Құқықтық талдаудың әдіснамасы

  • Пәнде ғылыми қызметтің әдістері мен процедуралары оқытылады. Соның ішінде жалпы ұғымдары, құқықтық талдау жасаудың ерекшелігі мен тәртібі қарастырылады. Құқықтық қызмет аясында қолданылатын белгілі бір әдіс-тәсілдер мен операциялар жүйесі анықталады. Құқықтық білімнің құрылымы мен дамуы, құқықтық талдаудың құралдары мен әдістерін, нәтижелерді негіздеу тәсілдерін, білімнің тәжірибеде жүзеге асуының механизмдері мен нысандарын зерттейді. Заң ғылымы үшін танымның формальды-логикалық және жалпы ғылымилық әдістерінің ерекше маңызы бар. Сондай-ақ жалпы ғылымилық таным деңгейінде жүйелік әдіс, анализ және синтез, индукция мен дедукция, тарихи әдіс, функционалды, герменевтикалық, синергетикалық және тағы басқа дәстүрлі тану әдістері қолданылады. Бұлар философиялық әдіс секілді бүкіл ғылыми танымды қамтымайды, тек олардың жеке сатыларында қолданылады.
  • Образовательная программа 7M04201 Құқықтану (Бейінді)
  • Несиелер 3
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 1
Top