Медицинадағы нанотехнологиялар

  • Пәннің мақсаты Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. денедегі және жасушасындағы биохимиялық үрдістер мен құбылыстардың негізгі заңдарын түсіндіру; 2. наноматериалдар мен наноконструкциялардың қасиеттері мен сипаттамаларын, олардың медицинада қолдану салаларын дәлелдеу; 3. нанотехнологиялық әдістермен адам ауруларын емдеу тәсілдерін түсіндіру; 4. медицинада нанотехнологияның жетістіктерін қолданудың дәйектілігін бағалау; 5. тірі ағзада наноөлшемді диапазонындағы заттардың мінез-құлқының ерекшелігін талдау. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Нанотехнологиялар, наномедицина және нанобиқауіпсіздік: жалпы түсініктер, қалыптасу тарихы, негізгі бағыттары, медицинада қолдану салалары. Наноқұрылымдар және наноматериалдар: жіктелуі, алу әдістері, қасиеттері. Жасушаларды культивирлеу технологиясындағы наноматериалдар. Неврологияны диагностикалаудағы нанотехнологияның заманауи жетістіктері. Биомедицинадағы наноматериалдар. Кардиология, онкология, неврология салаларында наноқұрылымдарды қолдану.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 7
Top