ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

  • Аталған пән - саяси, тарихи себептер негізінде туып, қалыптасқан ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі көркем шығармалардың даму тенденцияларын, бағыттарын ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырылады. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму, қалыптасу жолдары жүйеленіп, шығармалардың әдеби, тарихи, көркемдік сипаты, идеялық құндылығы, жанрлық ерекшелігі түсіндіріледі. ХІХ ғасырдағы Зар заман әнші-ақындарының көркем шығармалары ұлттық сипатымен, ақындар поэзиясының көркемдік қырларымен жан-жақты қарастырылады. Ағартушылық, демократиялық мазмұндағы жаңа реалистік жазбаша әдебиет өкілдері шығармаларының тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік ерекшеліктері әдеби-тарихи, теориялық, сыни мәселелермен талданады. ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет өкілдері қалыптастырған реалистік әдістің өзіне тән ерекшеліктері терең зерделенеді. Классикалық үлгідегі жазбаша әдебиет жаңа қырынан қарастырылады.
  • Образовательная программа 6B01707 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top