Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7R01108 Эндокринология ересектердің, балалардың в Астана медицина университеті

Пәндер

  • Ішкі аурулар

    Пән заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып диагностикалауға және ішкі ағзалары аурулары бар науқастарға емдеуді тағайындауға мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 12
  • Сәулелік және радиоизотоптық диагностика

    Пән эндокринологияда қолданылатын визуалды диагностикалық әдістер бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 8
  • Балалар аурулары

    Пән балалардың ішкі ағзаларының ауруларын диагностикалауға және адекватты емдеуді тағайындауға мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 6
  • Стационардағы эндокринология (ересектер)

    Пән эндокриндік жүйенің ауруларын, оның ішінде ұйқы безінің эндокриндік бөлігінің ауруларын, гипоталамус-гипофиздік қалқанша безінің, гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безінің ауруларын, қалқанша маңы бездерінің ауруларын және т.б. эндокриндік ауруларды бақылаудың стационарлық сатысында диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 42
  • Стационардағы эндокринология (балалар)

    Пән балалардың ұйқы безінің эндокриндік бөлігінің ауруларын, гипоталамус-гипофизарлық қалқанша безінің, гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безінің ауруларын, қалқанша маңы бездерінің ауруларын және басқа эндокриндік бұзылыстарды бақылаудың стационарлық кезеңінде диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 20
  • Кальций-фосфор метаболизмі бұзылған науқастарды дифференциалды жүргізу

    Резиденттердің сүйек-буындық және зәр шығару жүйелерінің патологиясы фонындадамыған кальций фосфор алма суының бұзылысы бар науқастарды дифференциалды басқару бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 4
  • Амбулаториялық-емханалық эндокринология (балалар)

    Пән балалардағы эндокриндік жүйенің ауруларын амбулаториялық кезеңде диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік беретін білімді, сонымен қатар практикалық дағдыларды жетілдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 10
  • Репродуктивті эндокринология, бедеулік және жүктілік

    Пән репродуктивті эндокриндік жүйенің ауруларын диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ жүктілік кезеңінде эндокриндік ауруларды диагностикалауға, емдеуге және басқаруға мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 10
  • Эндокриндік онкопатологиясы бар науқастарды дифференциалды жүргізу

    Пән заманауи диагностика, дифференциалды диагностика жасауға, эндокриндік жүйенің қатерлі ісіктерін емдеу тактикасын анықтауға мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 4
  • Жоғары мамандандырылған эндокринологиялық көмек

    Пән эндокриндік жүйенің ауруларын диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес жоғары мамандандырылған эндокринологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды жетілдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 6
  • Эндокринді жүйе және жүктілік

    Пән жүктілікті жоспарлау кезінде, сондай-ақ жүктілік кезеңін басқару барысыда эндокриндік жүйенің ауруларын диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 4
  • Амбулаториялық-емханалық эндокринология (ересектер)

    Пән амбулаторлық сатыда эндокриндік жүйе аурулары бар науқастарды диагностикалауға, емдеуге және басқаруға мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды жетілдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 20
  • Эндокриндік патологиясы бар науқастардағы жүрек-қантамырлары жүйесі ауруларының диагностикасы мен емінің, ауру ағымының ерекшеліктері

    Резиденттердің эндокриндік патология фонында коморбидті жүрек-қантамырлары жүйесінің аурулары дамыған науқастарды диагностикалау, емдеу, жүргізу бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 4
  • Эндокринологиядағы шұғыл жағдайлар

    Пән эндокриндік жүйе ауруларының декомпенсацияланған, асқынған және шұғыл жағдайларында қазіргі заманғы диагностиканы, дифференциалды диагностиканы жүргізуге, басқару жоспарын анықтауға, сонымен қатар шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік беретін білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • ОН-1 Ауру белгілерін, объективті тексеру мәліметтерін, эндокринді без ағзалаларының аурулары бар науқастың зертханалық және функционалдық зерттеулерінің нәтижелерін талдау, клиникалық синдромдарды қалыптастыру;
  • ОН-7 Парапар (адекватты) зерттеу сұрақтарын құрастыру, эндокринді бездердің аурулары бойынша кәсіби әдебиеттерді сыни тұрғыдан бағалау, күнделікті қызметінде халықаралық мәліметтер базасын тиімді пайдалану, зерттеу тобының жұмысына қатысу;
  • ОН-6 «Ересектердің, балалардың эндокринологиясы»мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық саласы аясында әрекет ету, төтенше жағдайларда негізгі көмек көрсету, ұлт денсаулығын нығайту саясатын іске асыру бойынша кәсіптік ұжымдар құрамында жұмыс істеу;
  • ОН-8 «Ересектердің, балалардың эндокринологиясы» мамандығы аясында өз бетінше білім алу және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқыту, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да түрлеріне белсенді қатысу;
  • ОН-2 Жетекші синдромды анықтау, науқастың эндокринді ағзаларының ауруларына ажырату диагнозын қоюз және клиникалық диагнозды тұжырымдау. Емдеуді анықтап, ықтимал нәтижелер мен асқынуларды болжау;
  • ОН-5 Эндокринді без ағзаларының аурулары бар науқастарға стационарлық және амбулаторлық кезеңде медициналық көмек көрсетудегі қауіпсіздік пен сапаның жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалау және ең тиімді әдістерді қолдану;
  • ОН-3 Пациентке курация жүргізу: эндокринді без ағзаларының аурулары бар науқастардағы клиникалық диагнозды тұжырымдау, емдеу жоспарын тағайындау және дәлелді тәжірибе негізінде стационарлық және амбулаториялық кезеңдердегі тиімділігін бағалай алу;
  • ОН-4 Науқас үшін ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін пациентпен, оны қоршаған ортамен, стационарлық және амбулаторлық деңгейде медициналық қызметкерлермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қолдану және тиімді әрекеттену;
Top