Неміс тілі - II

  • Пән неміс тілінде көкейкесті тақырыптарда әңгімелесуге, оқыған мазмұнды жеткізуге, жазбаша тапсырмаларды сауатты рәсімдеуге қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пәнді игерудің негізін кәсіби лексикалық терминдерді қолдану дағдыларын дамыту, сонымен бірге халықаралық қатынастың құрамдасы болатын тілдік-мәдени коммуникациялардың заңдылықтары түсіну, мәдениет аралық нормалар, ережелер, стильдер құрайды. Келесі тілдік құзыреттеліктерді жетілдіру: студенттік бағытталған, тілдік-мәдени, әлеуметті-мәдени, когнитивті, коммуникативті. «Неміс тілі - ІІ» пәні студенттердің тікелей қызуғышылығын қанағаттандыруға бағытталған, және де неміс/француз тілін игерген білім алушылардың болашақ маман ретінде қалыптасуындағы рөлі зор, олардың қатысылымдылығын әрі топта жұмыс істеу қабілетін арттырады. «Неміс тілі - ІІ» пәнін үйрету барысында рөлдік әрі іскери ойындар, мәселелі тапсырмалар, кейс әдістер, пікірталас әдісі және т.с.с. қолданылады. Пән ұсынатын тақырыптар: Die Weltkarte. Die Länder der studierten Sprachen und Kasachstan. Die Feiertage, die Traditionen, die Bräuche. Die Feiertage, die Traditionen, die Bräuche in Kasachstan. Die Reise nach Deutschland. Die Hautstadt. Meine Heimatstadt. Das Studium an der Universität. Die Lehrbeschäftigunge. Әлеуметтік, тілдік мәдени, кәсіби мәтіндерді оқу, теңтұпнұсқалы аудиоматериалдарды тыңдау жоспарланған. Сабақтарды интербелсенділігі үшін келесідей құралдар қолданылады: google forms, prezi, kahoot, google quiz, quizlet. Қорытынды емтихан тестілеу түрінде жүргізіледі.
  • Образовательная программа 6B11101 Туризм
  • Несиелер 4
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 2
Top