Дата журналистика

  • Деректер журналистика пәні деректерді өңдеуге және алынған ақпаратты мәтіндік әңгіме немесе инфографика түрінде ұсынуға негізделген. Пәнді оқу барысында студент үлкен көлемдегі деректермен журналистің жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін меңгереді, ақпаратты алу және талдау, оны визуализациялау тәсілдерін меңгереді, дата журналистикасының технологиялық негіздерімен танысады. Сондай-ақ, курстың мақсаты – ашық деректермен жұмыс істеу кезіндегі этикалық нормаларды меңгеру, дербес деректерді өңдеу, деректермен жұмыс істеудің құқықтық негіздерін әзірлеу.Пән ашық деректер базасымен жұмыс істеуге – деректер негізінде контентті жинау, талдау, жүйелеу, құру, деректерді талдай білу және статистиканы өңдеу, сондай-ақ веб-аналитиканы білуге үйретеді. (Google Analytics, Яндекс, Метрика) Шетелдік және отандық медиалық материалдарды жүйелей білуге баулиды. Алынған материалды қызықты медиатекст немесе инфографика түрінде ресімдеу. Журналистикамен жұмыс істеу әдістерін, әртүрлі деректер түрлерін пайдалану қажет материалдарды жасаудың шығармашылық процесін үйретеді
  • Образовательная программа 6B03204 Телерадиожурналистика
  • Несиелер 4
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top