Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08110 Агрономия-1 в Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 2

    Елдің қоғамдық дамуының жаңа жағдайында магистранттың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздерін қамтиды. Магистрантта өндірістік қызметті ұйымдастыру барысында туындайтын әртүрлі психологиялық және өзекті мәселелерді шешудің теориялық білімдері мен кәсіби практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Агрономиядағы зерттеулер мен практикадағы жаңа бағыттар
    Несиелер: 5

    Пән мамандық бағытында зерттеулер мен практикадағы соңғы өзгерістерді оқытады. Магистрантты мамандық бойынша соңғы жүргізілетін зерттеулер мен қолданыстағы практикадағы жаңа бағыттар бойынша жаңа біліммен қамтамасыз етіп, алған теориялық білімді кәсіби қызметте пайдалану даңғысын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 5

    Ғылым теориясы мен олардың елдің индустриялық дамуы жағдайында дамуы туралы түсінік береді. Ғылым мәселесін философиялық талдаудың бір бөлігі ретінде зерттейді. Курс магистрантта ғылымның тарихы мен дамуы бойынша білімді қалыптастыруға, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемелерін меңгеру құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Агрономиядағы ғылыми зерттеулер әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тәжірибелік зерттеулердің қазіргі заманғы әдіснамасы, агрономиялық тәжірибелер мен зертханалық эксперименттерді салу және жүргізу, нәтижелерді экономикалық және биоэнергетикалық бағалау әдістері, зерттеу деректерінің статистикалық шынайылығын талдау, ғылыми этика және плагиат түсінігі, мақалаларды дайындау және жариялау тәсілдері, заманауи сандық әдістер негізінде зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу әдістері кіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Менеджмент
    Несиелер: 2

    Магистрантта кеңейтілген ғылыми басқару, дүниетаным, кәсіби құзіреттілік дағдыларын қалыптастырады, бәсекелі ортада жұмыс істейтін ұйымдардағы процестер мен құбылыстарды, оның мектептері, тұжырымдамалары мен тәсілдері, даму тенденциялары жағдайында менеджменттің қазіргі заманғы динамикасын ескере отырып түсіндіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Арнайы пәндер негізі
    Несиелер: 4

    Арнайы пәндердің шолуын қамтиды, мамандық бойынша пәндердің ғылыми, теориялық және практикалық жетістіктері мәселелерін қарастырады. Магистрантты пәндердің негізгі бағыттарымен және әдістерімен таныстырады. Магистрантта арнайы пәндер бойынша білімнің және кәсіби құзыреттіліктің теориялық негіздерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Заманауи оқыту әдістері
    Несиелер: 4

    Пән заманауи даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы магистрантың жаңаша ойлау әрекетін қамтиды. Заманауи оқыту әдістеріне үйрету арқылы магистранта ақпараттық, цифрлы жəне мамандық бойынша біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын және жаңа білімді сапалы қолдану біліктілігін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 2

    Бұл пән шет тіліндегі ғылыми мақаланың құрылымы мен стилистикалық ерекшеліктерін; мамандық бойынша ғылыми-техникалық бейіндегі мәтіндердің ағылшын тілінен қазақ немесе орыс тіліне аудармасын; мамандық бойынша қазақ немесе орыс мәтінінің мазмұнын ағылшын тілінде беру (ауызша рефераттау); шет тілінде ғылыми мақалаларды жазу және конференцияларда ғылыми баяндамалармен сөз сөйлеуді оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшеттік жұмысын ұйымдастыру және көкөніс дақылдарын өндірудің прогрессивті технологиялары
    Несиелер: 5

    Көшеттіктің жұмысын сапалы ұйымдастыру мәселелерін, соның ішінде ұзақ мерзімді жоспарлау, жаңа сорттарды пайдалана отырып көкөніс дақылдарын, картопты өсірудің прогрессивті, цифрлық технологияларын оқытады. Магистрантта ашық және жабық топырақта көкөніс дақылдары өнімдерін өндіру жоспарын, көкөніс дақылдары мен картопты өсірудің технологиялық карталарын әзірлеу, өнімнің сапасын арттыру және ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ету тәсілдерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Егістік шаруашылығындағы агроландшафтық егіншілік жүйесі
    Несиелер: 5

    Аграрлық ландшафтарды пайдалану тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында цифрлық технологияларды қолданатын ғылыми негізделген шаралар кешенін зерттеу.Магистрантқа замануи әдістер мен қондырғыларды қолдана отырып,ауылшаруашылығы жерлерінің топырақ жамылғысын сапалы бақылау мен талдау дағдыларын қалыптастырады,топырақ құнарлығын молайту әдістерін жасау,құрғақшылық әсерін азайту және егіншілік жүйесінің тиімділігін арттыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Егістік дақылдарды өсірудің инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    Егістік дақылдарды өсірудің инновациялық сандық технологияларының ғылыми әдістерін және олардың әр түрлі топырақ-климаттық жағдайлардағы тиімділігін зерттейді. Магистрантта әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын, соның ішінде бұршақтыларды өсірудің сандық технологияларын практикалық қолдану дағдыларын қалыптастырады. Пән сондай-ақ нөлдік технологияларды, органикалық таза өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуде нақты әдістерді қолдануға және зерттеуге мән береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мал азығын өндіру мен сапасын бағалаудың жаңа технологиялары
    Несиелер: 5

    Бәсекеге қабілетті, органикалық мал азықтық өнімдерді өндіру және жаңа сандық техника мен технологияны қолдану негізінде азық сапасының сәйкестігін зертханалық бағалау мәселелерін қарастырады. Магистрантта аймақтың топырақ-климаттық жағдайларын, а.ш. жануарларының азыққа сұраныстарын ескере отырып, мал азығын дайындау және сақтау, рациондарды, мал азығы балансын құрастыру және игеру, мал азығы сапасын зертханалық бағалау әдістерін меңгеру дағдылары мен білімін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Егістік дақылдарды зиянкестер мен аурулардан ықпалдастыра қорғау
    Несиелер: 5

    Сандық технологияларды қолдану негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдерін диагностикалаудың заманауи ықпалдастырылған әдістерін оқытады. Магистрантта өсіру аймағының топырақ-климат жағдайлары мен экологиялық талаптарды ескере отырып өсімдіктерді қорғаудың агротехникалық, химиялық және биологиялық тәсілдері кешенін дұрыс және тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдік шаруашылығын әртараптандырудағы агродақылдар өндірісі
    Несиелер: 4

    Өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру жағдайында агроөнеркәсіптік кешен өндірісінің негіздерін оқытады. Магистрантта ауыл шаруашылығы субъектілер жағдайында әртараптандыруды ұйымдастыру үшін агродақылдар жиынтығын дербес айқындау, егу, егістікті күту, жинау, сапалы сақтау және өнімді тиімді өткізуді қоса алғанда, агранарықтың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін өнімділігі мен сапасы жоғары агродақылдар өндірісінің технологиялық операцияларын ұйымдастыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шалғын-жайылым шаруашылығы
    Несиелер: 5

    Табиғи мал азықтық алқаптардың өнімділігін, экологиялық қауіпсіздігін және ұтымды пайдалануды арттырудың ғылыми негіздерін зерттейді. Курс магистрантта шабындықтар мен жайылымдарды беткі және түбегейлі жақсарту, ғылыми негізделген және экономикалық тиімді шабындықтар-жайылымдар айналымын жүзеге асыру, сандық технологиясын қолдану арқылы мал азықтық алқаптардың менеджменттің жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қорғау егіншілігі
    Несиелер: 5

    Нақты егіншілік элементтерін пайдалана отырып егістіктік және басқа да ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды және тиімді пайдалану сұрақтарын қарастырады. Далалық дақылдардың өзіндік құны төмен және жоғары сапалы экологиялық таза және тұрақты өнімін алу мақсатында топырақ құнарлылығын молайтудың инновациялық амалдарын оқытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON5

    Цифрлы технологиялар негізінде ауыспалы егістерді басқару, топырақты өңдеу, құнарлылығын арттыру, барлау және бағалау

  • Код ON3

    Ғылыми зерттеулер жүргізу, зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау және өндіріске енгізу, ғылыми этика қағидаттарын сақтау

  • Код ON4

    Көшеттіктің сапалы жұмысын қатамасыз ету, өнімді жоспарлау, көкөніс пен картоп өнімдерін өндірудің прогрессивті технологияларын енгізу

  • Код ON1

    Кәсіби іс әрекетте психологиялық, арнайы ғылымдар және менеджмент саласының жаңа білімдерін қолдану

  • Код ON8

    Цифрлы технологиялар негізінде мал азығы өндірісін жоспарлау, даярлау, сақтау және сапасын анықтау, мал азықтық танаптарды тиімді пайдалану

  • Код ON7

    Өндіріс жағдайында әртараптандыруда органикалық таза өнім өндіру мақсатында егістік дақылдардың инновациялық цифрлы технологиялаларын қолдану

  • Код ON6

    Цифрлы технологияларды қолдана отырып арам ағзаларға қарсы кешенді ықпалдастырылған қорғау шараларын тиімді анықтау

  • Код ON2

    Шет тілінің бірінде кәсіби жазбаша және ауызша қатынас орната білу

Top