Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Амбулаторлы – емханалық офтальмология-1
-
Офтальмологиялық көмекті ауруханаға дейінгі кезеңде көрсетуді ұйымдастырудың жалпы принциптері. Көздің қосалқы аппараты, көз алмасы, орбитаның анатомиясы және физиологиясы. Көру ағзасының эмбриогенезі. Көру өткірлігі, жарықты сезу, көру кеңістігі, түсті ажырату, бинокулярлы көру. Оптикалық орталар. Рефракцияның түрлері . Миопия, гиперметропия, астигматизмде көзілділірік таңдап беру. Амбулаторлы жағдайда көз ауруларын емдеу. Амбулаторлы жағдайда диагностикалау мен емдеудің заманауи клиникалық хаттамалары.«Күндізгі стационар», жұмыс істеу принциптері. Конъюнктивиттің түрлері. Балалар мен ересектердегі конъюнктивиттердің өту ерекшелігі. Диагностикалау әдісі. Емдеу тәсілдері. Бактериалды конъюнктивиттер. Ұшықты және аденовирусты конъюнктивиттер, клиникасы, диагностикасы, емі.Трахома, паратрахома. Аллергиялық конъюнктивиттер. Конъюнктивиттің дистрофиялық аурулары. Созылмалы іріңді дакриоцистит. Диагностика және емдеу тәсілдері. Нәрестелердің дакриоциститі.
-
Образовательная программа 7R01127 Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы
-
Несиелер 26
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 1