсқалық мәтіндерді талдайды, оларды нақты логикалық құрылымы бар тұтас өзекті мәтінге біріктіреді, абстрактілі және күрделі арнайы тақырыптар бойынша әңгіме барысында тіл тасымалдаушысын түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ғылыми техникалық әдебиетті аудару
    Несиелер: 5

    Ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына жататын ғылыми-техникалық әдебиетті аудару кезіндегі мақсаттары мен міндеттерін баяндайды. Мамандық бойынша әдебиетті оқу және аудару біліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Алынған ақпаратты жинақтайды; Аударылатын техникалық мәтіннің сипатын ескере отырып, аударманың түрлерін, тәсілдерін және технологияларын пайдалану тұрғысынан өндірістік-практикалық қызметті талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тілді академиялық мақсатта оқыту (С2 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Шетелдік білім беруде тереңдету дағдыларын қалыптастырады. Оқу және ғылыми академиялық қатынас құралы ретінде шетел тілін жетік біледі. Шетел тілдерін меңгеружәне қолдану барысында мақсаттарына сәйкес академиялық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби-іскерлік қатынастар аясын кеңейтеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Екінші шетел тілінің коммуникативтік курсы (С1 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Екінші шетел тілінің артикуляциялық перцептивті базаның ерекшеліктерін қарастырады. Дауысты және дауыссыз фонемалардың өзгеру ерекшеліктерін, сөздердің негізгі екпінді-ырғақты түрлерін, зерттелетін тілдегі фразаның екпінді ырғақты ұйымдастырылу тенденцияларын сипаттайды. Аудио және компьютерлік техниканы қолдана отырып, шетел тілін айтылым, оқылым негіздерін талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеулер және академиялық хат
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің өз бетінше зерттеу жобаларын іске асыру және халықаралық академиялық қоғамдастық нормаларына сәйкес нәтижелерін жазбаша түрлерін ұсыну, зерттеу әдістерін қолдану, өздігімен зерттеу ережелерін дәлелді түрде баяндау, ғылыми жобасын іске асыру үшін тиісті құралдарды таңдау қабілеттерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Екінші шетл тілінің практикалық курсы (С1 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Базалық екінші шетел тілінің(С1 деңгей) практикалық курсының мақсаттары мен міндеттерін, мазмұнын баяндайды. Ауызша қарым-қатынас практикасында лингвистикалық теория негіздері туралы білімді қалыптастырады, ақпаратты, оның ішінде жаһандық ақпараттық желілерде саналы іріктеуді және сыни талдауды жүзеге асырады. Күнделікті қарым-қатынаста, іскерлік, академиялық және кәсіби салада екінші шет тілін практикалық меңгеруді оқытуға қойылатын заманауи үрдістер мен талаптарды талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Стилистика
    Несиелер: 5

    Стилистиканың теориялық негіздерін зерттейді. Заманауи стилистикадағы жаңа тәсілдерді қарастырады. Осы саладағы теориялық білімді, стилистикалық дағдыларды, стилистикалық үлгілі мәтіндерді өз бетінше шығару дағдыларын игеруді қалыптастырады. Әдеби тіл нормаларын, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әр түрлі жанрдағы мәтіндерді интерпретациялау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаттары мен міндеттерін, мазмұнын баяндайды. Шетел тілінде оқылған көркем шығарманың мазмұнын қайталау қабілетін қалыптастырады. Шетел тіліндегі нақты қарым-қатынас жағдайында коммуникативті мақсаттарға жету үшін мәтінді түсіндіру кезінде алынған тілдік құралдарды құрастырады. Өзінің білім беру және кәсіби қызметінде мәтінді түсіндіру саласында алған білімдерін дәлелдейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Функционалдық стилистика
    Несиелер: 5

    Тіл құралдарын мақсатты қолдану туралы ғылым ретінде стилистиканың негізгі ережелерін көрсетеді. Тілдің функционалды стильдерін және сөйлеудің функционалды түрлерін қарастырады. Білім алушының сөйлеу қабілетін дамытуға және олардың коммуникативтік құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған тілдік білім беру жүйесіндегі өзгерістерді салыстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көркем мәтінді талдау
    Несиелер: 5

    Тілдің көрнекі экспрессивті құралдарын қолдана отырып, көркем мәтінді зерттеу және талдау саласындағы мақсаттар мен міндеттерді баяндайды. Қазіргі әдебиеттанудағы көркем мәтіннің негізгі тұжырымдамаларын қарастырады. Көркем мәтінді талдаудың зерттеу стратегиялары туралы түсініктерді тереңдетеді және көркем мәтінді дербес талдау тәжірибесін шоғырландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Елтану
    Несиелер: 5

    Елтану және оның функциялары туралы негізгі терминдерді, ұғымдарды ашады; олардың табиғаты, халқы, экономикасы, мәдениеті және әлеуметтік ұйымдары туралы мәліметтерді жүйелейді. Әлем елдерін, олардың дамуын қарастырады. Елді, аймақты сипаттайды. Батыс Еуропа аймағы елдерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуына талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оқытылатын тілдің мәдени дәстүрлері
    Несиелер: 5

    Оқытылатын шетел тілі елдерінің мәдениетін, дәстүрін және әдет-ғұрпын сипаттайды. Негізгі және мемлекеттік ұлттық мерекелерді қарастырады. Оқытылатын тіл елдерінің ұлттық мәдениеті дамуының жалпы тенденцияларын түсіндіреді. Болашақ шетел тілі мұғалімінің лингвистикалық-аймақтық және филологиялық білімін кеңейтеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетел тілінің әдебиеті
    Несиелер: 5

    Әдебиетке деген жаңа көзқарасты - халықтың мәдени мұрасын, құндылық қасиеттерін қарастырады. Шетел жазушыларының, ақындарының өзіндік авторлық тәсілдерін, әдебиеттің ұлттық мәдениет жүйесіндегі орнын анықтайды. Елдердің мәдени құндылықтарын бағалайды. Көркем шығармаларды өз бетінше оқу және әдебиеттанулық талдау дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Классикалық және заманауи әдебиеті
    Несиелер: 5

    Классикалық және қазіргі әдебиеттің мақсаттары мен міндеттерін, мазмұнын зерттейді. Әдеби шығармалардың жанрлық ерекшелігін қарастырады. Біздің заманымыздың ең ірі ағылшын жазушыларының шығармашылығын, олар жасаған туындыларды талдайды. Ұлттық әдебиет пен әлемдік әдебиет үшін аса маңызды туындылар поэтикасының ерекшеліктерін зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Іскерлік шетел тілі
    Несиелер: 3

    Іскерлік шетел тілі пәнінің мақсаттары мен міндеттерін баяндайды. Шетелдік серіктестермен қарым-қатынас кезінде кәсіби қызметтегі әлеуметтік-коммуникативті мәселелерді шешу үшін, сондай-ақ одан әрі өзін-өзі тәрбиелеу үшін коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті және жеткілікті деңгейін игеруді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Елтану тарихы
    Несиелер: 5

    Оқытылатын тіл елдерінің тарихымен, саяси құрылымымен, мәдени өмірімен, білім беру жүйесімен, салт-дәстүрлерімен таныстырады. Елдердің негізгі атауларын, географиялық орналасуын, биліктің үйлестіру жүйесін анықтайды. Батыс Еуропа елдерінің тарихи, саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуына зерттеу және талдау жүргізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медиа және тіл
    Несиелер: 3

    Тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынастағы жазбаша және ауызша сөйлеу нормаларын баяндайды. Оқушылардың белсенді және пассивті лексикалық қорын қарастырады. Монологтық ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастырады (қайталау, мазмұндау, Рецензиялар, резюмелер). Газет-публицистикалық сөйлеу стилін түсіну үшін қажет лексика мен синтаксистік модельдердің мағынасын сынға алады. Орындалған аудармаларды, БАҚ мәтіндерінің лингво - прагматикалық ерекшеліктерін талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетел тілінің мәдениетаралық коммуникациясы
    Несиелер: 5

    Белгілі бір мәдениеттің атынан сөйлейтін тілдік тұлғаның қоғамдағы орнын, басқа халықтың тілі мен мәдениетін меңгерудің маңыздылығын түсіндіреді. Тіл, мәдениет, мәдениетаралық коммуникация мәселелерінің ерекшеліктері мен маңызын қарастырады. Білім алушылардың коммуникативтік, кәсіби құзыреттерін, мәдениетаралық және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетел тілінің тарихы
    Несиелер: 5

    Ағылшын тілінің заңдылықтары мен грамматикалық құрылысын зерттейді. Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі халықтар аумағындағы тарихи оқиғалар мен фактілердің тілдерге әсері мәселелерін түсіндіреді. Әлеуметтік-саяси, тарихи өзгерістер, оның басқа ұлттардың тілдерімен өзара байланысы туралы ақпаратты талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық емтихандарға дайындық бойынша практикумы (IELTS,TOEFL)
    Несиелер: 5

    IELTS және TOEFL халықаралық емтихандарын тапсыруға дайындалу үшін қажетті мақсаттар мен міндеттерді меңгереді. Кәсіби салада одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады. Алынған ақпаратты талдайды, шетел тілінде білім алушы сөздерінің белсенді және сөздік қорын жетілдіреді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON12

    Ауызша, жазбаша, ғылыми-техникалық, іскерлік және ақпараттық аудармаларды дайындайды. Мәтінді түсіндіру дағдыларын көрсетеді және шетел тілінде шешендік өнер дағдыларын қолдана отырып көпшілік алдында сөйлеуді жүзеге асырады. Белгілі бір коммуникативтік міндеттерге қол жеткізу үшін қолданылатын әр түрлі функционалды және стилистикалық қатынас мәтіндерінің тілдік және құрылымдық ерекшеліктерін бағалайды.

  • Код ON6

    Оқытудың интеграциясы мен сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарын жоспарлайды, білім алушылардың оқу-танымдық қызметінің жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау құралдарын қолдана отырып, педагогикалық қызметте оқыту мен талдаудың жаңа технологияларын пайдаланады. Адам өміріндегі ғылым мен діннің ролін, оның тарихи-әлеуметтік заңдылықтарын түсініп, мәдени тұтастықты бағалайды; табиғат пен қоғам арасындағы негізгі заңдылықтар жөнінде түсініктерді есте сақтайды; ерекше қажеттіліктері бар, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің нормативтік-құқықтық базалары мен әдіснамалық негіздерін практикада қолданады; шетел тілінің лексикалық бірліктерінің семантикалық-құрылымдық ұйымдастырылуына, әлеуметтік шарттарына қатысты ғылыми көзқарасты зерделейді.

  • Код ON7

    Дидактикалық, зерттеушілік әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерді анықтау және шешу үшін шетел тіл білімі мен әдебиеттану саласында білім мен біліктілік жүйесін қолданады, білім беру мекемесінің заманауи оқу-тәрбие үрдісінің принциптерінің нормативтік базасын қолданады

  • Код ON3

    Тұрақты азаматтық ұстанымын, кәсіпкерлік қабілетін, көшбасшылық қасиеттерін және сыни ойлау дағдыларын көрсете алады. Адам мен қоршаған ортаның өзара байланыс дәлелін, жеке мүмкіндіктер мен ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік және кәсіби белсенділікті қамтамасыз ету үшін қауіпсіз және салауатты өмір салтының құндылықтарын жүзеге асырады.

  • Код ON11

    Шетел тілін мамандандырылған, жалпы кәсіптік, академиялық және іскерлік деңгейлерге сәйкес қарым-қатынас құралы ретінде қолданады. Оқу, ғылыми-зерттеу және кәсіби міндеттерді шешу үшін шетел тіліндегі ақпаратты жинақтайды. Кәсіби тақырып бойынша шетел тіліндегі диалогтік және монологтық сөздерді (баяндамалар, презентациялар, сөз сөйлеулер, хабарламалар) саралайды.

  • Код ON13

    Шетел тілінің дағдыларын мәдениетаралық коммуникация деңгейінде қолданады. Шетел тілі бойынша халықаралық емтихандарға дайындығын дәлелдейді. Іс жүзінде вербалды және вербальды емес іс-әрекеттерді тәсілдерін тәжірибеде қолданады.

  • Код ON4

    Кәсіби салада ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолданады, Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін сақтайды, ресми және бейресми білім беру шеңберінде одан әрі оқытуды жобалай отырып, өзінің зияткерлік және мәдени деңгейін дамытады.

  • Код ON5

    Оқу-тәрбие процесінде жеке сараланған тәсілдерді қолдана отырып, баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуындағы оқыту мен тәрбиелеу әдістерін таңдайды және қолданады.

  • Код ON14

    Сөйлеу мәнерінің әр түрлі ерекшеліктерін бағалайды. Түрлі жанрдағы көркем, ғылыми-танымал, публицистикалық мәтіндердің стилистикасы мен функционалдық стилистикасын түсіндіреді. Оқытылатын тілдің тарихын, мәдени дәстүрлерін елтану тарихын ескере отырып, шетел тілінің классикалық және заманауи әдебиеттерін қарастырады.

  • Код ON9

    Білім беру және кәсіби міндеттерді шешу үшін білімнің лингвистикалық теориясы негізінде шетел тілдік білім беруде тілдік фактілерді қолданады. Теориялық грамматика, фонетика заңдылықтарын талдайды. Тіл білімі саласындағы заманауи ғылыми теориялық көзқарастармен тәжірибе жасайды.

  • Код ON1

    Тарихи процестер мен шындықты философиялық тұрғыдан түсіну ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ қоғамын жаңғыртудағы олардың ролі контексінде әлеуметтік, саяси, мәдени және психологиялық құбылыстарды сипаттайды.

  • Код ON8

    Грамматикалық, фонетикалық және сөздік қорларын қолдана отырып, тыңдалым және сөйлеу, оқылым және жазылым дағдыларын дамытады; Шетел тілінің типологиялық классификациясына фонетикалық, морфемалық, синтаксистік және компоненттік талдау жасайды.

  • Код ON2

    Ақпаратты жинау және түсіндіру үшін қазіргі заманғы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, әлеуметтік- этикалық нормалар мен ғылыми идеяларды қарастырып, пайымдауларды қалыптастырады. Нақты және виртуалды салада мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде кәсіби ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

  • Код ON10

    Коммуникация құралы ретінде (сөйлеу, тыңдалым, оқылым, жазылым) екінші шет тілінің ауызша және жазбаша түрлерін қолданады. Сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің айырмашылықтарын салыстырады және екінші шет тілін оқуда грамматикалық, теориялық және практикалық дағдыларын жетілдіреді.

6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01705 6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын)
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және неміс тілдері/ ағылшын және француз тілдері)
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01705 Шетел тілі (екі шетел тілі)
Бакалавриат

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top