Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Корпоративтік қаржы
-
Пән нормативтік-құқықтық талаптар, этикалық стандарттар және әлеуметтік-жауапты басқару шеңберінде корпоративтік қаржылық шешімдерді қабылдаудың теориясы мен тәсілдерін қамтиды. Тақырыптар: өзекті қаржылық ақпаратты талдау және ұсыну әдістері, активтерді бағалау және басқару, капитал құрылымы мен құны, капитал салымдарының тиімділігі, бюджеттерді және болашақ ақша ағындарын модельдеу, мультиканалдық қаржыландыру түрлері, айналым капиталын оңтайландыру, бірігу және сіңіру, дивидендтік саясат, корпоративтік басқару. Студенттер есептерді шешіп, қазақстандық және халықаралық компаниялардың нақты кейстерімен және Bloomberg қаржы орталығынан алынған мәліметтермен жұмыс істейтін болады. Пәнді оқу барысында студенттер жеке жұмыс істей отырып, ұзақ мерзімді шығындар бюджетін және капитал салу үшін рентабельді жобаларды құрайды. Пән соңында студенттер кешенді емтихан жазады.
-
Образовательная программа 6B04120 Қаржы және деректерді талдау
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 3