Химиялық өндірістердің үдерістері мен аппараттары

  • Пәннің мақсаты Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. массаның, энергияның сақталу, термодинамикалық тепе-теңдік және динамика заңдарын, ұқсастық теориясының негіздерін, жылу-, масса алмасу негіздерін қолданып, наноматериалдардың химиялық өндірістерін жүйелі баяндауға; 2. наноматериалдардың химиялық өндірістерін динамика, жылу өту, масса өту заңдылықтары тұрғысынан түсіндіруге; 3.наноматериалдардың химиялық өндірістерін гидродинамикалық, жылулық, масса алмасу үдерістері әдістерін қолданып сипаттауға; 4. наноматериалдардың химиялық өндірістерін жүзеге асыруда химиялық, физикалық ғылымдар, жылу- массса өту заңдылықтарын, физикалық моделдеу әдістерін терең түсіну және олардың өзара байланысын анықтауға; 5. зертханалық жұмыстарды орындауда алынған нәтижелерді, өзіндік жұмыстардың есептерін, midterm exam есептерін гидродинамикалық, жылу-, масса алмасу үдерістері жайындағы теориялық білімдері тұрғысынан тұжырымдауға және бағалауға. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді: гидродинамикалық үдерістерді, жылулық үдерістерді, массаалмасу үдерістерін және нанотехнология мен наноматериалдардың химиялық өндірістерін аппаратуралық өңдеуді қарастырады.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 5
Top