Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

  • Курстың негізгі мақсаты – қазіргі қазақ тілі бойынша алынатын білімді тереңдете отырып, қазақ тілінің тарихи лексикалық қоры мен құрамын, толығу жолдары мен жүйесін, тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін, этимологиялық және этнолингвистикалық ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесі мен оның теориялық номинациялық қисындарын, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік, мағыналық өзгерістердің себебі мен салдарын, сөз және сөйлем құрылымының күрделену сипатын т.б. ғылыми негіздеп кешенді түрде оқыту. “Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” курсын оқу барысында студент қазақ халқының этногенездік құрамына сәйкес халық тілінің қалыптасу ерекшеліктерін, дыбыстық сипаты мен грамматикалық құрылымының ғылыми негіздерін, ұлт тілі ретінде өсу, даму жолдарын онтологиялық бағдарда кешенді түрде меңгереді. Тілдің даму жолдарын айқындау арқылы оның танымдық желісін таниды.
  • Образовательная программа 6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 3
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 1
Top