Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Сапаны басқарудың статистикалық әдістері
-
Кіріспе. Пәннің мақсаты және тапсырмасы. Өндірістік тауарлар мен қызмет сапасын басқару және бақылаудың статистикалық әдістері аймағындағы негізгі түсініктер мен анықтамалар. Пәннің мақсаты: пәнді оқыту мақсаты – студентердің білім алу кезінде өнімнің сапасын статистикалық бақылау кезіндегі әдістерге қойылатын талаптардың орындалуын оқып-үйрену. Сапа туралы алғашқы мәліметтердің элементтерін, сонымен бірге өндіріске ендіріліп отырған өнімнің, бұйымның және технология сапасының сәйкестігін тексеру саласында білімін ұштастыру болып табылады. Пәнді оқып-үйренген студент мыналарды білуі қажет:өндірістік тауарлардың статистикалық бақылау әдістері мен сапасын басқару процесінің негізгі әдістерін және оның тағайындалуын, сонымен бірге қазіргі заманға сай халықаралық стандарттардың жағдайы туралы ақпаратпен қамтылуы қажет. Өнімнің сапасын қамтамасыз етудің негізі мен әдістерін білу қажет. Тәжірибеде статистикалық бақылаудың әртүрлі әдістерін қолдана білу қажет, ИСО ҚКБЖ, ҚТБЖ, ӨТДБЖ, МЕСТ-терді, т.б. статистикалық тапсырмаларды орындау кезінде, өнімнің сапасын қамтамасыз етуді білуі қажет.
-
Образовательная программа 6B07501 Өнеркәсіптік инженерия
-
Несиелер 5
-
Селективті тәртіп
-
Оқу жылы 3