Физикалық химия

  • Студенттерде салааралық мамандандырылуға сәйкес шикізаттың, материалдың және дайын өнімнің физика-химиялық касиеттері, химиялық зертханаларда, автоматты бақылау және реттеу құралдарында қолданылатын негізгі зертханалық құрылғылар мен бақылау-өлшеу приборларының құрылымы мен жұмыс істеу принципі, жүргізілген зертханалық талдау мен сынауларға техникалы құжаттаманы рәсімдеу ережелері туралы білімдерді қалыптастыру. Пәнді оқыту нәтижесінде студент: - өнімнің физика-химиялық талдауын жүргізуге және оның нәтижелерін бағалауға; - физика-химиялық әдістерді қолдану дағдыларын меңгеруге; - зертханалық құрылғыны қолануға; - өндірістік технологиялық есептерду жүргізуге; - талдауды математикалық өңдеу мен оның нәтижелерін бағалауға қабілетті болады. Пән шикізат, өнім, дайын өнім және қоршаған орта объектілерін талдау әдістерінің теориялық негіздерін оқып-үйренуді және өндірісті аналитикалық бақылау кезінде, өнеркәсіптің әр түрлі салаларында қызмет атқаратын кәсіпорындардың зертханаларында және ҒЗИ зертханаларында қолданылатын физика-химиялық әдістер саласындағы студенттердің практикалық дағдаыларын меңгеруді қарастырады. Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: Оптикалық талдау әдістері. Фотометриялық талдау әдісі. Бейфеломертлік және турбиндиметрлік талдау әдістері. Люминесцентті талдау әдістері. Рефрактометриялық талдау әдісі. Поляриметриялық талдау әдісі. Хроматографиялық талдау әдістері. Сұйықтықтардың хроматографиялық талдауын жүргізу техникасы. Электрохимиялық талдау әдістері. Кондуктометриялық талдау әдісі. Заманауи талдау әдістері. Жалын фотометрия әдісі.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top