Математикалық талдау

  • Математикалық талдауды меңгеру айнымалы шамаларды зерттеу әдісімен таныстыруды шексіз аз шамаларды талдау арқылы жүргізу. Оның негізін дифференциалдық және интегралдық есептеу теориясы құрайды. Математикалық талдауда негізінен функциялар зерттеледі. Олардың көмегімен табиғат заңдылықтары, заманауи есептеу техникасында, программалау мен ақпараттық жүйелерде, экономикада және басқа облыстарда кездесетін әртүрлі процесстерді математикалық тілмен айқын жазуға болады. Сол себептен математикалық талдау классикалық математиканың негізгі саласы, басқа математикалық пәндердің негізін құрайды. Сондықтан математикалық талдау пәнімен оқушылар жоғарғы математиканың алғашқы курсы ретінде танысады. Пәннің міндеті белгілі мәліметтерді (анықтамаларды, теоремаларды, олардың дәлелдеулерін, өзара байланыстарын, есептерді шешу әдістерін) таныстырып қою емес, сонымен қатар оларды пайдалануды үйрету.
  • Образовательная программа 6B06105 Smart технологии
  • Несиелер 3
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top