Бизнес жоспарлау

  • Нарықтық экономикасы бар азаматтық қоғамды табысты құрудың негізгі шарттарының бірі кәсіпорын басшыларының, менеджерлері мен мамандарының кәсіпкерлік құқық саласында терең білімінің болуы және осы білімді шаруашылық практикада қолдана білуі болып табылады. «Бизнес жоспарлау» пәнін оқытудың басты мақсаты болып студенттер арасында бизнес-жобаларды табысты жүзеге асыру үшін бизнес-жоспарлардың жобаларын құрау мен жүзеге асыру әдістерін қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорынды дамыту болжамдары мен нақтылы әрекеттері қаржы көздерінің нәтижесінде жүзеге асырылатыны. Бизнес-Жоспарлаудың теориялық негізі - практикалық жағдайда бизнес-жоспар жасаудың негізін қалау болып есептеледі. Осы тәсілдерді үйреніп оған ие болу, экономика мамандығы бойынша білім алатын студенттерге өте тиімді. Әсіресе болашақ қаржы менеджерлері үшін,кәсіпорынның қаржылық стратегиясын зерттеу, жасаудың өзекті бағыттары болып есептеледі.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top