Отбасындағы бала тәрбиесінің педагогикалық аспектілері

  • Отбасы педагогикасының нысаны мен пәні, мәндеттері жайлы теориялық білім береді. Қазақстандық ғалымдардың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлерін басшылыққа алуға үйретеді. Отбасының әлеуметтендіру және тәрбиелеу субъектісі ретінде мәні анықталады. Отбасы тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары терең қарастырылады. Отбасының құқықтық-нормативтік базасы жаңа ракурста қарастырылады. Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері айқындалады. Бала дамуындағы ата-ананың роліне басты акцент жасалады. Отбасының бала тәрбиелеу дәстүрлері,стильдері және бала тәрбиелеу әдістері жеке талданады. Отбасында балаға дене тәрбиесін беру мәселесі,баланы мектепке даярлау мазмұны талданады. Отбасында бала тәрбиелеу құралдары мен ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру және отбасының қызмет ету ерекшеліктері таныстырылады, отбасында баланы тәрбиелеу жолдары үйретіледі.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 1
Top