Дауысты қойдырту

  • Пәннің мақсаты – вокалды педагогика мен музыкалық білімнің даму тенденциясына сүйеніп, ән айтудың резонанстық техникасы негізінде білім алушылардың дәстүрлі дауысын қалыптастырудың мәні мен мазмұндық базасын анықтау. Пән мазмұнында адамның физиологиялық құрылымына байланысты вокалды дағдылардың қалыптасу заңдылықтары, дауысты қойдыртуда резонансты техниканы негізгі әдістеме ретінде қолданудың тиімді және тиімсіз жақтары талқыланады. Пән білім алушыларға халықтық жырлар мен әндерді орындауда дәстүрлі аспаптардың сүйемелдеуінде дауысты дұрыс қоя білудің теориялық негіздемесін меңгертуге арналады.
  • Образовательная программа 6B02101 Дәстүрлі музыка өнері
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top