Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05110 Биология в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

  • Академиялық жазу негіздері
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Таным техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, кәсіби оқылымды, академиялық жазу мен ауызша таныстыру дағдыларын меңгерту. Мазмұны:Академиялық оқылым мен жазылым дағдылары, ғылыми-кәсіби мәтіндердің тілі мен құрылымы. Конспектілеу, рефераттар пікірлер, тезистер жазу, ғылыми талдау нәтижелерімен таныстыру, ғылыми-кәсіби мәтіндерді оқу. Ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби бағдарланған жобаларды таныстыру. Өз бетінше жұмыс істеу дағдылары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ботаника
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алуантүрлілігі, морфологиялық және анатомиялық құрылымының қалыптасуы мен ерекшеліктері, эволюциясы туралы білімді тереңдету. Мазмұны: Пәннің даму тарихы, зерттеу әдістері. Өсімдіктер жасушасы мен ұлпаларының құрылымдык ерекшеліктері. Тұкым және өскін; Тамыр және тамыр жүйелері; Жапырақ және сабақ; Өсімдік мүшелерінің метаморфозы; Өсімдіктердің репродуктивтік биологиясының морфологиялық негіздері. Гүлдің морфологиялық алуантүрлілігі. Жемістің сипаттамасы, классификациялаудың принциптері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Білім алушыларға биологияның ғылым ретінде дамыудың негізгі кезеңдері, салалары мен құрылымдары, зерттеу әдістері және болашақ биологтің кәсіби бейнесі бойынша тұтас түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Маман ретінде қажеттілігі, бағдарлауы, биологияның ғылым ретінде дамыудың негізгі кезеңдері, салалары мен құрылымдары. Биолог-маман моделін зерттеу әдістері, профессиограмма, психограмма, биологтың кәсіби қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қасиеттер. Тұлғаның кәсіби қалыптасу кезеңдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелерінің морфологиясы мен анатомиялық құрылысы, ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Өсімдік жасушасы мен ұлпаларының құрылымы, классификациясы; өсімдік мүшелерінің морфологиялық белгілері мен анатомиялық құрылысындағы ерекшеліктері. Өсімдіктердің маусымдық және жастық өзгерістері, көбеюі мен дамуы, ұрық, өскін, гүлді өсімдіктердің онтогенезі мен эволюциялық бағыттары. Жемістер мен тұқымдардың таралуы. Өсімдіктердің тіршілік формаларының классификациясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Зоосистематика
    Несиелер: 6

    Мақсаты: Жануарлардың К.Линнейден қазіргі заманға дейінгі жүйелілік тарихын сипаттау, таксономиялық қатарлардың (санаттардың) сипаттамаларын, зоологиялық жіктеу теориялары, таксондарды анықтау және талдау әдістері, диагностикалық кілттер түрлері, олардың тиімділігі мен кемшіліктері туралы білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Зоосистематиканың биологиялық жүйедегі орны (теориялық және қолданбалы). Жүйелеу міндеттері. Түрлердің концепциялары: типологиялық, политиптік, биологиялық, морфологиялық. Зоологиялық номенклатура. Түрлер классификациясы. Таксондарды анықтау және талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Зоология
    Несиелер: 6

    Мақсаты: Жануарлардың алуантүрлілігін, құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін, ортаға бейімделушіліктерін, таралу заңдылықтарын білу және олардытиімді пайдалану, табиғаттағы қорын сақтау жолдарын үйрету. Мазмұны: Жануарлардың негізгі типтері мен кластарының өкілдері. Олардың морфологиясы, физиологиясы, экологиясы, этологиясы. Көбеюі, дамуы, маңызы. Филогениясы. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың таксондары, систематикасы мен эволюциясы, жануарлардың экологиялық жүйелердегі орны мен ролі, медициналық және кәсіби шаруашылықтағы маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдіктер географиясы
    Несиелер: 6

    Мақсаты:Өсімдіктердің таралу заңдылықтары, ареалы, қауымдастығының құрылымы, алуантүрлілігі, жіктелуі туралы білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Өсімдіктер географиясы ғылымының қалыптасуы, зерттеу әдістері. Флора. Флора аумағының шекаралары, геоморфологиялық құрылымы. Өсімдіктер формациясы түрлерінің географиялық таралуы. Өсімдіктер әлемінің тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Жердің флоралық аймақтарының ерекшелігі, оларды қалыптастыру тарихы, салыстырмалы флористика, флористикалық және географиялық-ботаникалық зерттеулер әдістері, флоралардың жіктелуі мен флористік аймақтарды бөлу принциптері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдіктер систематикасы
    Несиелер: 6

    Мақсаты: Өсімдіктер дүниесінің биоалуантүрлілігі, систематикалық топтары, тіршілік формалары, экологиясы және эволюциясы туралы білімдерін тереңдету. Мазмұны: Өсімдіктер жүйесі. Өсімдіктерді классификациялаудың теориялық және практикалық маңызы. Таксондар. Прокариоттар. Эукариоттар. Бактериялар. Вирустар. Балдырлар бөлімі. Саңырауқұлақтар бөлімі. Төменгі және жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар. Қыналар, Кілегейлілер, Мүктәрізділер, Риниофиттер, Плаунтәрізділер, Қырықбуынтәрізділер, Папоротниктәрізділер бөлмдері. Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі. Қылқанжапырақтылар класы. Жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер бөлімі. Өсімдіктердің тіршілік формалары, экологиялық топтары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физика
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Студенттерде жаратылыстану негіздері мен ғылыми дүниетанымын, физиканың ұғымдары мен заңдарына кешенді көзқарасты қалыптастыру, ғылыми ойлау әдістерін меңгерту; физиканың негізгі заңдарымен және принциптерімен таныстыру. Мазмұны: Биологиялық құбылыстарға қолданыстағы физикалық заңдылықтардың қолданылу шекаралары және макромолекулалардан экожүйелерге дейінгі ұйымның барлық деңгейлеріндегі, тұтас организмдердегі процестердің даму ерекшеліктері. Химия және макромолекулалардың физикасы, молекулалық биофизика және биоэнергияның кейбір мәселелерін қарастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Зоология экология негіздерімен
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Хордалылардың құрылымы, таксономиясы, тіршілік әрекеті, таралуы, биоценоздық және экономикалық маңызы туралы білімді қалыптастыру. Мазмұны: Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігі. Таксономия және жүйелеу принциптері. Ағза мен ортаның өзара әрекеттесуі. Популяция құрылымы. Биоалуантүрлілікті жүйелеу міндеттері. Экологиялық мәдениетті, экологиялық сананы қалыптастыру, қоршаған ортаны сипаттау, зоология, экология саласында теориялық білімді игеру, жануарлардың адамға пайдасын түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жоғары математика
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Білім беру, кәсіптік және әлеуметтік тұлғалық салаларда ықтималдықтар теориясының элементтерін қолдану дағдыларын қалыптастыру; кәсіби қызметте қолданылатын есептерді шешу үшін матрицалық, дифференциалдық және интегралдық есептеулерді меңгеру. Мазмұны: Анықтауыштар мен сызықтық теңдеулер жүйесі. Матрицалар және матрицаның рангісі. Сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер, матрицалық әдістер арқылы шешу. Векторлар және оларға амалдар қолдану. Векторлардың скалярлық, векторлық және аралас көбейтіндісін табу. 2-ші ретті қисықтар: эллипс, гипербола, парабола. Интегралды есептеу әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Химия
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Кәсіби шығармашылығын арттыру үшін бейорганикалық химияның теориялық негіздері бойынша білім беру, тәжірибе жүргізе білу үшін дағды мен біліктерін жетілдіру. Мазмұны: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі. Күрделі заттардың функционалдық жағдайына байланысты классификациясы. Эквивалент. Атом құрлысы. Химиялық элементтердің периодтың заңы (ХЭПЗ). Химиялық байланыс. Ертінділер. Электролиттік диссоциация. Термодинамика. Химиялық кинетика. Химиялық тепе- теңдік. Тотығу тотықсыздану реакциясы. Тұздар гидролизі. Электролиз.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 3

    Мақсаты: кәсіби маңызды жағдайларда қарым-қатынасты барабар құра алатын және арнайы мақсатта тіл нормаларын меңгерген маманның кәсіби бағдарланған тілдік даярлығын қамтамасыз ету. Мазмұны: Кәсіби тіл және оның құрамдас бөліктері. Кәсіби терминология ғылыми стильдің негізгі белгісі. Оқу-кәсіптік және ғылыми-кәсіптік салалардағы ғылыми лексика және ғылыми конструкциялар. Мамандық бойынша ғылыми мәтіндерді құрастыру және талдау бойынша жұмыс алгоритмі. Ғылыми-кәсіби мәтіндерді құрастыру. Болашақ кәсіби қызмет шеңберіндегі іскерлік коммуникация және құжаттама негіздері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет ету
    Несиелер: 3

    Мақсаты: Университетте оқытылатын пәндермен байланысты қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерді жүзеге асыру, академиялық бағдарламаларды игеру негізінде студенттерде әлеуметтік маңызды дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру. Мазмұны:Service Learning ұғымының мәні мен мазмұны, Service Learning тұжырымдамасының қалыптасу және даму тарихы. Service Learning-тің негізгі құрамдас бөліктері, балалар мен жасөспірімдер ортасындағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттер, әлемдік және қазақстандық тәжірибеде волонтерлік қозғалысты ұйымдастыру, Service Learning - тің профильдік бағыты. Қоғамдық пайдалы іс-әрекеттер арқылы оқытудың халықаралық тәжірибесі. Әлеуметтік жобаларды әзірлеудің жалпы принциптері мен әдістемесі. Іске асырылған әлеуметтік жобаларды талдау әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, тұлғаның берік адамгершілік негіздерін, азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың орнықты дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Құқықтық нигилизмді еңсеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында білім алушылардың құқықтық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа саналы көзқарасты қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан, сыбайлас жемқорлық моралінен, этикасынан адамгершілік тұрғыдан бас тарту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті дағдыларды игеру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын жасау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау, заңдылық, заңға құрмет идеяларын тарату. Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын түсінуге, оның көріністерінен әлеуметтік шығындарды сезінуге, өз ұстанымын дәлелді қорғай білуге, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін еңсеру жолдарын іздеуге бағытталған қызмет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қоғамдық сананы жаңғырту және оның өзекті мәселелері
    Несиелер: 3

    Мақсаты: Патша және кеңестік билік кезінде дағдарысқа ұшыраған руханиятымызды қалпына келтіріп, Тәуелсіз Ұлы Дала елінің рухани жаңғыруын жастар санасына сіңіру арқылы креативті тұлға қалыптастыру болып табылады. Мазмұны: Рухани жаңғыру: бастаулары мен алғышарттары. Қазіргі ұлттық сана. Прагматизм мен бәсекелік қабілет. Ұлттық бірегейлік және ұлттық код. Эволюциялық даму тәжірибесі мен келешегі. Білімінің салтанаты және сананың ашықтығы. Әліпби реформасы: тәжірибе мен басымдықтары. Туған жер-мемлекет негізі. Жалпыұлттық қасиетті орындар және тарихпен тәрбиелеу. Заманауи Қазақстандық мәдениет – рухани жаңғырудың тірегі. Жаңа гуманитарлық білім және болашақ ұлт зиялысы. Абай Құнанбайұлы және қазақ қоғамы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Абайтану
    Несиелер: 3

    Мақсаты: А.Құнанбайұлы арқылы «Қазақтану» жобасындағы «ұлтық кодты» сақтау мен дәріптеу. Мазмұны: ХІХ-ХХғ. Қазақстан тарихына, қазақ әдебиетіне тарихи шолу жасау. Абайтану саласының дамуындағы ХХ-ХХІ ғасырдың абайтанушылардың еңбектері. Абайдың шығармашылығының хронологиясы. Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, этнограф, қазақ жазба әдебитінің негізін салушы. Абай - «Қарамола Ережесі» заңдар жинағының құрастырушысы, қоғамдық маңыздылығы. Абай - ойшыл, дінтанушы, философ. Абай білім және ғылым саласындағы рөлі, «Толық адамды» қалыптастыру идеясы. Абайдың аудармалары, поэмалары, «Қара сөздері», «Абай жолы» роман-эпопея. Қ.Тоқаев «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» маңыздылығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мұхтартану
    Несиелер: 3

    Мақсаты: М.Әуезовтің әдеби-тарихи шығармашылығы туралы әдебиет тарихымен патриоттық және мәдени-рухани ұстаным негізінде түсінік қалыптастыру. Шығармашылық ойлауын, өзіндік зерттеу дағдысын дамыту. Мазмұны: М.Әуезовтің Семей, Ташкент, Санкт-Петербург кезеңіндегі өмірі мен шығармашылық жолы. «Шолпан», «Абай» журналдарындағы М.Әуезовтің қызметі. М.Әуезовтің публицистикасы. «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Оқыған азамат», «Көксерек» әңгімелеріне, «Еңлік-Кебек» пьесасына, «Қилы заман», «Қараш-қараш» оқиғасы» повестеріне, «Абай Құнанбаев» монографиясына, «Абай жолы» роман-эпопеясына шолу жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Зоогеография
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Зоогеография саласындағы қазіргі ғылыми көзқарастары, фауналардың ареалдары мен қалыптасу механизмдері, құрлық пен мұхитты фауналық аудандастыру принциптері туралы білімдерді қалыптастыру. Мазмұны: Жануарларәлемінің зоогеографиясы туралы ұғымдар. Ареал туралы түсінік. Түрлердің шығуы мен таралу орталықтары. Зооэндемизм. Табиғи құбылыстардың әсерінен фауналардың қалыптасу заңдылықтары, антропогендік факторлар. Жануарлар дүниесінің маусымдық миграциялық ареалдарының өзгеруінің себептері мен ерекшеліктерін талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Биохимия
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Тірі организмдердің құрамына кіретін химиялық қосылыстардың құрылымы мен қасиеттері, биохимиялық процестердің негізгі заңдылықтары мен метаболизмді реттеу механизмдері және биохимиялық зертханаларда қолданылатын аспаптар мен жабдықтарда жұмыс істеу дағдылары туралы білім алушылардың білімін қалыптастыру. Мазмұны: Биохимияға кіріспе. Ақуыздар. Ферменттер. Нуклеин қышқылдары. Рибонуклеин қышқылдары (РНҚ). Көмірсулар. Липидтер. Витаминдер. Биоэнергетика. Көмірсулар алмасуы. Ақуыздар мен аминқышқылдарының алмасуы. Липидтер алмасуы. Нуклеин қышқылдарының алмасуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экожүйе және құқық
    Несиелер: 5

    Мақсаты: экономика, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экология және тіршілік қауіпсіздігі, кәсіпкерлік, ғылыми зерттеу әдістері саласында интеграцияланған білімді қалыптастыру. Мазмұны: адам мен табиғаттың қауіпсіз өзара әрекеттесуінің негіздері, экожүйелер мен биосфераның өнімділігі. Ресурстардың шектеулілігі жағдайындағы кәсіпкерлік қызмет, бизнес пен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Экология және адам өмірінің қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттеу. Субъектілердің қазақстандық құқығын, міндеттері мен кепілдіктерін білу және сақтау, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу. Ғылыми зерттеу әдістерін қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Цитология және гистология
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Жасушалар құрылысының негізгі заңдылықтарын, ұлпалар жүйесінің құрылысы, қызметі, туралы түсініктерді қалыптастыру. Мазмұны: Жасуша морфологиясы, құрамы, жасуша органиодтары және олардың қызметтері, жасушада жүретін негізгі биологиялық процестер. Жасуша теориясы, жасушаның ядролық аппараты, цитоплазманың құрылымы мен қызметі, өсімдік, жануарлар және адам ұлпалары жасушаларының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері туралы білімді игеріп, жасуша мен ұлпаны зерттеудің қазіргі цитологиялық әдістерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өсімдіктер физиологиясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Өсімдік ағзасының тіршілік қызметінің негізгі заңдылықтарын білу және оларды ауылшаруашылық, мәдени өсімдіктердің өнімділігін басқаруда қолдануға үйрету. Мазмұны: Өсімдік құрылымдарының құрылысы мен қызметінің байланысы. Өсімдіктердің су режимі. Фотосинтез. Фотосинтездің жарық және қараңғылық кезеңі. Фотосинтетикалық фосфорлану. Кальвин циклы. Өсімдіктердің тыныс алуы. Анаэробты және аэробты кезеңдері. Гликолиз. Кребс циклы. Субстраттық фосфорлану. Өсімдіктердің минералдық қоректенуі. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы. Фитогормондар. Өсімдіктердің қозғалыстары. Өсімдіктердің төзімділігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тірі ағзалардың биохимиялық функциялары
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Тірі ағзалардың биохимиялық фукнциялары, олардың тіршілік әрекеттерімен, ағзасында орын алатын биохимиялық процестерімен: қоректенуімен, тыныс алуымен, көбеюімен және өлуімен байланысты теориялық білімді қалыптастыру. Мазмұны: Тірі ағзалардағы энергетикалық алмасулар. Биологиялық тотығу теориясы. Тыныс алу тізбегі. Аралық зат алмасу. Көмірсулардың метаболизмі. Липидтердің алмасуы. Ақуыздар мен аминқышқылдарының метаболизмі. Жасуша мембранасының құрылымы мен қызметі. Нуклеин қышқылдары. Көмірсулар, липидтер және ақуыздар алмасуының байланысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адам биологиясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Адам ағзасының морфологиялық және құрылымдық ерекшеліктерінің негізгі заңдылықтарын білу және оның онтогенезі мен филогенетикалық өзгергіштігі туралы білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Адам биологиясын зерттеудің негізгі әдістері. Қозғалтқыш аппаратының пассивті бөлігі-қаңқа. Дененің белсенді қозғалтқыш аппараты-Миология. Ас қорыту жүйесінің жалпы құрылысы. Тыныс алу органдарының құрылысына жалпы сипаттама. Қанайналым жүйесі. Жүректің құрылымы мен топографиясы. Жүйке құрылымы, оның маңызы. Орталық жүйке жүйесі. Үлкен жарты шарлар, олардың құрылымы. Ішкі секреция бездерінің жүйесі. Зәр шығару жүйесі. Сезім мүшелері-эстезиология.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Гистология және эмбриология негіздері
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Жасуша, ұлпалар мен мүшелер деңгейіндегі тіршілік процестерінің құрылымдық ұйымдастырылуы,олардың даму заңдылықтары, функциялары және өзара қатынастары жайлы білім қалыптастыру, Мазмұны: Гистология мен эмбриологияның даму тарихы. Ұлпалардың пайда болуы мен эволюциясының заңдылықтары, классификациясы. Адам эмбриологиясы. Эмбриональды дамудың ұрықтық кезеңі. Қазіргі заманғы гистохимиялық әдістердің теориялық негіздері, гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі әдістемелері. Материалды алу, оны бекіту, жуу, сусыздандыру және гистологиялық материалды құюды зерделеу, микроскоппен жұмыс жасауға дағдылану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адам анатомиясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Макро-микроскопиялы анатомияның қазіргі заманауи жетістіктеріне, органдардың анатомиялық-топографиялық қатынастарына негізделген адамның құрылымы мен оның жүйелері туралы білімді қалыптастыру. Мазмұны: Анатомиялық зерттеу әдістері. Остеология және бұлшықеттер, сондай-ақ ішкі органдар туралы ілім - Спланхнология. Тыныс алу жүйесінің анатомиясы және топографиясы. Қан және қан тамырлары жүйесі туралы ілім. Жүректің құрылымы мен топографиясы. Орталық жүйке жүйесі, ми және оның бөлімдерінің құрылымы, топографиясы. Ішкі секреция бездері туралы ілім. Зәр шығару және сенсорлық жүйенің құрылымы мен топографиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Физиология және өсімдіктер биохимиясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Өсімдік ағзасындағы биохимиялық процесстер мен олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы білімдерді қалыптастыру. Мазмұны: Өсімдік ағзасының тіршілік процестерінің жүру заңдылықтары мен өсімдіктердегі зат алмасу механизмдері. Биологиялық заттардың негізгі кластарының құрылысы, қасиеттері мен өсімдік ағзасындағы жұмыс істеу механизмдері. Ақуыздардың құрылысы мен қызметі. Көмірсулардың құрылысы мен қызметі. Нуклейн қышқылдарының құрылысы мен қызметі. Липидтердің құрылысы мен қызметі. Биологиялық белсенді заттар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Микробиология
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Микроорганизмдер әлемінің алуантүрлілігі, олардың морфологиясы, физиологиясы, метаболизмінің ерекшеліктерімен, микроорганизмдердің қоршаған ортаны қорғау, медицина және биотехнология саласындағы практикалык рөлімен таныстыру. Мазмұны: Микробиологияның қазіргі бағыттары, тендециялары, зерттеу әдістері. Қоректік орталар. Прокариоттардың морфологиясы, дифференциялану типтері. Прокариоттардың ультра-құрылымы, физиологиясы. Микроорганизмдерді бөліп алу, дақылдау әдістері. Прокариоттар классификациясы. Эукариотты микроорганизмдер морфологиясы. Микроорганизмдердің метаболизмі, тыныс алуы және генетикасы. Микроорганизмдерге қоршаған орта факторларының әсері. Вирустардың ерекшелігі, құрылымы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби-бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    Мақсаты: Білім алушылардың мамандыққа қатысты мәтіндерді ағылшын тілінде оқып, аударып, кәсіптік тақырыпта қарым-қатынас орнату, ағылшын тіліндегі сөйлеудің ауызша ж»не жазбаша түріндегі тілдік материалдарды түсіну және пайдалану. Мазмұны: Биологияны меңгеруде шет тілінің орны. Тірі ағзалардың сипаттамалары мен деңгейлері. Бактерияның құрылысы. Қарапайымдылардың тіршілік ету ерекшеліктері. Жануарлардың құрылысы мен алуантүрлілігі. Өсімдіктер әлемі. Қоршаған орта мен тірі ағзалар байланысы. Тіршіліктің эволюциялық дамуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жеке даму биологиясы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Жеке даму биологиясы заңдылықтары, адам және жануарлардың түр ерекшеліктері, тіршілік жағдайлары, көбею және постнатальды даму, гаметалар морфологиясы мен физиологиясы, ұрықтық дамудың негізгі сатылары туралы түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Ағзаның жеке дамуы. Ұрық алдындағы даму гаметогенез. Сперматогенез, оогенезге жалпы сипаттама жасау.Ұрықтану, гаметтер қосылуы. Бөлшектену, гаструляция, нейруляция. Амфибиялардың нерв жүйесінің дамуын, құстардың эмбрионалды дамуын білу. Постэмбрионалды даму және қартаю процестерін түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Микроорганизмдер систематикасы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Прокариоттық және эукариоттық микроорганизмдердің тіршілік әрекеті мен ұйымдастырылу ерекшеліктері және олардың органикалық әлемнің жүйесіндегі орны туралы түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Прокариотты және эукариотты микроорганизмдер ерекшеліктері. Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталар. Микробиологиялық залалсыздандыру әдістері. Бактериялар морфологиясы. Актиномицеттер морфологиясы. Бактерия клеткасының құрылысы. Микроорганизмдердің химиялық құрылымы, қоректенуі. Филогенетикалық және фенотиптік систематика. Прокариоттар классификациясы. Энергетикалық және биосиитетикалық процестер. Тыныс алу. Микроорганизмдер және қоршаған орта.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Генетика және селекция негіздері
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Генетика және селекция саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды дамыту арқылы зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру. Мазмұны: Селекцияға қажетті бастапқы материалды іріктеу, бағалау үрдісін селекция ғылымының зерттеу әдістері арқылы сипаттау. Селекцияның генетикалық негізін ғылыми талдау, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары мен табиғи сұрыпталу деректерінің ғылыми нақтылығын анықтау, деректердің табиғатын, толықтығы мен шынайылығын түсінудің теориялық-әдістемелік негізі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Клетка биологиясы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Өсімдіктер және жануарлар клеткаларының құрылысы мен негізгі түрлерінің классификациясы туралы түсініктерді қалыптастыру. Мазмұны: Жасуша теориясының негіздері. Жасушаның химиялық құрамы. Цитоплазманың, гиалоплазманың жалпы сипаттамасы мен қызметі. Плазмалық мембрана. Жасуша ядросы. Жасушаның вакуолярлық жүйесі. Митохондриялар мен пластидтер. Жасушаның тірек-қимыл жүйесі. Жасушалардың көбеюі. Жасушалардың өмірлік циклі. Митоз. Амитоз. Мейоз, мейоздың кезеңдері мен түрлері. Жасушалардың дифференциациясы және патологиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Генетика
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары туралы жүйелендірілген білімді қалыптастыру, селекция негіздерін, генетикалық инженерияны, молекулалық генетиканың талдау әдістерін үйрету. Мазмұны: Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеудің əдістері. Тұқым қуудың цитологиялық негізі, гаметогенез. Моно- және полигрибдті будандастырудағы тұқым қуалаушылық. Гендердің өзара əрекеттесуі. Жыныс генетикасы. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы. Өзгергіштік. Адам генетикасы. Медициналық генетика, адам қан топтарының тұқым қуалауы мен популяциялық генетика.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Эволюциялық теория
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен оның тарихи дамуы, эволюциялық ілімнің негіздері туралы ғылыми түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Эволюциялық ілімнің даму тарихы. Дарвин дәуіріне дейінгі кезеңде эволюциялық идеялардың қалыптасуы мен дамуы. Ж.Б.Ламарктың эволюциялық концепциясы. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы. Эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуы. Эволюцияның дәлелдемелері және оны зерттеу әдістері. Микроэволюция ілімі. Популяция эволюцияның элементарлы құрылымы. Эволюциялық прогресс. Антропогенез.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биологиялық эволюцияның негізгі теориялары
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Тіршіліктің пайда болуынан адамның шығу тегіне дейінгі мәселелрді талдап, тірі табиғаттың даму заңдылықтары туралы ұғым, түсініктерді толықтыру. Мазмұны: Органикалық эволюция объективті процесс эволюцияны зерттеу әдістері. Тіршілік-материя қозғалысының ерекше формасы. Эволюциялық өзгеріс жер бетіндегі тіршіліктің қажетті шарты. Биохимиялық эволюцияның келесі кезеңдері. Эволюцияның дәлелдемелері және оны зерттеу әдістері. Трансформизм мен креационизмнің, преформизм мен эпигенездің күресі. Эволюциялық биологияның қалыптасуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биология бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау, зерттеу жүргізу әдістерін, алынған нәтижелерді талдап-қортындылау, мақала дайындау, баяндаманы көркемдеу жымыстарына машықтандыру дағдысын қалыптастыру. Мазмұны: Ғылымның салалары. Ғылыми зерттеудің түрлері. Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау және ғылыми-ізденіс жұмыстарының кезеңдері. Ғылыми таным әдістерінің деңгейлері. Реферат жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар. Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар. Дипломдық жұмыстың құрылымы Дипломдық жұмысты рәсімдеу. Жобаны қоғамдық қорғауға дайындау. Ғылыми зерттеу жұмыстарын көркемдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биологиялық эксперимент
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Ғылыми зерттеу жұмыстарының әдіснамасы мен әдістерін меңгеру, зертханалық эксперименттерді жоспарлау, жүргізу ережелерімен талаптарын, нәтижелерді талдап-қортындылау және шығармашылық ойлауын, өзіндік зерттеу дағдысын қалыптастыру. Мазмұны: Ғылым және ғылыми зерттеулер. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі түсініктері. Ғылыми - зерттеу жұмысының кезеңдері. Ғылыми зерттеудің жеке және арнайы әдістері. Эксперименттік зерттеу әдістері. Деректерді бастапқы өңдеу. Эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу. Эксперимент әдісінің ерекшелігі, эксперимент түрлері, экспериментті дайындау мен жүргізудің негізгі кезеңдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Микология
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Саңырауқұлақтың морфологиясын, олардың түрлік құрамын, жүйелік топтарын, биологиясын, экологиясын, филогениясын, табиғатта таралуы мен адам тіршілігіндегі түсініктерді қалыптастыру. Мазмұны: Саңырауқұлақтар бөліміне жалпы сипаттама. Жіпше өзгерістері. Саңырауқұлақтардың қоректенуі. Саңырауқұлақтың дамуына сыртқы ортаның әсері. Саңырауқұлақтардың көбеюі. Саңырауқұлақтардың жіктелуі. Шырыштылар, миксомицеттер. Нағыз саңырауқұлақтар. Плазмодиофора класы. Хитриодимицеттер класы. Оомицеттер. Зигомицеттер. Аскомицеттер (қалталы саңырауқұлақтар). Базидиомицеттер. Жетілмеген саңырауқұлақтар (дейтеромицеттер) класы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Молекулалық биология
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Тірі ағзалар құрылымын молекулалық тұрғыдан түсіндіру. Мазмұны: Клеткалар мен геномдар. Жер бетіндегі клеткалардың ортақ қасиеттері. Клетканың химиялық компоненттері. Су молекуласының құрылыс ерекшеліктері. Ферменттердің метаболизмдегі маңызы. Активацияланған тасымалдаушылардың молекулалар биосинтезіндегі маңызы. НАДН және НАДФ-маңызды электрон тасымалдаушылар. Ақуыздардың пішіні, құрылымы және функциясы. ДНҚ репликациясының механизмдері. Хромосомалық ДНҚ. Геномдардың дамуы. Геномдық өзгерістердің пайда болуы. ДНҚ көшіру және түзету механизмдерінің бұзылуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Молекулалық биология генетика негіздерімен
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Ағзалар тіршілігінің негізгі молекулалық – генетикалық және жасушалық тетіктері, оларды клиникалық практикада қолдану туралы қазіргі заманға сай білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Нуклеин қышқылдарының құрамы, құрылысы мен маңызы. Генетикалық ақпараттың берілуінің негізгі жолдары. ДНҚ биосинтезі. Генетикалық рекомбинация. Анаболизм. Ақуыз биосинтезінің этаптары. Генетикалық код. Жасушаның генетикалық аппараты. Адамның кариотипі. Генетикалық гомеостаздың бұзылуы және адам патологиясында көрініс беруі. Гендік, геномдық, хромосомалық мутациялар. Мутагенез. Мутагенді факторлар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жоғары жүйке қызметінің физиологиясы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Ағзаға тән жоғары жүйке жүйесінің физиологиясы мен жалпы заңдылықтары және жоғары жүйке жүйесінің функциясы мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру. Мазмұны: И.П.Павловтың рефлекторлық теориясы. Рефлекстердің қалыптасуы. Доминанта құбылысы. Жүйке жүйесі іс-әрекетінің рефлекстік механизмі. Ми қыртысының қызметтік аймақтары. Үлкен ми сыңарларының ассиметриялығы. Жоғары жүйке әрекетінің типтері. I және II сигналдық жүйелер. Есте сақтаудың физиологиялық механизмдері. Зейін түрлерінің жіктелуі. Эмоциялар. Сана және ойлау. Жоғары жүйке әрекетінің типтері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Адам және жануарлар физиологиясы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Адам мен жануарлар ағзасының негізгі функциялары, физиологиялық ерекшеліктері мен мүшелердің, жасуша, жасушалық құрылымдарының тіршілігі туралы білімді қалыптастыру. Мазмұны: Физиологияның ғылым ретінде қалыптасу тарихы, адам мен жануарлар физиологиясының зерттеу әдістері, қозғыш ұлпалар мен жалпы бұлшықет, жүйке ұлпаларының қасиеттерi мен түрлері, вегетативтiк және орталық жүйке жүйесінің жеке бөлімдерінің физиологиясы. Синапстар, олардың түрлерi және физиологиялық қасиеттерi. Анализаторлар, эндокриндік бездер, қан, жүрек, қан тамырлар, тыныс алу, ас қорыту жүйесінің физиологиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Лихенология
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Қыналардың морфологиясы мен анатомиясын, қыналардың систематикасын, зат алмасу процестерін, экологиясын және экологиялық топтарымен биогеоценоздағы маңызы туралы білімдерді қалыптастыру. Мазмұны: Қыналардың жалпы сипаттамасы. Қыналардың классификациясы. Қыналардың морфологиялық құрылысы. Қына балдырлары (фотобионттар немесе фитобионттар). Қына саңырауқұлақтары (микобионттар). Қыналардың анатомиялық құрылысы. Қыналардың көбеюі. Қыналардағы зат алмасу. Симбиотрофизм туралы түсінік. Қыналардың табиғаттағы маңызы. Олардың тіршілік ортасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлемнің флорасы мен фаунасы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Әлемнің флорасы мен фаунасы туралы ғылыми түсініктерді қалыптастыру, түрлердің алуан түрлілігі және жануарлар мен өсімдіктер әлемінің негізгі өкілдері туралы білімді кеңейту. Мазмұны: Жер шарындағы өсімдіктер мен жануарлардың таралу заңдылықтары. Эндемді өсімдіктерге сипаттама. Жер шарындағы далалы аймақтақтың өсімдіктері мен жануарларының ерекшеліктері. Шөлді аймактың өсімдіктері мен жануарлары. Тау өсімдіктері мен жануарларының түрлері. Тундра, тайга флорасы мен фаунасының алуантүрлілігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Қазақстан аумағында өсетін дәрілік өсімдіктердің түрлік құрамын, морфологиясын, биоэкологиялық ерекшеліктерін, биоресурстарын қорғау және тиімді пайдалану бойынша білімді қалыптастыру. Мазмұны: Дәрілік өсімдіктердің жалпы сипаттамасы; өсімдік шикізатын дәрілік мақсаттарда пайдалану тарихы; дәрілік өсімдік ресурстарын қорғау; дәрілік өсімдіктерді жинау технологиясы. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерінің олардың химиялық құрамына тәуелділігі. Дәрілік өсімдіктердің негізгі өкілдерінің морфологиялық, экологиялық және экономикалық сипаттамалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Казақстан биоресурстары
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Білім алушыларды Қазақстанның биоресурстарын зерттеу, оларды тиімді пайдалану, өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігімен, зерттеу тарихының кезеңдерімен, шикізат алу әдістерімен және оларды қолдану жолдарымен таныстыру. Мазмұны: Биологиялық ресурстардың түсініктері. Қазақстан шикізаттық өсімдіктерін зерттеу кезеңдері. Ресурстану зерттеу тәсілдері және шикізаттық өсімдіктерді игеру. Қазақстанның табиғи флорасындағы пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдалану және қорғау. Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және ресурстанулық ғылыми жұмыстарының болашағы. Қазақстанның негізгі су биоресурстары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркістан облысының қалалық флорасы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Қала флорасының қалыптасуы мен даму кезеңдері, мақсаты, ерекшеліктері, орналасу тәртібі, мәдени-әлеуметтік маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Түркістан аумағының урбанизацияланған ортасы. Қалалық флораны қорғау және оңтайландыру. Урбанизацияланған жүйелерде өсіруге неғұрлым бейімделген типтік ағаш және шөпті (біржылдық және көпжылдық) өсімдіктер. Топырақ жамылғысы, флораны қалыптастырудың негізгі заңдылықтары, физико-химиялық және биологиялық параметрлердегі өзгерістер, мәдени-әлеуметтік маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Популяциялар мен қауымдастықтар экологиясы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Популяция - қауымдастық – техногендік орта жүйесіндегі басты өзара әрекет заңдылығын зерделеу және табиғатты қорғау мәселелерін шешу туралы экологиялық қөзқарасты қалыптастыру. Мазмұны: Әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттері туралы заманауи түсініктер. Экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың және тұрақты дамудың күрделі және шиеленіскен мәселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті және шығармашылық көзқарасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Гельминтология
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Гельминтология саласында заманауи құралдар мен жабдықтарды пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу, далалық, зертханалық жұмыстарды орындау үшін қажетті құзыреттілік негіздерін қалыптастыру. Мазмұны: Трематодтардың, цестодтардың, нематодтардың, акантоцефаландардың және олардың дернәсілдерінің негізгі морфологиялық, биологиялық, экологиялық ерекшеліктері; кең таралған гельминтоздарды диагностикалау әдістері. Препараттар мен схемалық сызбалар бойынша гельминттер мен олардың дернәсілдерінің құрылысын ажырата білу; соңғы, аралық, екіншілік иесінде гельминттердің даму кезеңдерін анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Паразитология
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Паразитология ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдері, биологиясы, экологиясы, құрылысы, тіршілік циклі, пайда болу жолдары мен таралуы бойынша білімдерді қалыптастыру. Мазмұны: Паразитологияның негізгі ұғымдары мен терминдері; тіршілік циклдерінің ерекшеліктері, олардың аралық иелері, жұғу жолдары, паразиттік инвазиялардың алдын алу әдістері, табиғи ошақты аурулардың алдын алу шаралары. Паразитологиялық жағдаяттарды бағалау тәсілдерінің ерекшеліктері. Паразитологиялық қауіпсіздікті талқылау кезінде пікірталас дағдылары мен дәлелдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Геоботаника
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Өсімдіктер жабынының таралу заңдылықтарын, өсімдіктер қауымдастығының құрылымы, алуантүрлілігі, жіктелуі туралы білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Геоботаника ғылымының даму кезеңдері; геоботаниканың қазіргі заманның теориялық негіздері; зерттеу әдістері; фитоценоздың флористикалық құрамы; түрлер популяциясы мен тіршілік күйлері; геоботаникалық аудандастыру; ареал және ареал типтері; фитоценоздың хронологиялық, функционалдық құрылымының элементтері; фитоценоздардың конституциялық құрылымы, динамикасы, тіршілік формалары және өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Топырақ биологиясы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Топырақтағы тірі әлемнің алуан түрлілігі, тірі табиғат патшалығы жайлы қазіргі кездегі көзқарастарды, биотаның жеке топтары, органикалық заттардың жер бетінде ыдырауы, трансформациясы, гумустың түзілуі, ыдырауы туралы білімді игерту. Мазмұны: Жоғары сатыдағы өсімдіктердің, төменгі сатыдағы микроорганизмдердің, топыра жәндіктерінің, омыртқалы жануарлардың топырақ түзудегі ролі. Ферменттер мен реттеушілер. Топырақ түзілудегі биологиялық процестер. Тірі организмдердің топырақ фазалары бойынша таралуы. Өсімдік қоректендірудің негізгі элементтерінің циклы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Cалыстырмалы флористика
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Салыстырмалы флористика бойынша теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру, өсімдіктермен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту, флористика саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге қызығушылығын арттыру. Мазмұны: Жер бетінде таралған өсімдіктердің салыстырмалы ерекшеліктері. Әр түрлі аймақтарға өсімдіктер мен жануарлардың таралу себептерін анықтау. Жер шарына таралған өсімдіктердің түрлерінің бірлестік фитоценоз құруы. Орманды, далалы, шөлейтті, таулы аймақтарға таралған өсімдіктерге сыртқы факторлардың әсерлері. Өсімдіктердің экологиялық топтары. Дәрілік өсімдіктердің түрлері мен салыстырмалы ерекшелігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Орнитология
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Құстардың тіршілік ерекшеліктері мен көбеюі, таралуы, систематикасы, Қазақстан аумағында тіршілік ететін құстардың маңызы туралы білімдерді қалыптастыру. Мазмұны: Жер бетіндегі омыртқалы жануарлардың көптеген тобы ретінде құстар класы, олардың құрылысының ерекшеліктері, ұйымдастырылуы, жүйелеу принциптері және табиғи биоценоздардағы рөлін анықтау. Шығу тегі мен эволюциясы. Анатомиялық және экологиялық ерекшелiктepі. Қазақстанда тіршілік ететін құстардың негізгі топтары. Орнитофауна, сирек және қорғалатын түрлердің биоәртүрлілігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақстандағы қорықтар ісі
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрлері мен олардың жұмыс істеу режимінің ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастыру. Мазмұны: Қазақстандағы өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері. Қоршаған ортаның табиғи жай-күйіне мониторинг. Ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы негізгі принциптер мен шарттар. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі ҚР заңнамасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақстанның сәндік өсімдіктері
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Қазақстанның табиғи сәндік өсімдіктерінің түрлік құрамын, морфологиясын, биоэкологиялық ерекшеліктерін, биоресурстарын қорғау және тиімді пайдалану бойынша білімді қалыптастыру. Мазмұны: Сәндік өсімдіктердің алуан түрлілігі; морфологиясы, биоэкологиялық ерекшеліктері; түрлі климаттық аймақтардағы сәндік өсімдіктердің өсуі мен даму ерекшеліктері;, сәндік өсімдіктерді жерсндіру әдістері; Жалпыға ортақ пайдаланылатын объектілерде өсірілетін сәндік өсімдіктердің түрлерін білу, оларды өсіру, сақтау және өңдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ихтиология
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Балық түрлерінің ерекшеліктері туралы терең білімдерді меңгеру; балықтың құрылысы, тіршілігі, таралуы, систематикасы, эволюциясы туралы білімді қалыптастыру. Мазмұны: Балықтар класының биологиялық ерекшелігі мен дене құрылысы. Шеміршекті балықтар. Сүйекті балықтар тобы, көбеюі. Балықтардың негізгі экологиялық топтары. Теңіз, тұщы су балықтары. Балықтардың қоректенуі. Балықтардың көбеюі. Балықтардың кәсіптік маңызы. Балық шаруашылығы. Балық өсіру. Қоғамдық орындарда пайдаланылатын балық түрлері. Балықтың тағамдық құндылығы. Балықтың химиялық құрамына әсер етуші факторлар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • ҚР экологиялық мәселелері
    Несиелер: 4

    Мақсаты: ҚР экологиялық және табиғатты қорғау мәселелерін шешуге экологиялық тұрғыдан қорғау заңнамалары жайлы ұғымдарды қалыптастыру. Мазмұны: Қазақстандағы экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері. ҚР қазіргі кездегі климатының өзгеру мәселелері. Атмосфераны ластаушы заттар, Радиациялық жағдай. Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен қорғау іс-шаралары. Табиғи ресурстар түрлерін тиімді қорғау шаралары. Қазақстанның демографиялық жағдайы және тұрақты даму концепциясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ормантану және орман шаруашылығы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Қазіргі кезеңдегі орман шаруашылығын жүргізудің теориялық негіздерін, қолданыстағы орман заңнамасының ережелері мен талаптарын негізге ала отырып қалыптастыру. Мазмұны: Орманды құрайтын элементтер. Орман шаруашылығы – экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу, жаңартып отыру; орманды күту, сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шаралары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Биологиялық экология
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Биологиялық және әлеуметтік экожүйелердің тіршілік ету заңдылықтарын, мекен ету ортасын қорғау, әлемдік және жергілікті экологиялық мәселелер туралы білімді қалыптастыру. Мазмұны: Климаттық аймақтылық және экожүйелердің түрлері. Ағза, оның тіршілік ету жағдайлары. Шектеуші факторлардың ағзаларға әсері. Антропогендік факторлардың қоршаған ортаға әсері. Популяциялар, Қауымдастықтар биоэкологиясы. Экожүйелердің ұйымдасу заңдары. Экологиялық сукцессия. Экологиялық мониторинг. Биосфераның тұрақты дамуы. Өсімдіктер және жануарлар популяциясын сақтау жолдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ландшафттық дизайн
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Жер бедерінің климаты, рельефі, биоресурстарын, түрлі территориялық табиғат зоналары мен белдеулердің ландшафтық ерекшеліктері мен заңдылықтарын ландшафтық дизайн бағыттарында пайдалану мүмкіндіктерін қалыптастыру. Мазмұны: Ландшафтық дизайнның негізгі қағидалары. Көгалдандыру мен ландшафтық дизайнда қолданылатын ағаш және бұталар. Аумақты агротехникалық дайындау. Ландшафттық дизайн бағыттары, дизайнерлік қызмет нысандары; мүмкіндіктері, қосымшалары. Ландшафтты ұйымдастыру принциптері: экологиялық, функционалдылық, эстетика. Бау-бақша дизайнының дамуы. Ландшафт сәулетінің тұрақты және ландшафтық стильдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Өсімдіктану топырақтану негіздерімен
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Өсімдік шаруашылығының маңызы, өсімдіктерді заманауи өсіру ерекшеліктері және топырақ типтері, топырақтың табиғаттағы маңызы, жер бетінде таралу заңдылықтары туралы білімдерді кәсіби қолдану дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Ауылшаруашылығы өндірісіндегі өсімдік шаруашылығының маңызы. Мәдени дақылдардың шығу тарихы. Н.И.Вавилов еңбектері. Астық тұқымдастар. Негізгі бұршақ тұқымдас дақылдар. Майлы дақылдар. Селекциялық жұмыстардың негізгі бағыттары, жетістіктері. Топырақ және оның құнарлығы туралы түсінік. Топырақтың ауыл шаруашылығы өндірісіндегі маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қолданбалы биология топырақтану негіздерімен
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Қолданбалы биология салаларының жетістіктері, топырақтың құрылымы, құрамы, құнарландыру тәсілдері және өсімдік өсірудің теориялық, әдістемелік негіздері, практикада қолдану жолдары туралы білімдерді қалыптастыру. Мазмұны: Қолданбалы биология және топырақтану негіздері курсының маңызы, басқа ғылымдармен байланысы. Топырақ түзілу факторлары. Топырақ құрылысы, морфологиялық белгілері, топырақтың физикалық және механикалық қасиеттері. Ауыспалы егіс. Арамшөптер, олармен күресу. Тыңайтқыштар. Ауылшаруашылық дақылдарының классификациясы, жіктелуі, агротехникасы. Мал шаруашылығы. Қоян шаруашылығы. Бағалы терілі аңдар, құс шаруашылығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON6

    Қазіргі заманғы ғылыми-практикалық мәселелерді тұжырымдау және шешу, негізгі биологиялық салаларды дамытудың қазіргі заманғы әдістемелік жетістіктері мен перспективалық бағыттарын қолдану.

  • Код ON1

    Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін түсіне отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу.

  • Код ON11

    Кәсіби салада өзін-өзі тәрбиелеу үшін қажетті зерттеу, практикалық және оқыту дағдыларын қолдану.

  • Код ON7

    Заманауи жабдықтар мен ақпараттық технологиялардың көмегімен эксперименттік және қолданбалы биология саласында ғылыми зерттеулер жүргізу.

  • Код ON8

    Биологиялық таксондар өкілдерінің құрылымының, морфологиясының, физиологиясының, көбеюінің, таралу аймағының және экологиясының ерекшеліктерін, жүйелік ұйымдастыру принциптерін, ағза қызметінің саралануы мен интеграциясын анықтау.

  • Код ON12

    Жеке түрде және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дәлелдей алу, өзінің ісін түзете білу.

  • Код ON2

    Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.

  • Код ON9

    Қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау, оларды қалпына келтіру, тиімді пайдалану жөніндегі ұтымды шаралар саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді қолдану.

  • Код ON10

    Кәсіби қызметте әртүрлі ақпараттық ресурстарды, дайын бағдарламалық-әдістемелік кешендерді, компьютерлік және мультимедиялық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану.

  • Код ON3

    Ақпараттық және есептеу сауаттылығына, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетіне ие болу.

  • Код ON4

    Заманауи жабдықты қолдана отырып, далалық, зертханалық, биологиялық зерттеулер жүргізу.

  • Код ON5

    Тірі жүйелердің жұмыс істеу ерекшеліктерін, оларды ұйымдастыру деңгейлерін, биологияның негізгі тұжырымдамаларын, әдістері мен даму перспективаларын анықтау, биологиялық объектілерді бақылау, сипаттау, сәйкестендіру және жіктеу әдістерін меңгеру.

Top