Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Заманауи физиканың негізгі принциптері
-
Пәннің мақсаты - қазіргі замаңғы физиканың негізгі принциптерін, физикалық жүйелер симметриясының кеңістік-уақыт координаттар түрлендірулеріне салыстырмалы сақталу заңдарымен байланыстарын мазмұндау. Магистранттарға физикалық құбылыстар заңдылықтарының терең түсінігін беру. Магистрант қазіргі замаңғы физиканың негізгі принциптерінің айқын түсінігін иелену керек. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. салыстырмалық принципін; Галилей және Лоренц түрлендірулерін; Физиканың теңдеулерін коварианттық түрде; симметрия, суперпозиция, анықталмағандық принциптерін; сәйкестік принципін; энергияның сақталу заңын және уақыттың біртектілігін; 2. импульстің және қозғалыс мӛлшерінің сақталу заңдарын; кеңістіктің айна симметриясын және жұптылықтың сақталу заңын; бірдей бӛлшектердің айырмаушылық принципі және бӛлшектердің статистикасын; күшті әсерлесудің зарядтық тәуелсіздігін; аддитивтік және мультипликативтік сақталу заңдарын тұжырымдау; 3. конверсия коэффициентін қазіргі замаңғы физикалық есептеулерде қолдану; 4. сәйкестік принципін кванттық механикада, атомдық физикада қолдану; релятивтік инвариантты қолдану және ядролық процесстердің табалдырықтарын анықтау; жылдам тұрақсыз бӛлшектердің қмір сүру уақытын анықтау және ядролық процесстердің табалдырықтарын анықтау. 5. қазіргі заман физикасының негізгі принциптері туралы түсінік; симметрия принциптері және сақталу заңдары туралы түсінік; релятивтік инвариант және оның қолданылуы туралы түсінік; Салыстырмалық принципі. Галилей және Лоренц түрлендірулері. Физиканың теңдеулері коварианттық түрде. Сәйкестік принципі жаңа физикалық теорияларды құрастыру кезінде бағыт ретінде. Кванттық физикада сақталатын шамалар. Симметрия операторы және унитарлық түрлендірулер. Электр зарядының, бариондық және лептондық сандардыі сақталу заңдары. Бұрылу және трансляцияға салыстырмалы инварианттылық. Күшті әсерлесудің зарядтық тәуелсізділігі. Изотоптық спин. Бірдей бөлшектердің ажыратылмаушылық принципі және бөлшектердің статистикасы. Жұптылықтың сақталуы және айналық симметрия. Аддитивтік және мультипликативтік сақталу заңдары. Кванттық механикада анықталмағандық принципі. Орталық потенциалдарда азғындау. Энергия-уақыт үшін анықталмағандық қатынасы. Виртуалдық бөлшектер және процесстер туралы түсінік. Жүйені инварианттық болып қалдыратын түрлендірулердің генераторларының қасиеттерінің салдары болып табылатын аддитивтік және мультипликативтік сақталу заңдарын қарастыру, физиканың принциптерін (салыстырмалық, симметрия, суперпозиция, анықталмағандық, сәйкестік) қарастыру. Магистрант физикалық шамалардың сақталу заңдарының кеңістік-уақыттың симметриясымен байланысын түсіндіре білу керек, микроәлемнің ерекшеліктерін түсіндіру үшін анықталмағандық принципін қолдана білу керек, микроәлемдегі жоғары энергиялы процесстерді сипаттау үшін релятивтік инвариантты қолдана білу керек.
-
Образовательная программа 7M05309 Физика
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 1