Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M03102 Халықаралық қатынастар в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Халықаралық протокол және этикет

    Бұл курс халықаралық іс шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында қолданылатын халықаралық протокол мен этикет ережелері туралы түсінік береді. Ахуалға қарай әр түрлі елдердің протокол менэтикет элеметтерін тиімді қолдану дадыларын жетілдіреді. Оқытудың мазмұны, сондай ақ, іскерлік байланыстарды әлеуметтік желі, электрондық хат алмасу, телефон шалу,видеоконференциялар өткізу этикеті мен дағдыларын қамтиды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Шет тілі (кәсіби)

    «Шетел тiлi (касiби)» курсының мақсаты тiлдiк емес мамандықтардың магистранттарына жоғары базалық стандарт (С l) деңгейiндегi шет тiлдiк бiлiмдi меңгерту үрдiсiнде мадениаралық- коммуникативтiк құзiреттiлiктi қалыптастыру. Курс академиялық жазудың нормаларын меңгерту, сыни талдаулардың дағдыларын дамытy, ғылыми шолулар дайындау, аннотациялар, зерттеу тақырыптары бойынша рефераттар және библиографиялар құрастыруды қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Жаһандық дамудағы өркениет арасындағы өзара әрекеттесу

    Курстың негізгі мақсаты – өркениет құбылысын және ғаламдық әлемдегі мәдениетаралық және кроссмәдениетті қарым-қатынастарды зерттеу. Пән тиімді коммуникациялық стратегияны таңдау, халықаралық немесе мәдени-жеке іскерлік этикеттің талаптарына сәйкес әрекет ету, оң коммуникативтік контекст қалыптастыру дағдыларын дамытуға, этномәдени сәйкестікті білдіретін ұлттық мәдениеттің және мемлекеттің қолайлы имиджін қалыптастыруға бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Халықаралық қауіпсіздіктің деңгейлеріне сараптамалық баға беру

    Бұл курс халықаралық қауіпсіздік саласындағы негізгі талқыланатын мәселелерді қарастырады, халықаралық қауіпсіздік теорияларын нақты эмпирикалық мәселелерге қолдану мүмкіндігін, сондай-ақ командалық жұмысты қамтамасыз ететін болғандықтананалитикалықойлау мен коммуникативтік дағдыларды дамытады. Пән қауіпсіздік мәселелерін шешу жолдарын ұсынуға, талдауға және талқылауға дайындығын дамытуға бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әлемдік саясаттың гибридтенуі

    Курстың мазмұны әлемдік дамудың жаңа феноменін–қазіргі әлемдік тәртіптің негізгі сегменттерінің гибридизациясы немесе симбиозын зерттеуге бағытталған. Пән сараптамалық дағдыларды дамытуға және классикалық емес акторлар жаппай қатысатын жаңа қақтығыстарға, түрлі-түсті революцияларға, және «мінсіз дауыл» ретінде гибридизацияның салдарларына эксперттік баға беруге, сонымен қатар, сыртқысаяси шешімдерді қабылдауда осы салдарларды ескеруге бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Басқару психологиясы

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Халықаралық қатынастар теориясы

    Бұл оқу курсының пәні халықаралық қатынастар саласындағы құбылыстар мен оқиғаларды теориялық және тұжырымдамалық түсіну, пайымдау, саралау және болжау болып табылады. Пәннің мақсаты – болашақ магистрлерде халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі үдерістер мен беталыстарды, оның дамуының және қызметінің өзекті мәселелерін саралаудың дағдыларын қалыптастыру. Пән білім алушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуге құзыреттілігін кеңейтуді көздейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Менеджмент

    Білім алушыларда практикалық және ғылыми жоспарда Менеджменттің дамуы туралы, ұйымдастырушылық менеджмент, оның түрлері мен қазіргі тенденциялары туралы түсінік қалыптастыру және магистранттарда үдерістік, жүйелік және жағдайлық негізде заманауи ұйымдық менеджменттің принциптерін, әдістерін, нысандары мен құралдарын қолдануға жалпы көзқарасты қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Бұқаралық коммуникация теориясы: ХҚ қолдану практикасы

    «Бұқаралық коммуникация теориясы: халықаралық қарым-қатынаста қолдану тәжірибесі» пәні қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдарының, атап айтқанда, баспа басылымдарының, теледидар, радио, интернет, әлеуметтік желілердің теориялық негіздерін зерттеуге бағытталған. Пән БАҚ-тың қоғамға әсерін, мемлекетаралық өзара іс-қимылға әсерін, бұқаралық аудиториямен жұмыс істей білуін, ақпараттық көздермен жұмыс істеуді талдау дағдысын дамытуды көздейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Халықаралық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру

    Пән халықаралық жобаларды әзірлеу және басқару процесін түсінуге және жобаларды дайындау дағдыларын қалыптастыруға арналған. Курс халықаралық жобалардың дизайн ерекшеліктері мен Жобаны басқару туралы білім береді, жобалық топ мүшелерімен стратегиялар мен қарым-қатынастарды тиімді құру және жүзеге асыру, мүмкін болатын нәтижелерді болжау дағдыларын дамытады. Сондай-ақ халықаралық жобаларды өз бетінше әзірлеу, іске асыру және бақылау дағдыларын дамытады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Дербес жұмыс атқара отырып, ынтаны көрсете отырып, оңтайлы басқару шешімдерін ұсыну, қызметкерлердің жұмысын ұтымды ұйымдастыру және жоспарлау, жұмыс күшін тиімді басқару
  • Топта тиімді жұмыс жасау, пікірлер түрлі болған жағдайда келісімге келу, ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен жұмыс жасау, сындарлы кері байланысты қолдану
  • Шет тілдерді кәсіби түрде меңгеру дағдыларын іскерлік және дипломатиялық келіссөздер жүргізгенде,әртүрлі деңгейдегі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырғанда,бастапқы дерек көз тіліндегі ақпараттарды жинағанда және талдау жүргізгенде,әлемдік саясаттың сыртқы саяси және ішкі экономикалық акторларының стратегияларының ерекшеліктерін терең түсінуге ұмтылғанда,халықаралық құжаттар мен өз саласындағы мәселелер туралы қызметтік анықтамалық мағлұматтарды дайындағанда,талдау жұмыстарын жүргізгенде қолдану
  • Зерттеу бағдарламаларын құру, соның ішінде жобаның міндеттерін іске асыру аясында тәуелсіз және ұжымдық сараптамалық-талдау жұмыстарын жүргізу
  • Халықаралық қатынастардағы теориялық көзқарастар мен пікірталастарды бағалау, халықаралық қатынастар саласындағы зерттеулер жүргізу үшін талдау әдістері мен теорияларын қолдану, нақты жағдайға байланысты талдау және болжау әдістерінің мүмкіндіктерін бағалау
  • Қолданбалы талдау әдістерін қолдану және дүниежүзілік дамудағы өзгермелі үрдістердің, халықаралық қауіпсіздік модельдерінің және еларалық өзара әрекеттестіктің маңыздылығын бағалау
  • Халықаралық жағдайды талдау, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді айқындау,нақты жағдай контекстінде ұсынымдар әзірлеу, дипломатиялық протокол мен этикет қағидалары мен нормаларын қолдану, халықаралық бастамаларға ақпараттық коммуникациялық қолдау көрсету,кәсіби міндеттерді орындау барысында жариялылық дипломатияның, коммуникациялық жүйе мен сандық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану
Top