7M01711 Қазақ тілі мен әдебиеті (Лингвист-зерттеуші) в Баишев Университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша қазіргі талаптарға сай, еңбек әрекетінде мамандандырылған мәселелерді шешуге қабілетті, жаңа білім жасау үшін инновацияларды жүзеге асыра алатын, терең ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығы бар педагог даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Баишев Университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
-
Басқару психологиясы
Несиелер: 3Оқу курсы басқару қызметінің құрылымы, динамикасы мен ерекшеліктері, адамдардың мінез-құлқының психикалық реттелуінің заңдылықтары мен механизмдері туралы кәсіби білімдерін, сонымен қатар, осы жүйелер мен қарым-қатынастардың психологиялық сипаттамаларын толықтырады.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Тіл білімінің философиялық мәселелері
Несиелер: 6Тіл білімінің лингвистикалық дәстүрлер бойынша ғылым ретінде қалыптасуында философиямен сабақтасуының себептерін, оның жалпы ғылымдағы алатын орнын, , философиялық контекстегі тіл білімінің әдістемесін меңгертуді көздейді
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Шетел тілі (кәсіби)
Несиелер: 4Магистранттар тарапынан тілді кәсіби және академиялық мақсаттарда меңгеру және С1 деңгейінің меңгерілуі шетел тілдері бойынша жалпы еуропалық стандарттың жетістіктеріне игеруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Ғылым мен білім беру саласындағы цифрлық сауаттылық
Программалық және техникалық әдістер мен құралдар туралы білімді меңгертіп, практикалық тұрғыдан сандық сауаттылық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Нейролингвистика
Бұл ғылыми пән неврология мен лингвистика ғылымдарының аясында тіл жүйесін тілдік мінез-құлықтың ми субстратымен арақатынасы мәселелерін қарастырады,
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Несиелер: 4Курс педагогикалық теория мен шеберліктің теориялық негіздерін үйретеді, жоғары мектепте қызмет етуде оқу-тәрбиелік процестерді басқаруды, педагогиканың негізгі категорияларын, жоғары мектептегі педагогиканың орнын, рөлін, маңызын, қазіргі педагогиканың негізгі принциптерін меңгеруді көздейді.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жоғары мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары
Несиелер: 6Жоғары мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын игертуге бағытталған.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Несиелер: 4Пән жаңа білім алуда қолданылатын дүниеге көзқарас пен ғылыми-зерттеудің тарихы, философиясын, заңдылықтарын, ғылыми-зерттеу а��пектілері түрлері мен зерттеу бағыттарын меңгертуді көздейді.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Тіл білімінің психолингвистикалық мәселелері
Пән психолингвистиканың ғылым ретіндегі қалыптасуы мен дамуын, ғылыми-теориялық негіздерін, зерттеу әдісін меңгертіп, осы аспектіде зерттеу жасау дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Цифралық интеллект
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қазіргі терминтану
Курс терминтанымдық білімді, оны практикалық тұрғыдан пайдалану мен қолданысқа түсірудің принциптерін, терминжасамның өзекті проблемаларын түсініп, оны зерттеуге арналған.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қазақ тілінің академиялық грамматикасы
Несиелер: 6
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Ділдік лингвистика
Несиелер: 6Пәннің мақсаты - ділдің өзекті мәселелерін айқындап, қазіргі лингвистикалық зерттеу әдіснамасы тұрғысынан тілді талдаудың, зерттеудің ғылыми-теориялық ізденістерде пайдаланудың қыр-сырын игерту
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Лингвоэкология
Тіл мен экология тоғысындағы пәнаралық білімді игертуді, тілдің экологиялық проблемаларын дұрыс пайымдап, бағалап, мәселелерді шешу жолдарына үйретуді көздейтін пән.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Генеративтік грамматика
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Когнитивтік лингвистика
Когнитивная лингвистика исследует проблемы соотношения языка и сознания, роль языка в познавательных процессах и обобщении человеческого опыта, связь отдельных когнитивных способностей человека с языком и формы их взаимодействия.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Көркем мәтінді зерттеудің қазіргі парадигмалары
Тіл білімінің жаңа бағыттары бойынша көркем мәтіннің зерттелу аспектілері туралы, көркем мәтінді зерттеудің қазіргі парадигмалары туралы, лингвистикалық парадигмалардың ерекшеліктері мен зерттеу әдіс-тәсілдерін үйретуге бағытталған пән.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы
Қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасына танымдық стилистикалық аспектіден талдау жасау мен зерттеу мәселелерін меңгертеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Несиелер: 5Пән түркі тілдеріне, қазақ тілі тарихына қатысты кезеңдерді саралап, əрқайсысына тарихи, ғылыми сипаттама береді.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Поэтикалық мәтінге когнитивтік-лингвомәдени талдау
Несиелер: 3Поэтикалық мәтінді лингвомәдени және когнитивті лингвистика аспектісінен талдау мен зерттеудің теориялық, әдіснамалық негіздерін игертуді көздейді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қоңдыбайтану
С.Қоңдыбай еңбектерінің мәдениеттанушылық, тілтанушылық негіздерін, теориялық мәні мен практикалық құндылығын танытып, игертуді көздейді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Пәннің мазмұны ғылыми зерттеулер әдістемесінің, ғылыми білімнің ұғымдық аппаратын, оның принциптерін, ғылыми білім алу заңдылықтарын, білім деңгейін, объектіні, зерттеу пәні, мақсаты мен міндеттерін, зерттеу әдіснамасының жинақталуын; зерттеу гипотезасын, ғылыми зерттеу әдістерін; мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы бақылау мен аудит саласындағы зерттеу әдістерін, ғылыми зерттеудің логикасын; зерттеушінің қателіктерін қамтиды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Жұбановтану
Несиелер: 9Тіл білімі саласындағы алғашқы профессор Қ.Жұбановтың тілтанушылық, әдебиеттану саласындағы еңбектерінің маңызын ұғындырып, зерттеулері мазмұнын игерту мақсатында оқытылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Қыпшақтану
Бұл курста дүниежүзіне мәлім Қыпшақ мемлекеті тұсындағы әдебиет қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Салыстырмалы-салғастырмалы лингвистика
Курс лингвистиканың салыстырмалы, салғастырмалы зерттеу жасаудың негізгі заңдылықтарын оқытуға, лингвист-зерттеушіге қажетті кәсіби амалдар мен білімдерді қалыптастыруға бағытталған.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Лингвистикалық ғылыми-зерттеу технологиялары
Несиелер: 8Аталған пән болашақ тіл мен әдебиет мамандарын дайындау жүйесі бойынша жалпытеориялық және оқу-әдістемелік сипаттағы ғылыми-зерттеудің өзекті мәселелерін шешуде аса маңызды орын алады. Пән лингвистикалық жоспарлау формалары, лингвистикалық зерттеулердің әдістері мен әдіснамасы туралы түсінік береді. Пәннің мақсаты - лингвистикалық ғылыми-зерттеу әдіснамасын, лингвистикалық зерттеу жасаудың әмбебап және бірегей ерекшеліктерін игерту, практикалық қолданыс дағдысын қалыптастыру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Код ON1
ғылыми-кәсіптік қызметте, салааралық коммуникацияда шетел тілін «С» деңгейінде қолданып, ғылыми танымның философиялық, логикалық тәсілдерін, ұйымды басқарудың психологиялық механизмдерін игергенін көрсетеді.
-
Код ON2
педагогикалық тактіні, этиканы сақтап, жоғары мектепте оқу-тәрбиелік процестерді Қазақстанның ұлттық басымдықтарын есепке ала отырып басқаруға, ғылыми ұйымдардағы қызметке, ұжыммен, топпен жұмысқа дайын.
-
Код ON3
білім беруде, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруда АКТ-ны пайдалана отырып, цифрлық сауаттылық мәдениетін еркін меңгергендігін көрсетеді.
-
Код ON4
ЖОО-да оқу-әдістемелік құжаттарды қалыптастырып,ғылыми-педагогикалық қызмет мақсатын қойып, негіздеп, оған жетудің қалыпты әдістері мен құралдарын таңдап, сабақ түрлерін өздігінен жүргізе білетінін көрсетеді.
-
Код ON5
қазіргі лингвистикалық және әдебиеттану саласындакөркем, ғылыми шығармашылыққа қабілеттілігін, тілдік, әдеби, мәдени мазмұндағы жобалар мен процестерді басқара білетінін кәсіби әрекетімен танытады.
-
Код ON6
тілтану, әдебиеттану, тұлғатанушылық тұрғыдан еңбектерді тарихи даму кезеңдеріне сай талдап, зерттеп, шығармашылықпен білім алушыларға игерте алады.
-
Код ON7
сыни ойлау тұрғысынан ғылыми-педагогикалық, инновациялық қызметті жоспарлаумен және жүзеге асырумен қатысты мәселелерді шешуге, кәсіби қызметіне қажетті жаңа білімді өздігінен игеруге, осы бағытта одан әрі ғылыми- педагогикалық ізденісін жалғастыруға дайын
-
Код ON8
тілтанудың жаңа бағыты тұрғысынан шығармаларды/әдебиеттерді салыстыра, сыни талдауға, бағалауға, практикалық міндеттерді шешуде идеялар қосуға, өңдеуге қабілетті.
-
Код ON9
лингвист-зерттеуші ретінде зерттеуге, оқу процесінешетелдік және отандық серіктестер тарта алады, бірлескен жарияланымдар жасайды және зерттеу нәтижелерін оқу процесіне енгізуге, коммерциялау үшін жұмыстануға дайын.
7M01711 Қазақ тілі мен әдебиеті (п)
МагистратураХалықаралық гуманитарлық-техникалық университеті
БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі7M01711 Қазақ тілі мен әдебиеті
МагистратураПавлодар педагогикалық университеті
БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша