Әдебиет теориясы

  • «Әдебиет теориясы» пәні көркем әдебиет заңдылықтарын эстетика, психология, мәдениеттану, семиотика ғылымдарының жетістіктерімен бірлікте қарастырады. Курсты оқыту барысында әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері, ғылыми мектептердің ерекшеліктері, өнер салалары мен әдебиеттің дара сипаттары, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық қасиеттері жан-жақты ашылады. Шығарма табиғаты, автор мен адресат, кейіпкер және архетип, әдебиет және таңбалар жүйесі, мәтін құрылымы, герменевтика мәселелері қарастырылады. Курста әдеби үдеріс, стиль, көркемдік әдіс, жанрлар типологиясы толымды тұрғыда зерттеледі. Курстың мақсаты – студенттерді көркем әдебиеттің жаңалық, тектік сипаттарымен бірлікте поэтика, стиль, предметтік бейнелеу жүйесін танып, білуге бейімдеу; шығарманы комплексті талдауға үйрету.
  • Образовательная программа 6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 3
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 1
Top