Энергетикалық жүйелердегі вакуум техникасы

  • Пәннің мақсаты. «Энергетикалық жүйелердегі вакуум техникасы» курсын игеру болашақ мамандар санасында сиретілген газдар және сиретілген газдар мен қатты дене шекарасында болатын процесстер туралы білім қалыптастырады, сонымен қатар бұл курс білім алушыларды ғылыми-зерттеулер мен технологиялық қондырғыларда қолданылатын вакуумдық жүйелерді есептеп жобалауға үйрету үшін оқытылады. Бұл курста келесі аспектілер қарастырылады: сиретілген газдар физикасының негізі. Ғылыми технологиялық қондырғылардың вакуумдық жүйесі. Технологиялық машиналарда және ғылыми зерттеу қондырғыларында вакуумды ұстап тұру және оны өлшеу. Вакуумды қондырғыларды жобалау. Компьютерлік программаларды пайдаланып вакуумды жүйелерді есептеу әдістері. Практикалық тұрғыдан іске асыруға мысалдар келтіру. Вакуумды қондырғыларды пайдалану мәселелері.
  • Образовательная программа 6B07107 Электр энергетикасы
  • Несиелер 9
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 7
Top