Әлеуметтік лингвистика

  • "Әлеуметтік лингвистика" пәні бойынша магистранттар этнос аралық, тіл аралық қатынастарының тең әрі тұрақты дамуына ықпал ететін демократиялық бағыттағы тіл саясатымен, этнолингвистикалық, тілдік жағдаяттарымен танысады. Әлеуметтік лингвистиканың пәндік және теориялық ұғымдарынан, қазіргі проблемаларынан, сондай-ақ оның өзіндік зерттеу әдістерінен хабардар болады. Оқу пәннің мақсаты - қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік лингвистиканың лингвосаяси сипаты мен маңызы тіл білімінің ғана емес, мемлекеттің де өзекті мәселесіне айналып отырғандығы саралау, қазіргі зерттеу бағыттарына назар аудару. Сонымен қатар, пән мазмұны бойынша магистранттар қазақ тіл білімінде әлеуметтік лингвистиканың басты зерттеу бағыттары (мемлекеттік тілді ұлттық дамудың басты құралына айналдыруы, қостілділік, тіл саясаты, гендерлік лингвистика, тіл экологиясы, т.б.) мен қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы тың зерттеулермен танысады.
  • Образовательная программа 7M02301 Филология: қазақ филологиясы
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top