Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Ядролық астрофизика
-
Пәннің мақсаты магистраттарға астрофизикадағы заманауи мәселелер және жұлдыздық заттардағы ядролық реакциялар туралы білімдерін қалыптастыру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1.ғарыштық объектілерге қолданылатын физикалық заңдылықтарды білу; 2.ғылыми-техникалық ақпараттарды сараптай алу, 3.зерттеу бағыты бойынша отандық және шет елдік тәжірибелерді үйрену; 4. заманауи ядролық астрофизиканың фундаментальды заңдылықтарын игеру. 5. ғарыштық объектілерге қолданылатын физикалық әдістерді қолдану. Жұлдыздар мен жұлдызаралық орта. Жұлдыздардың туылуы. Галактикалар мен квазарлар. Ғаламды толықтай және ғарыштық объектілерді (жұлдыздарды, ғарыштық плазманы) зерттеу кезінде физикалық заңдарды қолдану. Жұлдыздардың энергия көздері. Сәуленің орын ауыстыру теңдеуі және оның қарапайым шешімдері. Жұлдыздардағы және де басқа астрономикалық объектілердегі ядролық реакциялар. Ядроның бөліну механизмі мен энергиясы. Жұлдыздардың жарқырауы мен массалары. Ғарыштық объектілерді зерттеудің физикалық әдістері. Астрофизикалық объектілердегі ядролық реакциялар. Астрофизиканың заманауи мәселелері. астрофизиканың негізгі принциптерін, жұлдыздар мен олардың жүйелері туралы заманауи теориялық көріністерін, жұлдыздар әлемінің заңдылықтарын үйрету; негізгі заңдардың ғарыштың шарттары бойынша қолданылуын көрсету; ғарыштық объектілерді зерттеудің физикалық әдістері; астрофизиканың заманауи мәселелерімен, Ғаламды зерттеудегі соңғы жылдардағы жаңа ашылуларымен және жетістіктерімен танысу.
-
Образовательная программа 7M05309 Физика
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 2