Сапаны басқарудағы компьютерлік технологиялары

  • Пәннің мақсаты - магистранттарда сапаны басқарудағықолданбалы бағдарламалар пакеттерімен жұмыс істеу үшінсандық есептерді шешудің кәсіби бағыттағы дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант мынадай қабілеттерге ие болады: 1. өнім сапасын қамтамасыз етуге байланысты деректерді жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану; 2. өнімнің өмірлік циклін басқару саласындағы міндеттерді шешу үшін әдістемелерді таңдауды және негіздеуді жүзеге асыру; 3. зерттеу объектілерін сәйкестендіру үшін үдерістік тәсілдің ережелерін, үдерістерді моделдеу тәсілдерін қолдану; 4. менеджмент жүйелерінің аудиті бойынша құжаттаманы жүргізу; 5. сапа менеджменті жүйесін пайдалана отырып, процестердің құрылымдарын әзірлеу және басқару. Пәнді оқу кезінде магистранттар келесі аспектілерді зерттейді:Сапаны басқарудағы компьютерлік технологиялар. Компьютерлік модельдеудің міндеттері. Математикалық модельдер. Компьютерлік модельдеу үшін сандық әдістер. Технологиялық процестің математикалық моделін әзірлеудің әдістері мен тәсілдері. Компьютерлік модельдеу кезеңдері. Компьютерлік модельдеудің типтік жүйелері. Компьютерлік модельдеудің аспаптық құралдары. Статистикалық талдау есептерін шешудің ақпараттық технологиялары. Стратегиялық және жедел жоспарлаудың компьютерлік жүйелері. Өнімнің өмірлік циклін басқару саласындағы міндеттерді шешу үшін әдістемелерді таңдау және негіздеу. Кәсіпорында электрондық құжат айналымы жүйесі.
  • Образовательная программа 7M07502 Стандарттау және сертификаттау
  • Несиелер 3
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top