Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D01513 Биология в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықаралық стандарттарға сай, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуға мүмкіндік беретін, қазіргі заманғы ғылыми мен педагогикалық мәселелерді тұжырымдауға, шешуге, педагогикалық, ғылыми-зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруға қабілетті биология ғылымдары мен биологияны оқыту әдістемесі саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D014 Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
-
Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Биологиялық білімді ғылым жетістіктерімен кіріктірудің әдістемелік негіздері
Мақсаты: іргелі биология ғылымдары саласындағы заманауи жетістіктер туралы білім жүйесін қалыптастыру Мазмұны: биологиялық білімнің ғылым жетістіктерімен интеграциясының мәні мен мазмұны. Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін интеграциялау негізінде полипептикалық оқу құзыреттілігін қалыптастыру үшін педагогикалық жағдайлардың ғылыми-әдістемелік негіздері. Құзыреттіліктер: жаңа міндеттерді қою және шешу үшін кәсіби қызмет саласында фундаментальді биологиялық түсініктерді пайдалануға дайын болу
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биологияны оқыту үдерісіндегі ақпараттық технологиялар
Мақсаты: докторанттардың биологияны оқыту үдерісінде ақпараттандыру саласындағы құзыреттілігін қалыптастыру Мазмұны: биологияны оқытуда жаңа ақпараттық технологиялар. Ақпараттармен жұмыс істей білуді қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттерін дамыту. Қазіргі заманғы ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми ақпаратты беру тәжірибесі мен патенттік іздестіруді жүргізу. Құзыреттіліктер: Ақпараттық технологиялық құралдарды қолдану, оның нәтижелерін практикаға енгізу
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биология және биологиялық білімнің қазіргі проблемалары
Мақсаты: биология ғылымының қазіргі даму бағыттары туралы білім жүйесін қалыптастыру Мазмұны: биологиялық білім берудің даму болашағы. Биология-ғалымдармен және әдіскерлермен биологиялық білім беру мәселелерін ашу тәжірибесін талдау. ЖОО-да биологиялық білім мазмұнының ерекшеліктері. ЖОО-да биологиялық білім беруде қолданылатын педагогикалық технологиялардың алуан түрлілігі Құзыреттіліктер: кәсіби қызмет саласында фундаменталды биологиялық білімдерді қолдануға дайын
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Мақсаты: әдебиетті ғылыми зерттеулердің әдістерін меңгерту. Мазмұны: Әдіс туралы түсінік. Жалпыәдіснамалық ережелер мен ұстанымдар. Ғылыми зерттеудің әдістері. Бақылау және оның мәні. Модельдеу, оның мәні. Әдеби интерпретация, оның мәні. Салыстырмалы әдіс. Салыстырмалы-тарихи әдіс. Ішкі тәсілдер: топтастыру мен жүйелеу тәсілдері. Трансформациялау әдісі. Құзіреттілігі: ғылыми зерттеу әдістері туралы теориялық түсінігін ғылыми жұмысты жазуда қолдана біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазба (ағылшын тілінде)
Мақсаты: ғылыми академиялық жазу дағдыларын дамыту. Мазмұны: академиялық мәтіндердің заңдылықтары, принциптері мен негізгі модельдері; ойларды дәлелдеу және академиялық мәтін құрылымын сауатты құру, арнайы терминологияны пайдалану және безендіру; аннотациялардың, рецензиялардың мазмұны мен құрылымы. Ғылыми мақалаларды, диссертациялық жұмыстарды жазу және рәсімдеу, эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру Құзыреттілігі: академиялық жазудың әр түрін дайындаудың дағдыларын меңгерген .
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- биологияның заманауи салаларында және биологияны оқыту әдістемесде қолданылатын зерттеу әдістерін таңдау
- өзінің жаңа ғылыми-педагогиялық идеяларын шоғырландырады, ғылыми биологиялық танымның аясын кеңейте отырып, өз білімдері мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа хабарлайды
- заманауи биологиялық теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын дербес ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізеді
- ғылыми-педагогикалық зерттеулер үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру, жұмыс құрылымының логикасын әзірлейді және қорытынды жасайды
- биологиялық білім беру саласында зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді практикалық қызметке енгізеді
- халықаралық ғылыми форумдарда, конференциялар мен семинарларда мемлекеттік, орыс, шет тілдерінде көпшілік алдында сөз сөйлеу және шешендік өнер дағдыларын меңгереді
- білім беру процесін құрылымдау кезінде оқыту нәтижелерін бағалау әдістемесін әзірлейді
- ғылыми биологиялық жаңалықтар мен әзірлемелерге зияткерлік және меншік құқықтарын қорғайды, инновациялық технологияларды пайдалана отырып ғылыми ақпаратты тасымалдау тәжірибесі мен патенттік іздеу жүргізеді