Экологиялық дүниетаным негіздері

  • Биосфера тепе-теңдігін жан-жақты қарастыратын, оның бұзылу себептерін болжайтын, анықтайтын және тепе-теңдіктен ауытқудың қоршаған ортаға әсерін зерттейтін ғылым саласы. Табиғат ресурстарын пайдаланудың жаңа жобалары жасалынып, оған экологиялық тұрғыдан сараптама жасалғанда ғана қоршаған орта – ауа, жер және судың пайдалануға жарамсыздануына жол берілмей, табиғи шикізаттарды пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізуге болады. Экология және тұрақты даму әлем тұрғындарының қазіргі және келешектегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған экономикалық, әлеуметтік, экологиялық даму моделі. Қазіргі тұрақты дамуда экологияның адамзатты қоршаған ортаның қарым-қатынасын түсінудегі маңызы өте жоғары. Ғылыми-техникалық үдеудің экологиялық кері салдары техникалық және экологиялық саяси мәселелерді шешудегі қателіктерден, антропогендік әсерлердің экологиялық салдарын және экономикалық шығынды дұрыс бағаламаудан туындайды.
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top