Қатты денені талдаудың аспаптары мен қондырғылары

  • Пәннің мақсаты: Қатты денені зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін, физикалық экспериментті автоматтандыру үшін қолданылатын спектрометриялық қондырғылар мен электронды аппаратураның негізгі элементтерінің жұмыс принциптерін меңгеру. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. қатты денені зерттеу әдістерінің, спектрометриялық қондырғылар мен құрылғылардың негізгі элементтерінің метрологиялық сипаттамаларын анықтау; 2. нақты аналитикалық есепті шешу үшін қажетті талдау әдісін және электрофизикалық қондырғыны дұрыс таңдауды жүзеге асыру; 3. конденсацияланған күй физикасы саласындағы іргелі зерттеулер мен жобаларға қатысу, 4. қатты денелердің механикалық, электрлік, магниттік, жылу қасиеттерін зерттеудің жаңа әдістерін жасау және заманауи модернизациялауға қатысу; 5. ғылыми зерттеулер жобаларының тұжырымдамалық аспектілерін әзірлеуде абстрактілі және креативті ойлауды және бірегейлікті талап ететін міндеттерді шешу. Электрфизикалық қондырғылардың негізгі элементтері. Аналитикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын радиоактивті препараттар. Сызықтық және циклдық үдеткіштердің негізгі техникалық сипаттамалары. Тіркеу әдістерінің физикалық негіздері. Аналитикалық қондырғыларға арналған детекторларды таңдау критерийлері. Спектрлік өлшеулердің негізгі тәсілдері: фотондар, электрондар, иондар және нейтрондар спектрометрлері. Сәуле шығару детекторларының ақпаратын жинауға және алдын ала өңдеуге арналған электрониканың стандартты жүйелері. КАМАК жүйесі. Жүйенің стандартты модульдері. Физикалық қондырғыларды автоматтандыру. ЭЕМ физикалық зерттеулерде қолдану ерекшеліктері. Иондаушы сәулелену шоғырын пайдалана отырып, қатты денелерді элементтік және құрылымдық талдау әдістерінің негіздері.
  • Образовательная программа 7M05309 Физика
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top