Халықаралық гуманитарлық құқық

  • Курс студенттерге қарулы қақтығыстар кезінде адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құқық нормаларын игертуге бағытталған. Курстың мақсаты - студенттерге халықаралық құқық нормаларына түсініктеме беруге және өз қызметінде қолдана білуге үйрету. Бұл курсты оқу барысында студенттер қарулы қақтығыстарға қатысушылар арасындағы қатынастарды реттеуге қатысу, жаралыларды, науқастарды, әскери тұтқындар мен бейбіт тұрғындарды қорғау бойынша қосымша дағдыларға ие болады. Студенттер халықаралық құқық субъектілерін қорғау үшін құқықтық нормаларды қолдануды, кеңес беруді және кәсіби қызмет саласында халықаралық құқық бойынша талдаушы ретінде әрекет етуді, ұйымдастырушылық қабілеттілік пен көшбасшылық дағдыларды, топта жұмыс істеу қабілетін, қақтығыстардың алдын алудың халықаралық стандарттарына сәйкес, қақтығыстарды реттеу, адам құқықтарын қорғау және көші -қон процесін реттеуді мемлекеттік және халықаралық институттардағы халықаралық құқық нормаларына сәкес жүзеге асыру дағдысын меңгереді.
  • Образовательная программа 6B03104 Халықаралық қатынастар
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top