Мұнай химиясындағы нанотехнологиялар

  • Пәннің мақсаты Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - мұнай химиялық процестерде пайдаланылатын нанокатализаторларды алу принциптерін түсінуін көрсету - мұнай химиялық процестерді оңтайландыру мақсатында нанокатализаторлардың физика-химиялық қасиеттерінің олардың құрамы, құрылымы және синтездеу шарттарымен өзара байланысын талдау - нанокатализаторлардың құрылымдық және морфологиялық сипаттамаларын зерттеу әдістерін таңдауды негіздеу - мұнай химиялық процестерде нанокатализаторларды пайдалану бойынша практикалық іс-әрекетте ақпарат жинау, шешім қабылдау және теориялық білімді жүзеге асыру - мұнай химиялық процестерді жүргізу үшін наноөлшемді катализаторлар ұсыну Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: мұнай химиясы процестерінің нанокатализаторларын сипаттау, нанокатализдік жүйелерді зерттеу әдістері, гомогенді және гетерогенді нанокатализ ерекшеліктері, наноөлшемді катализаторлардың даму және қолданылу болашағы.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 7
Top