Корпоративтік басқару және құқық

  • Бұл курста басты назар корпоративтік басқарудың құқықтық және іскерлік аспектілеріне бөлінеді. Студенттер релеванттық ақпараттарды анықтап, оны шешім қабылдау үрдісі мен ұйымды құқықтық, этикалық және кәсіби тұрғыдан басқару барысында қолдануға үйренеді. Қарастырылатын тақырыптар: корпоративтік басқару және корпоративтік құқық жүйесі, оның ішінде бизнеске қатысты нақты құқық төңірегіндегі мәселелер; корпоративтік басқару стандарттарын дамыту; басқарудың құрылымы, құрылуы, алғышарттары және мәдениеті; акционерлермен және мүдделі тұлғалармен қарым-қатынас; халықаралық басқару; корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік; заң мен әдеп арасындағы байланыс. Студенттерге өз бетінше дайындалуға арналған материалдар мен кейстер беріліп, сұрақтарды құқықтық, сондай-ақ іскерлік тұрғыдан зерттеу ұсынылатын болады. Бұл студенттерге көшбасшылық дағдылары мен өз бетінше оқу бейімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
  • Образовательная программа 6B04118 Қаржы
  • Несиелер 6
  • Оқу жылы 4
Top