Ғылыми-зерттеу негіздері

  • Пән шығыстану cаласындағы зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдерін қарастырады. Ғылыми зерттеу негіздері, нәтижелері, әдіс-тәсілдерінде кеңінен қолданылады. Әртүрлі деңгейдегі бағыттар мен әрекеттер саласында әдістердің біртұтас, күрделі жүйесінің ішінде жекелеген ғылымдар үшін көп салалы, пәнаралық және арнайы әдістер қолданылады. Солардың қатарында тарихи-салыстырмалы, логикалық, салыстырмалы әдіс, диахрондық, синхронды және конструктивті және басқа әдістер бар. Әрбір тарихи-салыстырмалы зерттеулердің алдында, қолданылатын салыстырмалы әдістердің ерекшеліктері мен дерек көздерінің ауқымын анықтайтын нақты танымдық мақсаттар қойылады. Шығыстануда салыстырмалы-тарихи әдіспен қатар салыстырмалы және құрылымдық лингвистика әдістері кеңінен мойындалған. Сондай-ақ, мәтіндерді жинау және талдау әдістері ретінде феноменологиялық әлеуметтану және этнометодологияға негізделген әлеуметтанулық интерпретация және контент-талдау әдісі пайдаланылады.
  • Образовательная программа 6B02209 Шығыстану
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 1
Top