Өтініш қабылдау 6-20 мамыр / Тестілеу 25 мамыр - 12 шілде

2024 жылғы талапкерлер!

Негізгі ҰБТ-ға тіркелу 6-14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

ҰБТ өткізу мерзімі:

2024 жылғы 16 мамыр - 5 шілде.

МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар): ⁃ 6-10 мамыр аралығында ҰБТ-ның 1-ші мүмкіндігіне;

⁃ 11-14 мамыр аралығында 2-ші мүмкіндігіне өтініш беру қолжетімді болады.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін негізгі ҰБТ-ға тіркелу 6-20 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

ҰБТ өткізу мерзімі: 2024 жылғы 25 мамыр - 12 шілде.

МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар): 6-13 мамыр аралығында ҰБТ-ның 1-ші мүмкіндігіне; 14-20 мамыр аралығында 2-ші мүмкіндігіне өтініш беру қолжетімді болады.

Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өту ПУКНТІН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.

Бұл ҰБТ-ға қатыса алады:

2024 жылғы мектеп және колледж

-түлектері;

-мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері; -шетелде 11(12) сынып білім алушылары;

-қандастар;

-жоо-да шартты түрде білім алушылар.

Ағымдағы (2024) жылдың МЕКТЕП түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Поделиться:
Top