Тіл білімінің жаңа бағыттары

  • Курс компьютерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар, психолингвистикадағы эксперименттер, этнолингвистика, психолингвистика, психолингвистиканың қолданбалы аспектілері, этнолингвистика және антропологиялық лингвистика, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоэкология бағыттарын меңгертуге бағытталған. Пән антропоөзектік бағыттың қазақ тіл білімінде қалыптасуын, зерттеу нысанын, «тілдегі адам» немесе «адамның тілі» проблемасын, негізгі қағидаттары мен ұстанымдарын, ұлттық сананың тілдегі көрінісін қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде қазіргі тіл білімінің негізгі заңдылықтары мен зерттеу қағидаттарын сипаттайды; ұлттық сананың тілдегі көрінісін талдайды; жаңа бағыттарға қатысты тәжірибелерді сыни тұрғыдан саралайды; психолингвистикадағы эксперименттерді қолданады; жаңа бағыттардың маңызын анықтайды.
  • Несиелер 6
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 2
Top